ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
"24-1) екі кезеңді растау – абоненттің растаудың мынадай тәсілдерін: жеке кабинет, телефон қоңырауы, қысқа мәтіндік хабарлама, USSD-сұрау салу не байланыс операторы ұсынатын өзге де техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қатарынан екі іс-қимыл жасауын көздейтін абоненттің байланыс қызметін ұсынуға келісімін растау рәсімі.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Байланыс операторлары мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдікті тарифтік жоспарлар ұсынады.
6-2. Қосымша ақылы телефон, ұялы байланыс қызметтері мен Интернетке қол жеткізу қызметтері абоненттің жазбаша өтініші бойынша немесе осы қызметті қосу үшін абоненттің екі кезеңді растауын пайдалана отырып, автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";
26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңды тұлғалар үшін – оның көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе үй-жайды меншікке сатып алу, жалдау (жалға алу), қосалқы жалдау, қосымша жалдау туралы құжат. Көрсетілген мекенжай бойынша оның тіркелгенін растайтын құжат немесе үй-жайды меншікке сатып алу, жалдау, (жалға алу), қосалқы жалдау, қосымша жалдау туралы құжат байланыс операторында "цифрлық үкімет" веб-порталынан жылжымайтын мүлікті тіркеу және оған құқықтар туралы ақпаратты алу мүмкіндігі болған кезде өтініш берушінің келісімі бойынша берілмеуі мүмкін.";
41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Телефон байланысы қызметтеріне кредит тәсілімен ақы төлеу кезінде қызметке ақы төлеу сомасы көрсетілген қызметтер құнын, сондай-ақ есепке алу кезеңінің төлемдері мен алдыңғы есепке алу кезеңдерінің қарызы есепке алына отырып анықталады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Көрсетілген қызметтер үшін төлем берілген шотқа сәйкес есептік кезеңде енгізіледі.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Ұялы байланыс қызметтері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 397-бабына сәйкес оператор мен абонент арасында жасалатын ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 49-бабына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып шарт жасасуға жол беріледі.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға абоненттік нөмірді тіркеуді олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасалады.
Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшін абоненттік нөмірді тіркеуді олардың атынан биометриялық сәйкестендіруді өте отырып, заңды өкілдері жүзеге асырады.
Кәмелетке толмағандарға бір абоненттік нөмірден артық емес тіркеу жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 55-7-тармақпен толықтырылсын:
"55-7. Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес ұялы байланыс абонентіне оның биометриялық сәйкестендіруін жүргізбей ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуына жол берілмейді.";
56-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) абонеттің ұялы байланыс (кіріс және шығыс байланыс, қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу, деректерді беруді қабылдау/беру) қызметтерін 12 айдың ішінде, сондай-ақ осы Қағидалардың 118 және 120-тармақтарына сәйкес алаяқтық әрекеттердің белгілеріне байланысты байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылғаннан кейін 3 (үш) айдың ішінде пайдаланбауы;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) абонентке ұялы байланыс операторының және абоненттік құрылғының техникалық мүмкіндігіне сүйене отырып, қашықтан ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына QR код (eSim) беру, жеткізу немесе жүктеу жолымен абонентті сәйкестендіру картасын алу мүмкіндігін береді;";
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
"30) жеке тұлғаларға және шетелдік жеке тұлғаларға биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып не автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынғаннан кейін абоненттік нөмірлер береді.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Ұялы байланыс желілерінде жарнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламаларды таратуға абоненттің өтініші бойынша жазбаша нысанда немесе биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі арқылы рұқсат етіледі.";
мынадай мазмұндағы 65-1 және 65-2 тармақтармен толықтырылсын:
"65-1. Ұялы байланыс желілерінде жарнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламаларды таратудан бас тартуға абоненттің өтініші бойынша жазбаша нысанды немесе автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі арқылы рұқсат етіледі.
65-2. Абонентті қабылданбаған қоңыраулар туралы хабардар ету қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қабылданбаған қоңыраулар туралы қысқа мәтіндік хабарламалар:
абонент қолжетімсіз/ абоненттік құрылғы өшірілген;
баланста қаражат болмаған жағдайларда жіберіледі.
Қысқа мәтіндік хабарламаларды жүзеге асырудың ең көп саны осы тармақта көрсетілген әрбір жағдай бойынша тәулігіне 1 реттен аспауға тиіс.";
90-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңды тұлғалар үшін – оның көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе үй-жайды меншікке сатып алу, жалдау, (жалға алу) немесе қосымша жалдау (қосалқы жалға алу) туралы құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама немесе куәлік немесе (филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы анықтама) қоса беріледі. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету мекенжайы бойынша оның тіркелгенін немесе үй-жайды меншікке сатып алғанын, қосымша жалдау (қосалқы жалдауды) кезінде: ұялы байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізгенде; байланыс операторында абоненттің келісімі бойынша "цифрлық үкіметтің" веб-порталынан жылжымайтын мүлікті тіркеу және оған құқықтар туралы ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде берілмеуі мүмкін.";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Шартты абонент операторға шартты бұзу туралы өтініш беру және оған нақты жұмсалған шығындарды төлеу арқылы біржақты тәртіппен бұзады. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетудің пайдаланылған кезеңі үшін қосымша ақы алынбайды.
Оператор Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуді іс жүзінде тоқтатуды абоненттің өтінішінде көрсетілген күннен бастап, өтініш берілген күннен және уақыттан ерте емес жүргізеді.
Абонент Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету шарты бұзылған жағдайда, байланыс операторына 3 (үш) жұмыс күні ішінде шарт жасалған орын бойынша (үй-жай, пәтер, байланыс операторының кеңсесі) жалға берілген абоненттік құрылғыны қайтарады.";
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"110. Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктінде Интернетке қол жеткізуге рұқсат алу үшін пайдаланушы арнайы нысандағы "Логин" жолына абоненттік нөмірді енгізу арқылы авторизацияланады және "Парольды алу" нысанының белсенді элементін пайдалану жолымен бір реттік дербес сәйкестендіргішке (парольге) сұрау салады немесе пайдаланушы Интернет желісіне қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталында авторизациялануы қажет.";
111-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"пайдаланушы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталында авторизацияланғаннан кейін Интернет желісіне қосады.";
112-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Пайдаланушының авторизациясы SMS-хабарламада алынған бір реттік дербес сәйкестендіргішті (парольді) енгізгеннен кейін не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, "цифрлық үкімет" веб-порталында авторизация жолымен аяқталады.";
117-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Ұялы байланыс операторлары цифрлық жүйелерін (дерекқорын) интеграциялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің антифрод-орталығымен келісім жасасады.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші абзацтарын қоспағанда, оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
