"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 220-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 тамызда № 39606 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе қағаз тасымалдағышта "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін үміткердің заңды өкілдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнамасы бар өтінішті тапсырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнамасы бар өтінішті ұсынады.

      5. Өтініш Портал арқылы Бірыңғай цифрлық білім беру ортасына (бұдан әрі – БЦББО) келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;

      2) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және олар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рұқсаттаманы жібереді. Тестілеу күндері үміткерлердің рұқсаттамасы өздерімен бірге болуы керек;

      3) құжаттар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Портал арқылы келіп түскен өтініштердің барлығы БЦББО-да өңделеді.

      6. Құжаттар топтамасы қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;

      2) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және олар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рұқсаттаманы береді. Тестілеу күндері үміткерлердің рұқсаттамасы өздерімен бірге болуы керек;

      3) құжаттар осы Қағиданың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Құжаттарды қағаз тасымалдағышта қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде БЦББО-да үміткерлердің деректер базасын қалыптастырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы №452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуға келісім берген жағдайда хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "eGov Mobile" цифрлық үкіметінің мобильді қосымшасының "Bilim" сервисі арқылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу қажеттілігі туралы.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтінішті Портал арқылы тапсырса, "eGov Mobile" цифрлық үкіметінің мобильді қосымшасының "Bilim" сервисі арқылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 220-НҚ бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру гранты шеңберінде
"Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымына конкурсқа қатысу
үшін құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

жоқ

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) "цифрлық үкімет" веб-порталы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясы.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – үміткерге конкурсқа қатысу үшін рұқсаттама беру не Негізгі талаптар тізбесінің 9 -тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне үміткердің конкурсқа қатысуы үшін рұқсаттама не Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауабы жіберіледі.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:30-дан 13:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақытындағы сағат 18:00-ден кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мен орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында;
2) Порталда жарияланады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз тасымалдағышта):
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім және келісім;
2) үміткердің туу туралы куәлігі/жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;
3) үміткердің заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты.
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің талабына сәйкес үміткердің заңды өкілдері үміткердің азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс;
4) үміткердің ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелінің көшірмесі. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс.
5) құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;
6) үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
фотосуретті алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түсіру;
көздері ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
бет әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 70-85%-ын құруы;
жан-жағы 3х4 қатынасындағы өлшемі 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түрінде;
фотосурет өлшемі кемінде 450x600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Рұқсат етілмейді:
бас киім мен көзілдірік киіп түсуге;
компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған фотоларды пайдалануға;
7) сенімхат (үміткердің заңды өкілінің атынан үшінші тұлға өтініш берген жағдайда).
Порталға:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы келісім;
2) құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;
3) үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
фотосуретті алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түсіру;
көздері ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
бет әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 70-85%-ын құруы;
жан жағы 3х4 қатынасындағы өлшемі 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түрінде;
фотосурет өлшемі кемінде 450x600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Рұқсат етілмейді:
бас киім мен көзілдірік киіп түсуге;
компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған фотоларды пайдалануға.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты Порталдағы "жеке кабинеттен", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінен, www.nis.edu.kz ресми сайтынан, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталықтары арқылы алуға болады.
Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" мәлімет сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.
Құжаттар топтамасы қағаз тасымалдағышта тапсырылған жағдайда күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті құжаттарды қабылдаудың соңғы күні берген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ала алады, бұл ретте ескертулерді жою үшін өтінішті қайта беру мүмкіндігі болмайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады