ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;";
7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
7) цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
8) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
орыс тіліндегі 1-тараудың 3-тармағына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы өтініш жолдайды.
6. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталуына екі сағат қалғанда немесе жұмыс күні аяқталғаннан кейін, сонымен қатар еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.";
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету барысында, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді,.";
12-1, 12-2, 12-3, 12-4-тармақтары мынадай мазмұндармен толықтырылсын:
"12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
12-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін келесідей жағдайларда тоқтата тұрады:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдарда не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда.
12-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) Осы Қағиданың 12-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) Осы Қағиданың 12-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
12-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін келесідей жағдайларда тоқтата тұрады:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Жауапта көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы шешім қабылдаған негіздемелер бар негіздердің толық тізбесі, сондай-ақ шағым жасау мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, отыз жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. |
Н. Алдамжаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу" мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялар |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | Порталға жүгінген сәтінен бастап – 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Порталдың жұмысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес қөрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе аяқталуға екі сағат қалғанда сонымен қатар, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Нысанды салу кезінде Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруді, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын, ұңғымаларды бұрғылауды, жерүсті су объектілерін санациялауды, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, Қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады: |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы ӨТІНІШ
Кімге: ______________________________ ________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен: ____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш иесінің мекенжайы ____________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)
Өтініш иесінің деректемелері __________________________________________
(жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi,
_______________________________________________________________
заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (бар болса) ____________________
Арнайы су пайдалануға рұқсат (бар болса) _______________________________
(нөмірі, берілген күні)
Жобалаушы ұйымның мемлекеттік лицензиясының нөмірі (объектiнiң бас
жоспарының көшірмесі ұсынылған жағдайда)
_________________________________________________________________
(нөмірі, берілген күні)
________________________________________________________ сұраймын.
(өтініштің мақсаты)
Мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші _______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (заңды тұлға үшін лауазымы)
(электрондық цифрлық қолтаңба)
Берілген күні:________________________________________________________
күні, айы, жылы. (электрондық цифрлық қолтаңба)
"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу" мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялар |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | Порталға жүгінген сәтінен бастап – 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Порталдың жұмысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес қөрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе аяқталуға екі сағат қалғанда сонымен қатар, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Нысанды салу кезінде Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруді, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын, ұңғымаларды бұрғылауды, жерүсті су объектілерін санациялауды, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, Қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады: |