"Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығының және "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 7, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 85, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 33/НҚ бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 47, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 123-НҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 49, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 163, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және спорт министрінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 289-НҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 77, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 303/НҚ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 210 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 маусымда № 39112 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18592 болып тіркелген);

      2) "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 7, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 85, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 33/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31881 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
__________Ж. Мадиев
 

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы
__________М. Калиакпаров
 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысы
__________С. Жарасбаев
 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
__________А. Альназарова
 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
__________Ж. Сулейменова
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі
__________А. Балаева
 

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
__________Е. Нагаспаев
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
__________С. Жумангарин
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады