"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39542 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы арнайы шот - осы Қағидаларда көзделген мақсаттарға субсидияларды есепке алу және төлемдерді жүзеге асыру үшін ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде көрсетілетін қызметті алушы ашатын ағымдағы банктік шот;

      2) бірыңғай республикалық электрондық база - Қазақстан Республикасының азаматтары, Заңға сәйкес қандастар, жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебіне қойған адамдар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;

      3) субсидиялау - жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдауға (жалға алуға) ақы төлеу мақсатында субсидия алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтемақы түрінде тағайындалатын мемлекеттік қолдау;

      4) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй);

      5) тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы – Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;

      7) Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға.

      5. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен 50 (елу) пайызы және көрсетілетін қызметті алушының есебінен 50 (елу) пайызы тепе-теңдік негізінде жүзеге асырылады.

      Бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемнің 50 (елу) пайызы мынадай шығыстарды құрайды:

      80 (сексен) пайыз республикалық бюджеттен түсетін қаражат;

      20 (жиырма) пайыз жергілікті бюджеттен алынатын әрбір жылға арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат.";

      16 және 17 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды жалдаудың бір шаршы метрінің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне байланысты жыл сайын қайта есептеліп, тиісті күнтүзбелік жылдың қаңтарынан бастап желтоқсанын қоса алғанда қолданыста болады, мынадай формула бойынша есептеледі:

     



      N- бір шаршы метрді жалдау құны

      M- АЕК

      K- астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың коэфициенті.";

      17. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың коэффициенті алушыға жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды жалдаудың бір шаршы метрінің мөлшерін есептеу кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жергілікті атқарушы орган көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғынжайдың нысаналы пайдаланылуына кемінде тоқсанына бір рет мониторингті жүзеге асырады.

      Жалға алу шартында көрсетілген мекенжай бойынша үшінші тұлғалардың тұру фактісі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде, субсидиялауды тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге мәлімет жібереді.

      Жергілікті атқарушы органнан түскен мәліметтерді қарау нәтижесі бойынша қызмет беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімдер туралы ақпаратты оның мекенжайына жібереді.

      Жақын туыстарынан және ерлі-зайыптылардан, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан тұрғынжайды жалдау фактісі анықталған жағдайда, субсидиялауды тоқтату үшін мәліметтер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі." ;

      осы Қағиданың 1 қосымшаның 3.1 тармағына орыс тілінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тілінде 1 қосымшаның тармағы өзгеріссіз.;

      2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін 1 шаршы метрді жалдау құнының мөлшерін есептеген кезде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың коэффициенті.";

      осы Қағиданың 3 қосымшасы орыс тілінде жаңа редакцияда енгізілсін, қазақ тілінде 3 қосымша өзгеріссіз.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады