БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37146 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "e-Тамға" сервисі – оператордың тіркеуші цифрлық жүйесінде іске асырылған, ол арқылы автоматтандырылған бақылау жүргізілетін, оператордың арнайы цифрлық сервис түріндегі цифрлық жүйесі";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық хабардар ету хабарлама орындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қысқа мәтіндік хабарлама түрінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасына және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына жіберіледі.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық хабарлар алу үшін пайдаланатын цифрлық сервистерді, оның ішінде мобильді телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштаның мекенжайын көрсетеді;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ЭШФ-ға тіркеу нөмірін беру кезінде салық шотының деректері ескеріледі.
ЭШФ, ТІЖ, тауарларға арналған декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды және төлемдерді төлеу туралы өтініштер туралы ақпарат "e-Тамға" сервисіне мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйелерінен (бұдан әрі – МКО ЦЖ) деректерді берудің стандартты хаттамаларын пайдалана отырып, интеграциялық сервистер арқылы синхронды режимде беріледі.";
11-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалыптастырылған ҚҚС балансы МКО ЦЖ-да және салық шотында көрсетіледі және ҚҚС балансының өзгеруіне қарай автоматтандырылған режимде түзетіледі.
Қолданылатын есепке алу жүйесінде ЭШФ-ны қалыптастыру кезінде ҚҚС төлеуші "е-Тамға" сервисімен цифрлық өзара іс-қимылы болған кезде есепке алу жүйесі арқылы ҚҚС-тың ағымдағы балансын сұратады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Есеп айырысу нәтижесі бойынша "e-Тамға" сервисі есеп айырысу сомасын көрсете отырып, ақпараттық хабар жолдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық хабар:
1) ҚҚС төлеуші "e-Тамға" сервисінде тіркелу кезінде көрсеткен барлық цифрлық сервистерге;
2) сатып алушы салық шотын өз ақшасымен толтырған жағдайда сатып алушыға "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы және (немесе) МКО ЦЖ арқылы жіберіледі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Оператор "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, сондай-ақ "Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның орыс тілдегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тілдегі мәтініне өзгерістер енгізілмейді.
2. "Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 125-бабы 12-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидаларында:
1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 125-бабы 12-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосылған құн салығының асып кету сомасын (бұдан әрі – ҚҚС) қайтару тәртібін айқындайды.";
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызметті салық төлеушінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) облыстар, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы аумақтық органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) келу тәртібімен немесе "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) цифрлық жүйелері (бұдан әрі – ЦЖ) арқылы көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілер Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ЦЖ үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын ЦЖ іркіліс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті тұлғаларды хабардар етеді.";
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал және (немесе) МКО-ның ЦЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге талапты ұсынады. Бұл ретте талап ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға арналған салықтық өтініштің және көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық жүйесінде қалыптастырылған есеп айырысу сальдосы бойынша есептің негізінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша МКО Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес төлем тапсырмасын жасайды.";
32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Оңайлатылған тәртіп бойынша ҚҚС-тың асып кетуін қайтаруға жататын сомасы осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген күнге цифрлық жүйелердің деректері негізінде автоматтандырылған есептеуді негізге ала отырып, мынадай тәртіппен айқындалады:
1) S1 = P * (T1/T2), мұнда:
S1 = қайтарылатын ҚҚС сомасы;
P = оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңдері үшін декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы;
T1 = оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кетуін қайтаруды ескере отырып, алдыңғы тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасы;
T2 = алдыңғы тақырыптық салықтық тексеру жүргізілген талап берілген салық кезеңі үшін алдыңғы тақырыптық салықтық тексерумен белгіленген ҚҚС асып кету сомасы.
2) S2 = P-R-N, мұнда:
S2 = қайтарылатын ҚҚС сомасы;
P = оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңдері үшін декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы;
R = тікелей өнім берушілермен өзара есеп айырысу бойынша есепке жатқызылған ҚҚС жалпы сомасы:
олар бойынша электрондық шот-фактураны жазып беру тоқтатылған;
адамдарға қатысты, оның ішінде лауазымды адамдарға (қатысушыларға, меншік иелеріне) қатысты Қылмыстық кодексінің 216 және 245-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған;
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде оларды тіркеу (қайта тіркеу) жарамсыз деп танылған;
олар бойынша орындау мерзімі талапты қарау күніне аяқталмаған салыстырмалы бақылау қорытындылары бойынша хабарлама жіберілген;
ҚҚС бойынша салық есептілігінде сату бойынша айналым көрсетілмеген.";
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 28, 29 немесе 33-тармақтарында көрсетілген хабарламалардың бірін алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша электрондық түрде портал және (немесе) МҚК ЦЖ арқылы қосылған құн салығын қайтару тәртібін қолдану шарттарына сәйкес келмеуі туралы хабарламадан бас тарту/келісу туралы хатты (жауапты) ұсынады.";
39-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына және (немесе) ЕАЭО-ның кедендік аумағынан экспортты (шекарадан өту фактісін) айқындау үшін тексерілетін кезеңде МКО ЦЖ-дан алынған деректерге талдау жүргізіледі.";
40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарды әкету фактісі расталмаған жағдайда, тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтарылуға жатпайтын ҚҚС асып кету сомасын есептеу мынадай түрде жүргізіледі:

S = тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтарылғаны расталмаған ҚҚС сомасы;
D1 = тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің деректері бойынша экспортталған тауардың көлемі;
D2 = МҚҚ ЦЖ және (немесе) тауарларға жіберілген сұрауларға және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерге жауаптар деректері бойынша экспортталған тауардың көлемі;
NО = алдыңғы тексерулердің деректерін ескере отырып, салық кезеңінің басындағы тауарлардың қалдықтары бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы;
Np = салық кезеңінде сатып алынған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы;
To = алдыңғы тексерулердің деректерін ескере отырып, салық кезеңінің басындағы тауардың көлемі;
Tp = салық кезеңінде сатып алынған тауардың көлемі, мұнда салық кезеңі салықтық тексеруді жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген салық кезеңі болып табылады.";
42-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) МКО ЦЖ мәліметтері бойынша тікелей жеткізушілерде ҚҚС бойынша берешектің болуы белгіленеді.";
43-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Электрондық шот-фактураларды, ҚҚС бойынша салықтық есептілікті және (немесе) МКО-ның цифрлық объектілерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде МКО жүзеге асыратын электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырмалы бақылау нәтижелері "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебі болып табылады.";
44-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастыру мақсатында ҚҚС бойынша салықтық есептілік және (немесе) ҚҚС-тың асып кетуін қайтаруға талап берілген салық кезеңінің 2 (екінші) айының 20-шы (жиырмасыншы) күніне деректердің өзектілігімен салық кезеңі үшін цифрлық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады.";
48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Камералдық бақылау жүргізу кезінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша ҚҚС сомасын салық кезеңі үшін тікелей жеткізушіде ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер мен салық төлеушінің жекелеген санаттары жазып берген шот-фактуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеткізушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесіндегі мәліметтер арасындағы салыстыру арқылы төмендету түріндегі алшақтықтар анықталады.
49. Камералдық бақылауды жүргізу мақсаттары үшін ҚҚС бойынша табыс етілген салық есептілігі және (немесе) ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету мерзімі өткен күннен кейінгі күнге деректердің өзектілігімен салық кезеңі үшін МКО ЦЖ-лердің мәліметтері пайдаланылады.
Камералдық бақылау барлық тексерілетін кезеңде, салық кезеңдері бөлігінде жүргізіледі.
Деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, тікелей өнім берушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған кезде, МКО талап берілген тоқсанның үшінші айының 10-ші (он) күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 137-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша:
сол бұзушылықтар бойынша бұрын жіберілген хабарлама болған;
тексерілетін кезең үшін барлық жазып берілген шот-фактуралар бойынша ҚҚС-тың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және камералдық бақылауға талдау жүргізу күніне қолданыста болған АЕК 300 (ұш жұз)-еселенген мөлшерінен аспаған;
олар бойынша өнім берушінің салық есептілігі мәліметтерінің және электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінің мәліметтері арасында өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша алшақтықтар 100 (жүз) мың теңгеден кем болған кезде анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жіберілмейді.
Хабарламалар тікелей жеткізушілерге жіберілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сұрауы бойынша жіберілген хабарламалардың тізілімі ұсынылады.";
60-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте жауапта АЭА аумағына әкелінген тауарлардың құны бойынша мәліметтер, МКО ЦЖ-де бар мәліметтер және АЭА қатысушысы ұсынған деректер негізінде АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметтегі іс жүзіндегі тұтыну көрсетіледі.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. МКО ЦЖ-да тауарларды іс жүзінде әкету туралы ЕАЭО-ға мүше мемлекеті кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 468-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның орыс тілдегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тілдегі мәтініне өзгерістер енгізілмейді.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығына 1-қосымша |
|
| Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару қағидаларына 1-қосымша |
"Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, еркін экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы аумақтық органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, АЭА аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "цифрлық үкімет" өзі келу тәртібімен немесе веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) цифрландыру объектісі – цифрлық жүйелері (бұдан әрі – ЦЖ) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару келесі мерзімдерде жүргізіледі: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште – өзі келу тәртібімен |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтару кезінде: |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі |
7 | Ақпарат нысандары және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заңы) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30-ден 18.00-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушылардан талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге салықтық кезең үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап ҚҚС асып кетуін қайтару үшін белгіленген нысанда ұсынылады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме, егер: |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы: |
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығына 2-қосымша Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкес келмеу туралы хабарлама
Күні________________ №__________________
_________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_____________________________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті (Басқармасы)
_________________________________________________________________________
(ҚҚС төлеушінің атауы)
ЖСН\БСН ________________________________:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 127-бабы 2-тармағында көзделген:
(керегінің астын сызыңыз)
Салық кодексінің 127-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуіне | |||||||||
Салық кодексінің 127-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуіне | |||||||||
| |||||||||
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған қайтару туралы талап берілген күннің алдындағы он екі ай ішінде ҚҚС-тың асып кету сомасының болмауына | |||||||||
ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтару қағидаларының 28-тармағында көзделген фактілердің болуына | |||||||||
байланысты ҚҚС-тың асып кету сомасын оңайлатылған қайтаруды қолдануға құқығының болмауы туралы хабарлайды.
Сонымен бірге ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолдануға құқылы екеніңізді хабарлайды.
Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не оған келісуіңіз туралы қабылдаған шешімді мемлекеттік кірістер органына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап жіберуге тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы/цифлық жүйесі ________________
Мемлекеттік кірістер органы________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығына 3-қосымша Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару қағидаларына 3-қосымша нысан |
Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарлама
Күні____________ №______________
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
___________________________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті (Басқармасы)
______________________________________________________________________
(ҚҚС төлеушінің атауы)
ЖСН\БСН __________________________________________________________:
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС-тың асып кету сомасы туралы хабардар етеді:
Қатар бойынша | Талап ету сомасы | Талап ету кезеңі | Оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС сомасы |
300.00.032 I |
Осыған байланысты Сіз уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге өтінішті ұсынуыңыз қажет.
Сонымен қатар ҚҚС-тың асып кетуін қайтару қағидаларына сәйкес Сіз Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 126-бабында көзделген______________ теңге сомасында ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолдануға құқылы екеніңізді хабарлаймыз.
Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не оған келісуіңіз туралы қабылдаған шешімді мемлекеттік кірістер органына 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіссіз.
Жауаптың болмауы Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы/цифрлық жүйесі __________________
Мемлекеттік кірістер органы ______________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығына 4-қосымша Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару қағидаларына 4-қосымша нысан |
Хат (жауап) қолдану шарттарына сәйкес келмеу туралы хабарламадан бас тарту / келісім туралы
_________________________________________________________________________
(ҚҚС төлеушісінің атауы)
ЖСН/БСН _______________________________________________________________
Сіздің хабарламаңызға:
ҚҚС-тың асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тарту туралы
![]()
![]()
оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған ҚҚС-тың асып кеткен сомасы туралы
![]()
![]()
ХАБАРЛАЙДЫ:
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 126-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолдануға келісу туралы;
2) Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолданудан бас тарту туралы
Мемлекеттік кірістер органы ______________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Хабарламаның қабылданған күні
![]()
Құжаттың кіріс нөмірі
![]()
Мемлекеттік кірістер органы коды
![]()
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығына 5-қосымша Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару қағидаларына 5-қосымша нысан |


| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығына 6-қосымша Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару қағидаларына 6-қосымша нысан |
_______________________________________________________________________
Мемлекеттік органның атауы
Бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының анықтығын растау бойынша 20_ жылғы"___"_________ № ____ салықтық тексеру актісіне 20_ жылғы"___"_________№ ____қорытынды
Салық төлеушінің атауы | |
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) | |
Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі | |
Қайтару туралы талапты көрсете отырып ҚҚС бойынша декларацияны табыс етілген күн | |
ҚҚС-тың асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып ҚҚС декларациясы татыс етілген салықтық кезең | 20___ жылғы ___тоқсан |
ҚҚС бойынша декларациясында көрсетілген талап бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы | |
ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезең | |
Салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға расталған ҚҚС-тың асып кету сомасы | |
оның ішінде: | |
1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 129-бабына сәйкес ҚҚС-тың асып кету сомасының 1/20 үлесінің негізінде қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасы | |
Салық кодексінің 129-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасының 1/20 үлесіне тиесілі салықтық кезең | 20___ж. ___ тоқсан |
2. Салық кодексінің 473-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты сұрау салуға алынған жауап бойынша қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасы |
20__жылғы "____"_______________қорытындыны жасаған күнге ҚҚС-тың асып кету сомасы _______________теңгені құрайды.
№1-кесте (теңге)
Салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға расталған ҚҚС сомасы | Алдыңғы қорытындылар негізінде қайтарылған ҚҚС-тың асып кету сомасы | Тиісті салықтық кезеңде қайтаруға жататын 1/20 үлесіне тең ҚҚС асып кету сомасы | Қайтарылмаған ҚҚС-тың асып кету сомасының қалдығы | ||||
Салықтық кезең | ҚҚС сомасы | Салықтық кезең | ҚҚС сомасы | Салықтық кезең | ҚҚС сомасы | Салықтық кезең | ҚҚС сомасы (2- бағ.–4-бағ.–6-бағ.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
20__ жылғы "__"____ бастап |
20__ жылғы "__"____ бастап | 20___ жылғы __ тоқсан |
20__ жылғы "__"____ бастап | ||||
№2-кесте (теңге)
р/с № | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық қызметінің қайта өңделген өнімдерді сатып алушыға қатысты тексеру жүргізуге сұрау салу | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің коды | Сатып алушы-ның атауы | Тексеру жүргізу туралы сұрау салуға жауап | Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымның мақсаты үшін пайдаланған қайта өңделген өнімдер бойынша ҚҚС сомасы | ||
нөмірі | күні | № | күні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Жиыны | |||||||
Бюджеттен қайтаруға жататын ҚҚС сомасы__________________ теңгені құрайды.
_________________________________________________________________________
(жауапты бөлім (басқарма) қызметкерінің тегі, аты, жөні (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы
Бауапты басқарма (бөлім) басшысы___________________________________________
(тегі, аты, жөні (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (қолы)
Салық төлеушіге табыс етілді________________________20_жылғы "__"___________
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),
лауазымы және қолы)
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
