БҰЙЫРАМЫН:
1. "Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы"
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары бекітілсін."
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Қаржымині") ИАЦЖ – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға (бизнес-процестерге) арналған ЦЖ;
2) "Кедендік автоматтандырылған цифрлық жүйе" ЦЖ (бұдан әрі – КАЦЖ ЦЖ) – кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыратын ЦЖ (тауарларға арналған декларацияны түзету; нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу; жолаушылар кеден декларацияларын, кедендік кіріс ордерлерін есепке алу; көлік құралдарын уақытша әкелуді/әкетуді бақылау);
3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "цифрлық үкiметтiң" цифрлық инфрақұрылымына кіретін және киберқауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
4) "Орталық біріздендірілген жеке шоттар" цифрлық жүйе (бұдан әрі – ОБЖШ ЦЖ) – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау нысандары мен әдістерін жетілдіруге, салық және алымдардың тұрақты түсуін қамтамасыз етуге, жосықсыз салық төлеушілердің олардың салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруына байланысты шығындарды қысқартуға, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормалары мен ережелерін "автоматтандыруға" арналған ЦЖ;
5) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар – төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
6) цифрлық жүйе (бұдан әрі – ЦЖ) – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
7) цифрландыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) "цифрлық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЦҮСШ) – МО БКО-да цифрлық объектілердің МО БКО-дан тыс орналасқан цифрлық объектілермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "цифрлық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;
9) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
10) "цифрлық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
2-тарау. Банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері
3. Банктердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру (бұдан әрі – сервис) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Банктің ЦЖ-ның, ЦҮТШ-тің және мүдделі мемлекеттік органның ЦЖ-ның ақпарат алмасуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін техникалық жұмыстар кешенін қамтитын сервисті техникалық іске асыру және тестілеу;
2) Сервисті техникалық іске асыру және бірлесіп тестілеу аяқталғаннан кейін Банктің ЦЖ иесі, уәкілетті орган, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік орган сервисті тестілеу және пайдалануға беру актісі түрінде бірлескен шешім негізінде Банктің ЦЖ-сының ЦҮТШ-пен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органмен өзара іс-қимылын пайдалануға енгізеді.
4. Банктердің ЦТҮШ арқылы мүдделі мемлекеттік органның ЦЖ-ға мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімі келесі талаптарды қамтиды:
1) Банк ЦЖ-ның бюджеттік сыныптама кодтарының және мемлекеттік кірістер органдары кодтарының анықтамалығымен (бұдан әрі – Анықтамалық) өзара іс-қимылы. Анықтамалықпен жұмыстардың егжей-тегжейлі сипаттамасы сервисті техникалық іске асыру процесінде өзара іс-қимылға қатысушылар арасында келісіледі және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес интеграциялық сервисті тестілеу және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы акт түріндегі бірлескен шешімде көрсетіледі;
2) Банктің ЦЖ күн сайын Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08:00-ге дейін ЦҮШ және ЦҮСШ арқылы анықтамалықтарды жаңартуды сұрайды;
3) Банктің ЦЖ жаңартылулар болған кезде Анықтамалықты өзектендіреді;
4) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыдан төлемдерді қабылдау кезінде Банктің ЦЖ-сы Анықтамалыққа сәйкес бюджет сыныптамасының рұқсат етілмейтін кодтарын және мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын тексеру бойынша Банк әзірлеген сервиске сәйкес енгізілген төлем құжатының деректемелерін тексереді;
5) төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болмаған жағдайда, Банк банк операциясын қабылдамайды және төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға дұрыс деректемелерді беру үшін хабар хабарлайды;
6) төлем құжатының деректемелері Анықтамалықтың деректеріне сәйкес болған жағдайда, Банк төлемді қабылдайды;
7) төлем қабылданғаннан кейін Банктің ЦЖ-ы ЦҮТШ-ке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес клиенттен ЦҮТШ-ке тапсыруға жататын жекелеген транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламада берілген төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының Деректемелері тізбесіне және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай транзакциямен (<BtchBookg>true</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламамен берілген Деректемелердің тізбесіне сәйкес жүргізілген төлем туралы ақпарат жібереді;
8) ЦҮТШ Банктің ЦЖ-сынан жүргізілген төлем туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды, бірегей төлем кодын (бұдан әрі – БТК) түрлендіреді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем Банктің ЦЖ-сына тапсыруға жататын ЦҮТШ төлемді тіркеу кезінде жауаптың деректемелері тізбесіне сәйкес алынғаны туралы Банктің ЦЖ-сына хабарлайды;
9) Банктің ЦЖ-сы ұсынылған БТК-ны және жүргізілген төлем туралы ақпаратты сақтайды;
10) ЦҮТШ электрондық құжатта жүргізілген төлем туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік органның ЦЖ-сына жібереді;
11) Банктің оперциялық күні жабылғаннан кейін немесе Банктің келесі операциялық күнінің сағат 11.00-ге дейін Банктің ЦЖ-сы ЦҮТШ-ке қабылданған және жөнелтілген, сондай-ақ жеке төлемдер туралы жиынтық ақпарат жібереді;
12) Цифрлық жүйелер төлем жүргізілгеннен кейін келесі күні ЦҮТШ-ге мынадай кесте бойынша:
сағат 12:00-де бюджеттен тыс төлемдер бойынша ОБЖШ ЦЖ;
сағат 13:00-де бюджеттік төлемдер бойынша ОБЖШ ЦЖ жиынтық тізілімді алуға сұрау салу жібереді;
13) ЦҮТШ ОБЖШ ЦЖ-дан сұрау салуды алған кезде банктер ЦЖ-дан алынған ақпарат негізінде төлемдер бойынша жиынтықты қалыптастырады және жиынтықты ОБЖШ ЦЖ-ға жібереді;
14) ЦҮТШ тәулігіне 1 (бір) рет сағат 16:00-де "е-Қаржымині" ИАЦЖ-дан бюджеттік сыныптама кодтарының сұратылған деректер жинағына қатысты Қазынашылықтың интеграцияланған цифрлық жүйесінің төлемдері бойынша мәліметтерді сұратады. Сұрау салуда ЦҮТШ сәйкестендіргіші және сұратылған кезеңнің күні (төлемді валюталау күні) болады;
15) көрсетілген күн үшін сұратылған БСК-тың деректер жинақталымына қатысты жаңартылу болған кезде "е-Қаржымині" ИАЦЖ-сы ЦҮТШ-ке түзетілген деректер жібереді;
16) "е-Қаржымині" ИАЦЖ-дан деректерді алғаннан кейін ЦҮТШ жаңартылған деректерді ОБЖШ ЦЖ және КАЦЖ ЦЖ-ны қоспағанда, тиісті мүдделі мемлекеттік органның ЦЖ-сына жібереді.
5. Ақпарат алмасу тіркеу куәлігі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген цифрлық жүйе иелерінің ЭЦҚ-сын пайдаланыла отырып веб-сервистер (синхронды режимде) арқылы жүзеге асырылады.
6. Деректерді беру үшін көлік хаттамасы (TCP), гипермәтінді жіберу хаттамасы (HTTP), сондай-ақ стек хаттамалары және веб-сервистердің стандарттары (WSDL/SOAP) пайдаланылады. Ақпарат алмасу ақпараттық өзара іс-қимылдың электрондық коммуникация құралдарына және ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптарды сақтаумен жүргізіледі.
7. Ақпараттық өзара іс-қимылдың жұмыс істеу процесінде кіріс хабарламалар үшін ЭЦҚ тексеру кезінде және шығыс хабарламалар үшін ЭЦҚ қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 55-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жалпы талаптар сақталады.
8. Тәжірибелі пайдалану шеңберінде Банктердің ЦЖ-ын ЦҮТШ-ке қосу қорғалған байланыс арналарын құру жолымен ЦҮСШ арқылы жүзеге асырылады.
9. ЦҮТШ-ті мемлекеттік органдардың цифрлық жүйесіне МО БКО қосу арқылы жүзеге асырылады.
10. Ақпарат алмасу барысында техникалық ақаулар туындаған жағдайда, ақпарат алмасуға қатысушылар оларды жою үшін шаралар қабылдайды.
Клиенттен ЦҮТШ-ке тапсыруға жататын жекелеген транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламада берілген төлемді қабылдау кезінде төлем хабарламаларының деректемелері тізбесі
Р/с № | Жолдың атауы | ЦҮТШ XML-тегі | ISO 20022 PACS.008 XML-тегінің жол сипаттамасы жеке транзакцияларды (<BtchBookg>false</BtchBookg>) есептеу тәсілімен |
1 | Банктің ЦЖ-да қалыптасатын төлемнің референсі/уақытша нөмірі | bankReference | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtId/TxId |
2 | Операциялық күн күні | PayDateTime | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/CreDtTm |
3 | Төлем сомасы | Amount | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt |
4 | Валюта коды | currency | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt - Ccy |
5 |
Төлеушінің жеке сәйкестендiру нөмiрi /бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | payerIdn |
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/Id/OrgId/Othr/Id |
6 | Төлеушінің атауы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе ұйымның атауы | payerName | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/Nm |
7 | Жіберуші елдің коды | payerCountry | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Dbtr/CtryOfRes |
8 |
Жеке сәйкестендiру нөмiрi /бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | actualPayerIdn | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/UltmtDbt/Id |
9 | Нақты төлеушінің атауы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе ұйымның атауы | actualPayerName | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/UltmtDbt/Nm |
10 | Ақша жіберуші Банктің бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | bankIdn | |
11 | Ақша жіберуші Банктің банк сәйкестендiру коды | bankBik | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/DbtrAgt/FinInstnId/BICFI |
12 | Ақша жіберуші Банктің атауы | bankName | |
13 | Бенефициар ұйымның Банктің сәйкестендiру коды | treacuryBik | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/CdtrAgt/FinInstnId/BICFI |
14 | Бенефициардың аталуы | treasuryName | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Cdtr/Nm |
15 | Бенефициардың бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | treasuryIdn | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Cdtr/IdOrgId/Othr/Id |
16 | Салық органының коды | kno | |
17 | Төлем белгілеу коды | knp | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/Purp/Prtry |
18 | Операция түрі | operationType | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtTpInf/LclInstrm/Prtry |
19 | Бюджет сыныптамасының коды | kbk | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/RmtInf/Strd/TaxRmt/Rcrd/Ctgy |
20 | Құжат нөмірі | payDocumentNumber | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/RmtInf/Strd/RfrdDocInf/Nb |
21 | Төлем мақсаты | assign | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf//RmtInf/Strd/AddtlRmtInf |
22 | Валюталау күні | documentDate | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/IntrBkSttlmDt |
23 | Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде электрондық қызметтерді төлеу кезінде төлем провайдері алған тапсырыс сәйкестендіргіші немесе ЦҮТШ төлемінің бірегей коды | pshepPayCode | |
24 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды | govServiceCode |
Кестенің жалғасы
Ескертпе |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
CreditTransferTransactionInformation жол, MX үшін негізгі сөз |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды) |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды) |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды) |
Бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол (бюджеттік емес төлемдер үшін толтырылмайды) |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін GroupHeader жол |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді сәйкестендіруге арналған міндетті емес жол. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды |
Бірыңғай транзакциямен (<BtchBookg>true</BtchBookg>) есептеу тәсілімен MX-хабарламамен берілген деректемелердің тізбесі
Р/с № | Жолдың атауы | ЦҮТШ XML-тегі | ISO 20022 PACS.008 XML-тегінің жол сипаттамасы |
1 | Банктің ЦЖ-да қалыптастырылған төлем референсі | bankReference | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/MsgId |
2 | Ақша жіберуші банктің Банктің сәйкестендiру коды | bankBik | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/DbtrAgt/FinInstnId/BICFI |
3 | Операциялық күннің датасы | payDate | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/CreDtTm |
4 | Банктің сәйкестендiру коды | kbk | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/RmtInf/Strd/TaxRmt/Rcrd/Ctgy |
5 | Салық органының коды | kno | |
6 | Жалпы сомасы | totalAmount | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/TtlIntrBkSttlmAmt |
7 | Валюта коды | currency | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/TtlIntrBkSttlmAmt - Ccy |
8 | Жиынтық хабарламаның егжей-тегжейі (payments) | ||
1) | Әрбір операция үшін ЦҮТШ-те қалыптасқан төлемнің бірегей коды | reference | |
2) | Банктің ЦЖ-да қалыптасатын төлем референсі | bankReference | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/PmtId/TxId |
3) | Төлем сомасы | amount | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt |
4) | Валюта коды | currency | Document/FIToFICstmrCdtTrf/CdtTrfTxInf/IntrBkSttlmAmt |
5) | Операциялық күннің датасы | payDateTime | Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/CreDtTm |
Кестенің жалғасы
Ескертпе |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
Салық органның коды (егер жиынтық топтастыру салық органның коды бойынша өтсе ғана толтырылады) |
МX үшін GroupHeader жол |
МX үшін GroupHeader жол |
Жиынтық хабарламаның егжей-тегжейі (payments) |
ТБК |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін CreditTransferTransactionInformation жол |
МX үшін GroupHeader жол |
Банктің ЦЖ-сына тапсыруға жататын ЦҮТШ төлемді тіркеу кезіндегі жауаптың деректемелері тізбесі
Р/с № | Жолдың атауы | ЦҮТШ XML-тегі | Ескертпе |
1 | Төлемнің бірегей коды, ЦҮТШ қалыптасқан уақытша нөмір | reference | ТБК |
2 | Банктің ЦЖ-да қалыптасқан төлем референсі | bankReference |
Бірыңғай транзакцияны (<BtchBookg>true</BtchBookg>) есептеу әдісі бар MX-хабарламадағы тізілімдік төлемдер үшін – бұл Document/FIToFICstmrCdtTrf/GrpHdr/MsgId, |
