Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 304/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 маусымда № 38931 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 10 маусымдағы
№ 304/НҚ
Бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне келесі талаптар қойылады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігінде орналастырылған ақпараттардың бар-жоғын және өзектілігін қарау;

      2) пайдаланушы қызметтерін алу тарихының журналын қарау;

      3) операциялар мәртебелері, маңызды оқиғалар туралы пайдаланушыны push-хабарламалар, SMS және (немесе) электрондық пошта арқылы міндетті түрде хабардар ету;

      4) Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіндегі хабарламалар мен қауіпсіздік параметрлерінің баптауларын басқару;

      5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілт сертификатын кері қайтарып алу функционалын пайдалану.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады