"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 992 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қыркүйекте № 39780 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20818 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 992 бұйрығына
қосымша
  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
қосымша

"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақ аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі және ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Е-лицензиялау" Мемлекеттік базасы" цифрлық жүйесін пайдалану арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де мәлімет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) жазылған.

      4. "Жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні көрсетіліп, мемлекеттік көрсетілген қызмет үшін өтініштің қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні өтінішті тіркейді, сұранымды қалыптастырады және оны келісу үшін көрсетілетін қызметті бірлесіп берушіге қоса берілген құжаттардың цифрлық көшірмесімен бірге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті тіркеу және қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.

      Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол тиісті мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан не одан әрі қараудан бас тартады.

      6. Мемлекеттік қызмет бірлесіп көрсетілетін қызметті берушімен келісу уақыты ескеріліп, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші сұранымды 4 (төрт) жұмыс күні ішінде келіседі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағында көзделген жағдайда сұранымды келісуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші келісу нәтижесі бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру туралы немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсетіп, жауап жібереді. Егер бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол оның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсетіп, жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған цифрлық құжат нысанында жіберіледі.

      9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағында көзделген.

      10. "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректі енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші әділет органында тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде мұндай өзгеріс және (немесе) толықтыру туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Жоғарғы әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұр ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет, оның ішінде цифрлық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық нысанда портал арқылы ала алады.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.elicense.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефоны және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат ала алады.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
____________________________
(мемлекеттік органның толық
атауы) (өтініш берушінің толық
атауы)
Мекенжайы
____________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үй №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері
____________________________
(БСН, ЖСН)

      Өтініш нөмірі: ____________________

Өтініш

      Сізден тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) және/немесе ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруіңізді сұраймын.

Р.с №

Атауы (аймақтардың белгіленуі: аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілгендей UAP- …, UAR-…...)

Әуе кемесінің типі, әуе кемесiнiң тану индексi (әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiсi, ПАЖ тіркеу сертификаты,)

ӘК-нің ұшуға жарамдылық сертификаты

Пайдаланушының сертификаты, сыртқы пилот сертификаты, ПАЖ қолдана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға берілген рұқсаттар

Ұшуды орындау кезеңі (ұшуды жүргізудің басталу күнін көрсетіп, бірақ рұқсат алынған сәттен бастап тоқсан тәуліктен аспауға тиіс)

Ұшу мақсаты, ұшудың егжей-тегжейлі бағыты (ұшып көтерілу және қону нүктелері), ұшу биіктігі, жоспарланған ұшу күні және ПАЖ ұшу уақыт кезеңі)








      Жеке тұлға үшін: ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болғанда) (қолы)

      Заңды тұлға үшін: _______________________________________________

      (ұйым атауы) (лауазымы) (қолы)

      Ескертпе: өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі ескеріліп, ұшу қызметін орындау басталғанға дейін 7 жұмыс күні бұрын беріледі.

  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру

2.

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі және ұлттық қауіпсіздік органдары

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.elicense.kz
(бұдан әрі – портал)

5.

Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

6.

Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара) цифрландырылған

7.

Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

8.

Мемлекеттік қызметі және және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қорғаныс министрі бекітетін қызмет уақыты регламентіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.elicense.kz. интернет-ресурсында орналастырылған

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған цифрлық құжат нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттарды (әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі), (ұшуға жарамдылық сертификатын, пайдаланушы сертификатын, ПАЖ тіркеу сертификатын, сыртқы пилот сертификатын, ПАЖ қолданып, авиациялық жұмысты орындауға берілген рұқсатты, ұшудың егжей-тегжейлі маршрутын (ұшып көтерілу және қону нүктелері), ұшу биіктігін, жоспарланған ұшу күнін және ПАЖ ұшу уақытының кезеңін) қоса тіркейді.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімінің өтуі бойынша анықталған кемшіліктерді жоймау;
3) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісу туралы сұранымға берген теріс жаубын;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекеленген қызмет түріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылды;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

12.

Мемлекеттік, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.elicense.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефоны, порталдың "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық нысанда портал арқылы ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен белгісі туралы ақпарат ала алады.

  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Нөмір: ______________ Берілген күні: ________________
Кімге: ____________________________
____________________________

Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге рұқсат

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің _____ _________ жылғы № ____________ өтініміңізді қарап, мынадай шартқа сәйкес тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге рұқсат етеді.

      Олардың үстінен ұшып өтуге рұқсат берілген тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) және олардың үстінен ұшу күндері:

Р/с
№

Ұшу кезеңі
(Ұшуды бастау және аяқтау күнін көрсетумен)

Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың (аймақтардың) белгіленуі




      ____________ дейін жарамды
Лауазымы ____________ Т.А.Ә. (болғанда) ____________

  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Кімге: көрсетілетін қызметті
алушыға

      __________________ № ________

Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруден бас тарту

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің ______ жылғы _____________

      № ____________ өтініміңізді қарап, мынаны хабарлайды.

      "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабын басшылыққа алып, тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беруден бас тартады.

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 250 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности"

Приказ и.о. Министра обороны Республики Казахстан от 31 августа 2026 года № 992. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 сентября 2026 года № 39780

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 250 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20818) следующее изменение:

      Правила оказания государственной услуги "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности", утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению, к настоящему приказу.

      2. Управлению главнокомандующего Силами воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны ‒ главнокомандующего Силами воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра обороны
Республики Казахстан
Д. Косанов

      "СОГЛАСОВАН"
Служба государственной охраны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра обороны
Республики Казахстан
от 31 августа 2026 года № 992
  Приложение
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача специального
разрешения на пролет
над территорией запретных зон
и зон ограничения полетов
после согласования со Службой
государственной охраны
Республики Казахстан
и с органами национальной
безопасности"

Правила оказания государственной услуги "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила государственной услуги "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" и определяют порядок выдачи специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов в воздушном пространстве Республики Казахстан.

      2. Государственная услуга "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности" (далее – государственная услуга) оказывается Министерством обороны Республики Казахстан (далее – услугодатель), Службой государственной охраны Республики Казахстан и органами национальной безопасности (далее – соуслугодатели) физическим и юридическим лицам (далее – услугополучателям) посредством использования цифровой системы "Государственная база "Е-лицензирование".

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      3. Для получения государственной услуги услугополучатели подают заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – заявление) через веб-портал "цифрового правительства" www.elicense.kz (далее – портал), удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя.

      Требования к оказанию государственной услуги и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в форме перечня основных требований согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – Перечень).

      4. В "личном кабинете" отображается статус о принятии заявления на оказание государственной услуги с указанием даты получения результата государственной услуги.

      Услугодатель в день поступления документов регистрирует заявление, формирует запрос и направляет его с приложенными цифровыми копиями документов соуслугодателям для согласования.

      При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, регистрация заявлений и выдача результатов оказания услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      5. В случае обнаружения ошибок или неточностей в заявлении и (или) документах, представленных услугополучателем, их несоответствия требованиям по форме и содержанию, либо представления неполного пакета документов согласно пункту 10 Перечня, услугодатель принимает заявление посредством цифрового листа ожидания.

      В случае устранения выявленных недостатков днем приема заявления и (или) документов считается день первоночального обращения услугополучателя.

      При этом услугополучателю устанавливается срок 3 (три) рабочих дня для устранения выявленных недостатков, который не включается в общий срок оказания соответствующей государственной услуги.

      Течение срока оказания государственной услуги возобновляется со дня устранения услугополучателем выявленных недостатков.

      В случае неустранения выявленных недостатков в установленный срок, услугодатель отказывает в оказании государственной услуги.

      6. Государственная услуга с учетом времени на согласование с соуслугодателями оказывается в течение 7 (семи) рабочих дней.

      7. Соуслугодатели согласовывают запрос в течении 4 (четырех) рабочих дней или отказывают в согласовании запроса в случаях, предусмотренных пунктом 11 Приложения 2 к настоящим Правилам.

      По результатам согласования услугодатель в течении 3 (трех) рабочих дней принимает решение о выдачи специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов согласно приложению 3 к настоящим Правилам, или отказ в выдаче специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      При наличии основании для отказа в оказании государственной услуги услугодатель направляет услугополучателю ответ с указанием причин отказа. В случае, если решение об отказе принято соуслугодателем, соуслугодатель уведомляет об этом услугодателя, который на основании его решения направляет услугополучателю ответ с указанием причин отказа.

      При отказе в оказании государственной услуги заслушивание с услугополучателем не проводится.

      8. Результат оказания государственной услуги направляется в "личный кабинет" услугополучателя в форме цифрового документа, удостоверенного электронно-цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

      9. Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан, предусмотрены пунктом 11 приложения 2 к настоящим Правилам.

      10. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" услугодатель обеспечивает внесение данных в цифровую систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере цифровизации.

      При внесении изменений и (или) дополнений в Правила услугодатель направляет оператору "цифрового правительства", в Единый контакт-центр информацию о таких изменениях и (или) дополнениях в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации в органах юстиции соответствующего нормативного правового акта.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

      11. Жалоба на решения, действия (бездействие) услугодателя и (или) их работников по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес непосредственно оказывающего государственную услугу услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона "О государственных и социально ответственных услугах" подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      Информацию о порядке обжалования можно получить по телефону единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.

      Рассмотрение жалобы в досудебном порядке по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю, чье решение, действие (бездействие) обжалуется.

      Услугодатель, чье решение, действие (бездействие) обжалуется, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляет ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, чье решение, действие (бездействие) обжалуется, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Если иное не предусмотрено законом, то обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в цифровой форме

      12. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в цифровой форме через портал при условии наличия ЭЦП.

      13. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан: www.elicense.kz.

      14. Услугополучатель имеет возможность получения информации о статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа по телефонам услугодателя, указанным на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан www.elicense.kz и Единого контакт-центра 1414,8800080 7777.

      15. Информацию о порядке оказания государственной услуги можно получить по телефону Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача специального
разрешения на пролет
над территорией запретных зон
и зон ограничения полетов
после согласования со Службой
государственной охраны
Республики Казахстан
и с органами национальной
безопасности"
  Форма
  В Министерство обороны
Республики Казахстан
___________________________
(полное наименование
государственного органа)
От ________________________
(полное наименование
заявителя)
Адрес _____________________
(индекс, город, район, область,
улица, № дома, телефон)
Реквизиты заявителя
___________________________
(БИН, ИИН)

      Номер заявления: _______________

ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу Вас выдать специальное разрешение на пролет над территорией запретной зоны (запретных зон) и/или зоны (зон) ограничения полетов.

№

п.п

Наименование (обозначение зон: UAP- ..., UAR-..., как указано в документах аэронавигационной информации)

Тип воздушного судна, опознавательный индекс воздушного судна (государственный и регистрационный опознавательный знак воздушного судна)

Сертификат летной годности ВС и сертификат внешнего пилота, разрешения на выполнение авиационных работ с применением БАС

Сертификат эксплуатанта и регистрации БАС

Период выполнения полетов (с указанием даты начала проведения полетов, но не более девяносто суток с момента получения разрешения)

Цель полета (точки взлета и посадки), высоту полета, планируемую дату полета и период полетного времени БАС.)








      Для физического лица:
__________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)
Для юридического лица: ____________________________________________
__________________________________________________________________
(наименование организации) (должность) (подпись)
Примечание: заявление подается за 7 рабочих дней до начала выполнения
деятельности полетов с учетом срока предоставления государственной услуги

  Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача специального
разрешения на пролет
над территорией запретных зон
и зон ограничения полетов
после согласования со Службой
государственной охраны
Республики Казахстан
и с органами национальной
безопасности"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности"

1.

Наименование государственной услуги

Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности

2.

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

Отсутствует.

3.

Наименование услугодателя, соуслугодателя

Министерство обороны Республики Казахстан
Служба государственной охраны Республики Казахстан и органы национальной безопасности

4.

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Веб-портал "цифрового правительства": www.elicense.kz (далее – портал)

5.

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

7 (семь) рабочих дней

6.

Форму оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Электронная (частично цифровизированная)

7.

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги

8.

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

9.

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

Услугодатель – с понедельника по пятницу с 9.00 до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 15.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и регламенту служебного времени, утверждаемым Министром обороны.
Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги: с понедельника по пятницу с 9.00 до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 15.00 часов.
Портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем). Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан: www.elicense.kz.

10.

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Заявление в форме цифрового документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя. Сведения о документах, удостоверяющих личность, о регистрации (перерегистрации) юридического лица, регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя услугодатель получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства". Услугополучатель прикрепляет сертификаты о (государственных и регистрационных опознавательных знаков воздушного судна), (сертификат летной годности, сертификат эксплуатанта сертификат регистрации БАС, сертификат внешнего пилота, разрешения на выполнение авиационных работ с применением БАС, подробный маршрут полета (точки взлета и посадки), высоту полета, планируемую дату полета и период полетного времени БАС.).

11.

Основания для отказа в оказании государственной услуги, и ее подвидов (при наличии), установленные законами Республики Казахстан

1) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
2) неустранение выявленных недостатков по истечении срока приостановления оказания государственной услуги;
3) отрицательный ответ от соуслугодателя на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
5) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
6) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

12.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в цифровой форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеет возможность получения информации о статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа по телефонам услугодателя, указанным на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан www.elicense.kz. посредством "личного кабинета" портала и Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в цифровой форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра 1414, 88000807777.

  Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача специального
разрешения на пролет
над территорией запретных зон
и зон ограничения полетов
после согласования со Службой
государственной охраны
Республики Казахстан
и с органами национальной
безопасности"
  Форма

Номер: _______________________

Дата выдачи: ______________________


Кому: ____________________________
__________________________________
_________________________________

Разрешение на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов

      Министерство обороны Республики Казахстан, рассмотрев Вашу заявку
от ___ ______ ______ года № ____________, разрешает пролет над территорией
запретных зон и зон ограничения полетов согласно следующих условий.
Запретная зона (запретные зоны) и/или зона (зоны) ограничения полетов, на пролет
над которыми выдано разрешение и даты выполнения полетов над ними:

№
п/п

Период проведения полетов
(с указанием даты начала и окончания полетов)

Обозначение запретной зоны (запретных зон)
и/или зоны (зон) ограничения полетов




      Действительно до: ____________________
Должность Ф.И.О. (при его наличии)

  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача специального
разрешения на пролет
над территорией запретных зон
и зон ограничения полетов
после согласования со Службой
государственной охраны
Республики Казахстан
и с органами национальной
безопасности"
  Форма
  Кому: услугополучателю

      ______________ № _____

Отказ в выдаче специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов

      Министерство обороны Республики Казахстан, рассмотрев Вашу заявку
от _______________ года № ____________, сообщает следующее.
Руководствуясь статьей 19-1 Закона РК "О государственных и социально
ответственных услугах", отказывает в выдаче специального разрешения
на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов.