БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
|
А. Ертаев
|
| |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 2 шілдедегі № 287 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді есептеу (айқындау), тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларында:
23-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам үшін төлем алатын қамқоршы (қорғаншы) ауысқан, мүгедектік тобы өзгерген жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды.
Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні өзгерген кезде ОДБ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидалардың 10-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 11-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 13-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 15-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 17-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 23-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:
7-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер он сегіз бен жиырма үш жас шамасындағы асырауындағы адамдар академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын күндiзгi оқу бөлiмiнде оқыса, онда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі), не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).";
23-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адам үшін төлем алатын қорғаншы (қамқоршы) ауысқан жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, қайта есептеу, тағайындау туралы шешімді қайта қарау (қайта бастау немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды.
Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні өзгерген кезде ОДБ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидалардың 9-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 14-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 16-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 19-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 23-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32961 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасында:
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар, сот шешімі.";
жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:
"жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі (көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді).";
14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 7-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 10-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 14-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 17-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 20-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3. "Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларында:
көрсетілген Қағидалардың 5-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 6-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 9-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 11-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 13-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 22 мамырдағы 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38773 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесінде:
көрсетілген Тізбенің 1-қосымшасы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Тізбенің 5-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Тізбенің 18-қосымшасы осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Тізбенің 23-қосымшасы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Тізбенің 31-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Тізбенің 35-қосымшасы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Тізбенің 45-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Тізбенің 49-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
| |
Тізбеге 1-қосымша Тізбеге 1-қосымша Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (анықтау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 3-қосымша |
"Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1
|
Мемлекеттік қызметтің атауы
|
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
|
Жоқ
|
3
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
|
4
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау үшін;
3) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет).
|
5
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызыметті беруші, портал және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы 7 (жеті) жұмыс күні.
Портал немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға жүгінген жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы хабардар етуі үшін 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;
порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – цифрлық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
көрсетілетін қызметі берушіде – күту уақыты талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде және (немесе) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін проактивті түрінде
|
7
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
|
Әлеуметтік кодекстің 171-бабы 4-тармағының екінші бөлігімен бекітілген Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (анықтау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 13-қосымшаға сәйкес нысанда жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
Байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет) қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы ұсынылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі
|
9
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі
|
1) Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс графигіне сәйкес сағат 8.00-ден 17.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау графигі: сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызметінсіз көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті порталы арқылы брондауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрлік – https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі
2) Мемлекеттік корпорация – https://www.gov4c.kz.
|
10
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) мүгедектік бойынша анықтама. Болуына қарай мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:
1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде). Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына сәйкес (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 16116 тіркелген) шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік цифрлық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса талап етілмейді.
Порталға: мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін – мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауға өтініш портал арқылы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында;
мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бірреттік құпиясөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы алады.
Проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау үшін:
көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.
Жеке басты куәландыратын, мүгедектікті растайтын құжат, Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі, Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі, госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама), неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде) құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
|
11
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған себептерді жойғанда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді
|
12
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік қызмет мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды проактивті қызмет тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет:
1) тиісті өңірдің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінің (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында және (немесе) медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша;
2) көшпелі отырыстарда: көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында; мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша; көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында; үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса;
3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшалар мен пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшаларда және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде кейін пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
|
| |
Тізбеге 2-қосымша Тізбеге 18-қосымша Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 3-қосымша |
"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
|
1
|
Мемлекеттік қызметтің атауы
|
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
|
Жоқ
|
3
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші
|
4
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" "мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
|
7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы хабардар етуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;
порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – цифрлық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде, проактивті
|
7
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Әлеуметтік кодекстің 230-бабы 4-тармағында көделген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама.
Байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет) қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы ұсынылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі
|
9
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс графигіне сәйкес сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті порталы арқылы броньдауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі келесі жұмыс күні жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрлік www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация - www.gov4c.kz..
|
10
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) асыраушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама немесе адамды хабар ошарсыз кетті деп (қайтыс болды) тану туралы соттың шешімі;
3) асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын (тууы туралы, некеге тұру, некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік).
Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;
2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндізгі оқу бөлімінің оқушылары болып табылса, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);
3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;
4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билеті не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы;
5) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжат.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын немесе немерелерін күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметін тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кітапшасын, ол болмағанда Мемлекеттік корпорация цифрлық жүйелерден адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы және автоматтандырылған цифрлық жүйеден міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) әлеуметтік төлемдердің аудару фактісінің болмауы туралы мәліметтерді сұрайды.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік цифрлық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса, талап етілмейді.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) сәйкес шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Порталда: асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін – асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бірреттік құпиясөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болғанда іске асырылған интеграция арқылы алады.
Жеке басты куәландыратын құжат, қайтыс болғаны туралы куәлік, асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (тууы туралы, некеге тұру, некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік), азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдардың анықтамасы (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе), егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндізгі оқу бөлімінің оқушылары болып табылса, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының анықтамасы (жыл сайын беріледі) туралы мәлімет, қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билеті не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы жайлы мәлімет, әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
|
11
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді...
|
12
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды проактивті қызмет тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттардың сервисі ЭЦҚ немесе бірреттік құпиясөзді пайдаланумен "eGov mobіle" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшалар мен пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшаларда және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде кейін пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
|
| |
Тізбеге 3-қосымша Тізбеге 24-қосымша Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 8-қосымша |
"Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы асыраушынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш
Өтініш иесі туралы мәліметтер (белгілеу қажет):
Азамат _________________________________________ атынан
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қамқоршы (қорғаншы) ________________________________________
заңды өкілі ________________________________________
Туған күнi: ______ жылғы "___" ___________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)______________________________
Маған асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Мемлекеттік органдардың растауы:
Өтініш берушінің деректері:
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________
Құжаттың сериясы: _____құжаттың нөмірі: __________кім берген: ___
Берілген күні _______ жылғы "___" ___________________________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:
Облыс ____________________________________________________ қала (аудан) ___________________________ ауыл _________________
көше (шағынаудан) _____________________ үй ___________ пәтер __
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалатын асырауындағылар туралы мәліметтер:
Р/с №
|
Асырауындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты
|
ЖСН
|
Туған күні, айы, жылы
|
1
|
|
|
|
| |
Тізбеге 4-қосымша Тізбеге 36-қосымша Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 3-қосымша |
"Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1
|
Мемлекеттік қызметтің атауы
|
Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
|
Жоқ
|
3
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
|
4
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) мемлекеттік арнаулы жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
|
5
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
|
7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияның өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы хабардар етуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде
|
7
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
|
8
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі
|
9
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі
|
1) Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі және жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс графигіне сәйкес сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті порталы арқылы броньдауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрлік www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz
|
10
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін жұмыс сипаты мен еңбек жағдайы туралы анықтама;
Ұйым таратылғанда жұмыс істеген орны, лауазымы, кәсібі, жұмыс істеген кезеңі, архивтік істің нөмірі, оның беттері мәліметтер көрсетілген мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік анықтама ұсынылады.
Архивтік құжаттар болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді;
3) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы; еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар; сот шешімі.
болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
білімі туралы құжат; әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама; әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі; бұрынғы кеңестік мекемелер, Қазақстан Республикасының мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат; әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
балалардың жеке басын растайтын құжат;
балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
Жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі (егер көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмеген жағдайда);
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат; балалардың орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама); балалардың әскери қызмет өткергенін растайтын құжат ұсынылады.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенгенде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығында көзделген тәртіпте (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 16116 тіркелген) шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік цифрлық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса, талап етілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы мәліметтер "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бірреттік құпиясөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы алады.
|
11
|
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығын толық бермеген және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, жәрдемақы тағайындауға құқығы болмағанда Мемлекеттік корпорацияның осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тиісті төлемді тағайындауға өтініш беру немесе төлеу фактісін растайтын мәліметтерді цифрлық жүйелерден алғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты өтініш берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті көрсетуші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған ақпараттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.
|
12
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414 Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттардың сервисі ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөзді пайдаланумен "eGov mobіle" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланатын субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде олар әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
|