БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржылық құралдар аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеңілдетілген кредит беру аясында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37798 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 1 маусымдағы № 214 бұйрығына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы:
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және/немесе тікелей сатып алуға жеңілдетілген кредит беру және/немесе субсидиялау бойынша ақпарат
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі: ФТС-01
Кезеңділігі: ай сайын
Есептік кезең: 20__ жылғы_________
Нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
Нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей
Жеке сәйкестендіру нөмірі /
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Деректерді жинау тәсілі: электрондық түрде
1-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру туралы ақпарат
№ | Облыс | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыстың коды | Өтінімдердің жалпы пулы | Өтінімдер саны | ||||||||||
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны |
| сома, мың теңге | қаралуда | Облыстардың үйлестіру кеңестерінің бекіткені | берілгені | |||||||||
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны | егіс алаңы, гектар | сома, мың теңге | агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны | егіс алаңы, гектар | сома, мың теңге | агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны | егіс алаңы, гектар | сома, мың теңге | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Барлығы | ||||||||||||||
2-бөлім. Облыстар бөлінісінде түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру туралы ақпарат
№ | "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ филиалы | Түпкілікті қарыз алушының атауы (агроөнеркәсіптік кешен субъектісі) | Түпкілікті қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнессәйкестендіру нөмірі | Сома, мың теңге | Қарыз шартының күні мен нөмірі | Егіс алаңы, гектар | Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері | Көлемі, тонна |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жиыны | ||||||||
3-бөлім. Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша ақпарат
№ | Облыс | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды | Өтінімдер саны | Бидай | Арпа | Күнбағыс | Зығыр | |||||||
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны | егіс алаңы, гектар | сома, мың теңге | сыныбы | гектар | сома, мың теңге | сыныбы | гектар | сома, мың теңге | гектар | сома, мың теңге | гектар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Жиыны | ||||||||||||||
кестенің жалғасы
Зығыр | Рапс | Жүгері | ||
сома, мың теңге | гектар | сома, мың теңге | гектар | сома, мың теңге |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Мекенжайы ______________________
Телефон _________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________
Орындаушы ________________________________ ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) электрондық цифрлық қолтаңба
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) электрондық цифрлық қолтаңба
М. О. _________________________________________
Әкімшілік деректерді өтеусіз енгізде жинауға арналған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және/немесе тікелей сатып алуға жеңілдетілген кредит беру және/немесе субсидиялау бойынша ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(Индекс: нысан № ФТС-01, кезеңділігі: ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және/немесе тікелей сатып алуға жеңілдетілген кредит беру және/немесе субсидиялау бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы толтырады.
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. 1-бөлімнің 2-бағанында тиісті облыс көрсетіледі.
8. 1-бөлімнің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыстың коды көрсетіледі.
9. 1-бөлімнің 4, 5 және 6-бағандарында қаралып жатқан өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.
10. 1-бөлімнің 7, 8 және 9-бағандарында қаралып жатқан өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.
11. 1-бөлімнің 10, 11 және 12-бағандарында облыстардың Үйлестіру кеңестері бекіткен мақұлданған өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.
12. 1-бөлімнің 13, 14 және 15-бағандарында кредиттер бойынша қаржыландыру берілген өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сома (мың теңгемен) көрсетіледі.
13. 2-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
14. 2-бөлімнің 2-бағанында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ филиалының атауы көрсетіледі.
15. 2-бөлімнің 3-бағанында түпкілікті қарыз алушының (агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің) атауы көрсетіледі.
16. 2-бөлімнің 4-бағанында түпкілікті қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
17. 2-бөлімнің 5-бағанында алынған кредит сомасы (мың теңгемен) көрсетіледі.
18. 2-бөлімнің 6-бағанында түпкілікті қарыз алушының қарыз шартының күні мен нөмірі көрсетіледі.
19. 2-бөлімнің 7-бағанында егіс алаңы (гектар) көрсетіледі.
20. 2-бөлімнің 8-бағанында ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері көрсетіледі.
21. 2-бөлімнің 9-бағанында ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі, тоннамен көрсетіледі.
22. 3-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
23. 3-бөлімнің 2-бағанында тиісті облыс көрсетіледі.
24. 3-бөлімнің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыстың коды көрсетіледі.
25. 3-бөлімнің 4, 5 және 6-бағандарында кредиттер бойынша қаржыландыру берілген өтінімдер туралы ақпарат: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің саны, егіс алаңы (гектар), сомасы (мың теңгемен) көрсетіледі.
26. 3-бөлімнің 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандарында бидай, арпа, күнбағыс, зығыр, рапс және жүгері сияқты ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша кредитпен қамтылған гектарлардағы дақыл сыныбы, егіс алаңы (гектар) туралы мәліметтер көрсетіледі.
