БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 "Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;";
3), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аулануға иесінің және (немесе) жауапты тұлғаның сүйемелдеуінсіз қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, иесіз қалған ғимараттарда, елді мекендердің шетінде, саяжай алқаптарында және өзге де орындарда жүрген қараусыз қалған жануарлар, сондай-ақ иесіз жануарлар жатады.";
мынадай мазмұндағы 12-1 және 13-1-тармақтармен толықтырылсын:
"12-1. Шұғыл ден қою шараларын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.
13-1. Ауланған жануар уақытша ұстау пунктіне немесе жануарларға арналған панажайға жеткізілген кезде үй жануарларын есепке алу бұйымдарының (құралдары) болуы, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу дерекқорында жануардың иесі және (немесе) жауапты адам туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.";
мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2-тармақтармен толықтырылсын:
"25-1. Иесіз жануарлардың санын реттеу кезінде мысықтарды қоспағанда, иесіз жануарларды жансыздандыруға астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жол беріледі.
25-2. Жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен иесіз жануарларды, мысықтарды қоспағанда, егер мұндай жануарлар ауру болса, негізсіз агрессия танытса, орналастырылмаса және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткеннен кейін оларды иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар талап етпесе, жансыздандыруға жол беріледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз жануарлардың санын уларды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
