"Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 3 шiлдедегi № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 шiлдеде № 39235 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. Қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36331 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдерінде:

      3-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИАЦЖ) – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бизнес-процестерін кешенді автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;";

      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-қимылды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;

      2) орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;

      3) ұзақ мерзімді – 5 жылдан 10 жылға дейін.

      Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер 15 жылға беріледі.

      Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттерді өтеу кестесіне сәйкес 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. ";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бюджеттік кредитті алу үшін түпкілікті қарыз алушы сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі арқылы электрондық өтінім қалыптастырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Кредиттік шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) айдың ішінде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша өзінің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін тиісті шарттарға "е-Қаржымині" ИАЦЖ, қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі арқылы қол қояды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейді.

      Бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеу, өтеу кестесінде жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін бюджеттік кредитті берудің бүкіл кезеңі ішінде тең үлеспен белгіленеді.

      Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған жергілікті бюджеттен ұсынылған бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу - өтеу кестесімен белгіленеді.";

      26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған жергілікті бюджеттен ұсынылған бюджеттік кредиттің қарыз алушысын қоспағанда, бюджеттік кредиттің қарыз алушысы сенім білдірілген өкілдерден (агенттерден) және түпкілікті қарыз алушыдан мерзімінен бұрын өтеу келіп түскен кезде 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде оларды республикалық бюджетке аударуды қамтамасыз етеді. ";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Жеке тұлғаларды бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шарт кредитордың тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл мен (агент пен) жеке тұлға арасында сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі арқылы жасалады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Сенім білдірілген өкіл (агент) есепті цифрлық жүйеде "Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 16 мамырдағы № 236 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. бұйрығында белгіленген нысанда қалыптастырады.";

      49-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Рәсімдердің 53-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына және 53-тармақтың 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шешімінің жобасына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы талап етілмейді.";

      2-тараудың 53-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;

      Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) жасалған тапсырма шарты онда бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң болуын бақылауды қамтамасыз ететiн цифрлық жүйе болған кезде жасалады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауды қарыз алушы/сенім білдірілген өкіл (агент) мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграцияланған цифрлық жүйеге қаржылық құжаттарды жүктегеннен кейін жүзеге асырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қарыз алушының несиелік берешегін есепке алу және төлемдерді бөлу кредитті беру және өтеумен байланысты кредиттік шарттың және күнделікті банктік операциялар (өткізулер) ажырамас бөлігі ретінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша өтеу кестесінің негізінде цифрлық жүйеде жүргізіледі.";

      Бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИАЦЖ) – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға (бизнес-процестерге) арналған цифрлық жүйе;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды "е-Қаржымині" ИАЦЖ пайдалана отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрлық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырады.";

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Түпкілікті қарыз алушының бюджеттік кредитті нысаналы пайдаланылуын бақылау қарыз алушымен/сенім білдірілген өкілмен (агентпен) цифрлық жүйеде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ақпаратқа талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын бастапқы құжаттарды (өнім берушілермен жасалған шарттар, төлем құжаттары, мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі арқылы тіркелген электрондық шот-фактуралар; тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжаттар (кедендік декларация); тауарларды әкелу туралы өтініш);";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді, оның ішінде салалық ведомстволардың цифрлық жүйелерінің мәліметтерін талдау нәтижелері.";

      Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 5 (бес) жұмыс күні ішінде "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүктеуді жүзеге асырады.";

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) ресми жарияланған күнінен кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, жетінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы, отыз бесінші, отыз жетінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық алтыншы, қырық сегізінші, елуінші, елу екінші, елу төртінші, елу алтыншы, елу тоғызыншы абзацтары 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады