"Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39210 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 "Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілік тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 285 бұйрығына қосымша
Кәсіптік біліктіліктері тануға
арналған біржолғы ваучерлерді
беру, қаржыландыру және
Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында бөлу
қағидаларына 1-қосымша
  Электрондық құжат нысаны

      Еңбек мобильділігі орталығы _________________________________

      (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала)

      Мен, [Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)] [жеке сәйкестендіру нөмірі] [кәсіп] бойынша кәсіптік біліктілік (дағды, дағдылары) деңгейін [біліктілік деңгейін] белгілеу мақсатында маған кәсіптік біліктілікті тануға біржолғы ваучер беруді сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне және (немесе) электрондық мекенжайға ақпараттық таратулар алуға келісім беремін. Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      1. Білімі [оқу ұйымының толық атауы, даярлау бағыты, бітірген күні].

      2. Көрсетілген кәсіптік біліктілік бойынша еңбек қызметін (еңбек өтілін) растайтын мәліметтер [электрондық еңбек шартының ақпараты].Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелер

      ___________________________________________________________________.

      3. Мамандық бойынша дағды немесе дағдылар [мамандық] - [шеберлік (- және)]/

      _______________________________________(қолмен енгізу үшін)

      4. 20 таңбалы карточкалық немесе ағымдағы шоттың нөмірі ________________.

      5. Тұрғылықты жері [тұрақты тіркелген жері] ____________________________.

      Дұрыс емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Кәсіптік біліктілікті тану орталығы [аккредиттелген тану орталығы].

      Ұялы телефон нөмірі _____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы (e-mail) ____________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңба

      20___жылғы "___" ___________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады