"Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 144 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 31 шілдедегі № 118 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 тамызда № 39483 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген лотерея және лотерея қызметінің операторына арналған Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.";

      1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежелері";

      1-қосымшаның 30-реттік нөмірдегі жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30

Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде үш пайызын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлғаға креативті индустрияларды дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберу міндеттерін сақтамауы

өрескел

      ";

      Аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес лотерея операторының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтауына қатысты тексеру парағы"

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "_________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы";

      29-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде үш пайызын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлғаға креативті индустрияларды дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберуміндеттерін сақтамауы



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықта 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
__________А. Амрин__________Е. Мырзабосынов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады