"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-2-бабының 10-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 25 тамыздағы № 420 бұйрығымен бекітілген |
Жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-2-бабының 10-45) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беру және бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнаулы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы тұрғынжайлар;
2) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған және бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары.
3. Жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді және бөлуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2-тарау. Жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу тәртібі
4. Жергілікті атқарушы органдар комиссия шешімінің негізінде бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында "Қазақстан Республикасының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтар" санатында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтар үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынған және (немесе) салынған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды береді және бөледі.
5. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органның қарауына мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) некені қию (бұзу), балалардың тууы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелері;
4) егер сот мұндай фактіні анықтаса және өзге құжаттармен расталмаса, тұлғаны өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану туралы сот шешім.
6. Жергілікті атқарушы орган цифрлық жүйелер арқылы:
1) өтініш берушіге және онымен бірге тұратын барлық отбасы мүшелеріне тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы туралы мәліметтерді;
2) өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығына тиесілі тұрғынжайының бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді алады.
Өтініш берген кезінде жергілікті атқарушы органдарға цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
7. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар пакетін олар берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде комиссияның қарауына шығарады.
8. Комиссия жергілікті атқарушы органның кемінде бес адамынан, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен (бар болған жағдайда) тақ саннан құралады.
9. Комиссияны жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары басқарады.
10. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығына ие емес.
11. Комиссияның хатшысы комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді.
12. Комиссияның шешімдері дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
13. Комиссия осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді қарау қорытындылары бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешім;
2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
14. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және екі данада жасалады, оның біреуі жергілікті атқарушы органда сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.
15. Заңның 69-бабы 1-тармағының 1), 4) тармақшаларына және екінші бөлігіне сәйкес азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартылады.
16. Заңның 69-бабының 4-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған кезде, өтініш беруші меншік құқығындағы авариялық тұрғын үйді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде коммуналдық меншікке береді.
17. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған жалғыз тұрғын үйде тұратын өтініш берушіге тұрғын үй беру нормасын есептеу кезінде оның меншігіндегі тұрғын үй алаңының мөлшері ескерілмейді.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжай алаңының мөлшерін есептеу Заңның 75-бабының 1-тармағында айқындалған нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
18. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай Заңның 80-бабына сәйкес тұрғынжайды жалдау шарты негізінде беріледі.
19. Тұрғын үйді жалдау шартын жасасқаннан кейін жергілікті атқарушы органдар Заңның 73-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару үшін тұрғын үй алған азаматтардың деректерін екі жұмыс күні ішінде ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне береді.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы өтініш
Сізден ________________________________________________
(жылжымайтын мүліктің мекенжайы көрсетіледі)
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан, апатты деп танылған жалғыз тұрғын үйімнің
орнына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруіңізді сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ___________________________________ "___" ___________ 20 ___ г.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші _______________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)
(күні, айы, жылы, қолы)
Меншік құқығындағы авариялық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беру туралы өтініш
Сізден апатты деп танылған ____________________________________
(жылжымайтын мүліктің мекенжайы көрсетіледі)
_____________________________________________________________
____________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан тұрғын үйімді коммуналдық тұрғын үй қорына қабылдауыңызды
сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
1. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжат;
2. жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;
3. жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы мәлімет;
4. _____________________________________________________________
5. _____________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге,
сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
_____________________________________________ "___" ___________ 20 ___ г.
Өтініш беруші _______________Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)
(күні, айы, жылы, қолы)
