БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе қағаз тасымалдағышта "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін үміткердің заңды өкілдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнамасы бар өтінішті тапсырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнамасы бар өтінішті ұсынады.
5. Өтініш Портал арқылы Бірыңғай цифрлық білім беру ортасына (бұдан әрі – БЦББО) келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:
1) құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және олар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рұқсаттаманы жібереді. Тестілеу күндері үміткерлердің рұқсаттамасы өздерімен бірге болуы керек;
3) құжаттар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Портал арқылы келіп түскен өтініштердің барлығы БЦББО-да өңделеді.
6. Құжаттар топтамасы қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:
1) құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және олар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рұқсаттаманы береді. Тестілеу күндері үміткерлердің рұқсаттамасы өздерімен бірге болуы керек;
3) құжаттар осы Қағиданың 2-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Құжаттарды қағаз тасымалдағышта қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде БЦББО-да үміткерлердің деректер базасын қалыптастырады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы №452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуға келісім берген жағдайда хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "eGov Mobile" цифрлық үкіметінің мобильді қосымшасының "Bilim" сервисі арқылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу қажеттілігі туралы.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтінішті Портал арқылы тапсырса, "eGov Mobile" цифрлық үкіметінің мобильді қосымшасының "Bilim" сервисі арқылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "цифрлық үкімет" веб-порталы; |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – үміткерге конкурсқа қатысу үшін рұқсаттама беру не Негізгі талаптар тізбесінің 9 -тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:30-дан 13:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз тасымалдағышта): |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |