"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 23) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереженің 14-тармағы 1) тармақшасының қырық үшінші абзацына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Инвесторлардың жүйелік проблемалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры | Б. Асылов |
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2026 жылғы 30 маусымдағы № 100 Бұйрыққа қосымша |
Инвесторлардың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 23) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №1125 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереженің 14-тармағы 1) тармақшасының қырық үшінші абзацына сәйкес әзірленді және инвесторлардың жүйелік проблемалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвесторлардың жүйелік проблемалар тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган есепке алу, талдау және үйлестіру, оларды жою үшін қабылданатын шаралар мақсатында қалыптастырылатын инвестициялық қызметті іске асыруға кедергі келтіретін, инвесторлардың анықталған және расталған жүйелік проблемаларының орталықтандырылған тізбесі;
2) инвесторлардың жүйелік проблемалары (бұдан әрі – жүйелік проблемалар) – заңнаманың жетілдірілмеуіне немесе оның тиісінше қолданылмауына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың немесе лауазымды адамдардың заңсыз іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) негізделген, жойылуы ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылдауды талап ететін факторлардың, жағдайлардың, практикалардың, әкімшілік және құқықтық кедергілердің тұрақты жиынтығы;
3) уәкілетті орган – инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомствосы;
4) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (бұдан әрі – ҰЦИП) – инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеудің бірыңғай цифрлық жүйесі, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3. Тізілім қалыптастыру субъектісі уәкілетті орган болып табылады.
4. Тізілім электрондық нысанда қалыптастырылады және жүргізіледі, кейін ол ҰЦИП-ке орналастырылады.
5. Тізілімге енгізу үшін мынадай:
1) екі және одан да көп инвестордың құқықтары мен мүдделерін бұзу немесе қозғау (немесе әлеуетті түрде бұзуы немесе қозғауы мүмкін);
2) жүйелік сипатқа ие, оның ішінде ұқсас проблемалық мәселелер бойынша әртүрлі инвесторлардың бірнеше рет жасаған жолданымдарында көрсетілген;
3) нормативтік құқықтық актілердің олқылықтарына, қайшылықтарына немесе белгісіздігіне, болмаса реттеудің және құқық қолдану практикасының жетілдірілмеуіне байланысты болған;
4) қағидаларды, рәсімдерді немесе тәсілдерді өзгертпестен жеке тәртіппен жоюға жатпайтын белгілерінің бірінің немесе бірнешеуінің болуы негіз болып табылады.
6. Жекелеген инвесторлардың нақты шағымдарына байланысты жеке сипаттағы инвесторлардың мәселелері жүйелік проблемаларға жатпайды.
7. Тізілім қалыптастыру мыналардың негізінде жүзеге асырады:
1) инвесторлардың, оның ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелер және өзге де байланыс арналары арқылы келіп түсетін жолданымдарын;
2) инвесторларды жеке қабылдау, олардың қатысуымен жұмыс кездесулерін, кеңестер мен көшпелі іс-шараларды өткізу;
3) келісімдерді іске асыру мерзімдерінің, міндеттемелердің орындалуы мен шарттарының мониторингін қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;
4) тексерулер нәтижелері, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және бақылау қызметінің өзге де нысандары;
5) нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, реттеудегі олқылықтарды, қайшылықтар мен белгісіздіктерді анықтау;
6) мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету, жеңілдіктер мен преференциялар беру бөлігінде мониторингті;
7) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвесторлармен жасалған шарттар, келісімшарттар, келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті;
8) инвесторлардың мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен даулары бойынша сот және әкімшілік практиканың қорытуралы;
9) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру көрсеткіштерінің мониторингі;
10) ашық дереккөздердегі мәліметтерді (ақпаратты) талдау.
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен, Бас әскери прокуратурасынан және Бас көлік прокуратурасынан, облыстар прокуратураларынан және оларға теңестірілген прокуратуралардан;
орталық мемлекеттік органдардан;
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан;
Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінен;
басқа да мүдделі ұйымдардан келіп түскен жүйелік проблемалар туралы мәліметтері.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген субъектілер ұсынған жүйелік проблемалар туралы мәліметтер тізілімге енгізу үшін жазбаша және (немесе) электрондық нысанда жіберіледі және мыналарды:
1) жүйелік проблема мәнінің қысқаша сипаттамасы;
2) жүйелік проблема байқалатын саланың (құқықтық реттеу саласының) және өңірдің (өңірлердің) көрсетілуі;
3) проблема нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе қозғалған инвесторлар (олар болған жағдайда) туралы мәліметтер;
4) проблеманың туындау себептері мен жағдайларын (нормативтік, құқық қолдану, ұйымдастырушылық) талдау;
5) оны жоюдың ықтимал тетіктері бойынша ұсыныстар;
6) бұрын қабылданған шаралар туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.
9. Уәкілетті орган мәліметтер келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және нәтижелері бойынша жүйелік проблемаларды тізілімге енгізу туралы шешім немесе бас тарту уәждерін көрсете отырып, қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның жолданымы жүйелік проблеманы қарау үшін негіз болса, оны қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан қосымша материалдарды талап ету қажет болған жағдайда, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тізілімге жүйелік проблемаларды енгізу туралы мәселені қарау мерзімі уәкілетті орган төрағасының, ал ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адамның уәжделген шешімі негізінде, бірақ 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
11. Тізілімге енгізілген жүйелік проблемалар мынадай:
1) туындау сипаты бойынша (нормативтік, құқық қолдану, ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық, цифрлық);
2) туындау деңгейі бойынша (республикалық, өңірлік);
3) салалық тиістілігі бойынша (өнеркәсіп, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс, жер қойнауын пайдалану және өзге де салалар) жіктеуге жатады.
12. Уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуін қамтамасыз ете отырып, тізілімді тұрақты өзектендіруді жүзеге асырады.
13. Жүйелік мәселелер ақпарат пен материалдар негізінде:
1) осы Қағидалардың 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген субъектілерден келіп түскен;
2) уәкілетті органның бастамасы бойынша тізілімнен шығарылады.
Жүйелік проблемалардың жойылғанын растайтын ақпарат пен материалдар уәкілетті органға жазбаша және (немесе) электрондық нысанда жіберіледі.
Уәкілетті орган ақпарат келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және нәтижелері бойынша тізілімнен шығару немесе бас тарту себептерін көрсете отырып алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды на русском вот так:
Уәкілетті орган ақпарат келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және нәтижелері бойынша жүйелік проблемаларды тізілімнен шығару немесе оларды алып тастаудан бас тарту туралы уәжделген шешім қабылдайды.
14. Мәлімет жіберген осы Қағидалардың 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген субъектілер, сондай-ақ уәкілетті органға өтініш жіберген жеке немесе заңды тұлғалар уәкілетті органның жүйелік проблемаларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
15. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор ұйымдары инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру кезінде тізілімде қамтылған мәліметтерді ескереді.
