БҰЙЫРАМЫН:
1. "Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелері арасында алдын ала ақпаратты ұсыну кезіндегі өзара іс-қимыл қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
М. Такиев |
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 585 бұйрығына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығымен бекітілген |
Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 31-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – ЦЖ) және тасымалдаушылардың ЦЖ-ларының алдын ала ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органының ЦЖ-мен және тасымалдаушылардың ЦЖ-сымен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде (бұдан әрі – Цифрлық кодекс) белгіленген талаптарға сәйкес интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Тасымалдаушылар өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланатын цифрлық жүйе (ЦЖ) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, сондай-ақ ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16506 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2-тарау. Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. Тасымалдаушы өзі пайдаланатын ЦЖ арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпаратты қалыптастырады және оны мемлекеттік кірістер органы ЦЖ-сына жібереді.
4. Тасымалдаушының ЦЖ-дан мемлекеттік кірістер органының ЦЖ-ға алдын ала ақпараты келіп түскен кезде Кодекстің 31-бабының 16-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізіледі.
5. Ұсынылған алдын ала ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, ол алдын ала ақпаратқа тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеледі және Тасымалдаушының ЦЖ-сына жіберіледі.
6. Ұсынылған алдын ала ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оның тіркелуінен бас тарту туралы себептері көрсетілген электрондық хабарлама Тасымалдаушының ЦЖ-сына жіберіледі.
7. Мемлекеттік кірістер органының ЦЖ-сі мен тасымалдаушылардың ЦЖ-сінің өзара іс-қимылы көлік түріне, деректерді беру тәсілдеріне, сондай-ақ оны пайдалану мақсаттарына байланысты ЦЖ-нің өзара іс-қимыл технологиясына негізделеді.
