Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 225/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырда № 38650 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 48-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық даму
министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 225/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесінің жұмыс істеу және оған қосылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 48-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесінің жұмыс істеу және оған қосылу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) интеграциялық өзара іс-қимылдың бастамашысы (бұдан әрі – бастамашы) – мемлекеттік органның қызметін цифрландыру, оның ішінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне қосылуға бастамашылық жасайтын цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі;

      2) ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі (бұдан әрі – ұлттық жүйе) – бет пішіні негізінде биометриялық сәйкестендіруге арналған, құрылуын, дамуын, сүйемелденуін және жүйелік-техникалық қызмет көрсетілуін "цифрлық үкімет" операторы жүзеге асыратын "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі;

      3) "цифрлық үкімет" операторы (бұдан әрі – оператор) – Үкімет айқындайтын, "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      4) цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін цифрлық ресурстардың функционалдық байланысқан кешені.

2-тарау. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеу тәртібі

      3. Ұлттық жүйенің жұмыс істеу тәртібі ұлттық жүйеде жиналған биометриялық деректерді жинауды, пайдалануды, сақтауды және жоюды қамтиды.

      4. Жинау "Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21498 болып тіркелген) (бұдан әрі – Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидалары), "Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32810 болып тіркелген), "Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 199/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32889 болып тіркелген) сәйкес тұлғаның дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімін ескере отырып, оның биометриялық деректерін алуды қамтиды.

      5. Тұлғаның биометриялық деректерін жинау қорытындысы бойынша ұлттық жүйеде тұлғаның эталондық бейнесі қалыптастырылады.

      6. Ұлттық жүйедегі тұлғаның эталондық бейнесін пайдалану процесі осы бейнені алғашқы және кейінгі салыстыру және беру кезеңдерін қамтиды.

      7. Биометриялық сәйкестендіру процесінде ұлттық жүйедегі тұлғаның эталондық бейнесімен салыстыру кезінде, алмастыруды болдырмау мақсатында ағымдағы бет бейнесінің дұрыстығын тексеру рәсімі жүргізіледі, ол сәйкессіздік белгілерін, оның ішінде қолдан жасалған, статикалық немесе алдын ала жазылған бейнелерді және (немесе) бейнематериалдарды пайдалану белгілерін анықтау тұрғысынан бейне ағынын автоматтандырылған талдауды қамтиды.

      8. Тұлғаның ағымдағы бет бейнесінің дұрыстығын тексеру рәсімі ұлттық жүйенің техникалық және бағдарламалық құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады және биометриялық сәйкестендіруден өту әрекеттерін дәйекті тіркеуді көздейді.

      9. Ұлттық жүйеде бейнелерді алғашқы салыстыру "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан немесе "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – цифрлық жүйелер) алынған биометриялық деректер негізінде жүреді, бейнелерді кейінгі салыстыру ұлттық жүйедегі эталондық бейнелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      Жеке басын анықтау мақсатында бейнелерді алғашқы салыстыру үшін цифрлық жүйелерден алынған ағымдағы бет бейнесі және жеке басты куәландыратын құжаттар пайдаланылады.

      10. Биометриялық сәйкестендіру рәсімі аяқталғаннан кейін бастамашыға биометриялық сәйкестендіруден сәтті немесе сәтсіз өткені туралы ақпарат электрондық хабарламамен беріледі.

      11. Цифрлық жүйелерден алынған және (немесе) тұлғаның дұрыс бейнесін өңдеу нәтижесінде қалыптасқан биометриялық деректер Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларына сәйкес тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі алынғаннан кейін сақталуға және (немесе) жойылуға тиіс.

3-тарау. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесіне қосылу тәртібі

      12. Бастамашы ұлттық жүйеге қол жеткізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (sb.egov.kz) (бұдан әрі – веб-портал) арқылы ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне қосылуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) қалыптастырады және оны қарау және ұлттық жүйеге қосылу туралы шешім қабылдау үшін операторға жібереді.

      13. Оператор веб-портал арқылы өтінімді қарау қажеттігі туралы хабарлама алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім бойынша жауап жібереді.

      Өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық еместігі және дұрыс еместігі анықталған жағдайда, оператор веб-порталда қайта жүгіну үшін интеграциядан бас тарту туралы уәжді қорытынды жібереді.

      14. Өтінім келісілген жағдайда оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде бастамашыға интеграцияны тестілеу жүргізу үшін ұлттық жүйенің тестілік ортасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      15. Бастамашы оператормен бірлесіп 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде оң нәтиже алғанға дейін интеграцияны тестілеуді жүргізеді.

      16. Тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда бастамашы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеу және пайдалануға беру актісін қалыптастырады, оған уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды және операторға келісуге жібереді.

      Теріс нәтиже болған жағдайда интеграцияны тестілеу оң нәтиже алғанға дейін жалғасады.

      17. Оператор өтінімді және тестілеу мен пайдалануға беру актісін алған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде аталған актіні электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келіседі.

      Тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, оператор тестілеу және пайдалануға беру актісін бастамашыға пысықтауға қайтарады.

      Бастамашы 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тестілеу және пайдалануға беру актісін пысықтауды жүзеге асырады және оны операторға қарауға қайта жібереді.

      Өтінімді және тестілеу мен пайдалануға беру актісін қайта қарауды оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Тестілеу және пайдалануға беру актісі оң келісілген жағдайда, оператор 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бастамашыға ұлттық жүйеге қосылуға арналған шарт жобасын жібереді.

      Бастамашыға ұлттық жүйеге қол жеткізуді оператор ұлттық жүйеге қосылуға арналған шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

  Ұлттық биометриялық
аутентификация жүйесінің
жұмыс істеуі және оған қосылу
қағидаларына 1-қосымша

Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесіне қосылуға арналған өтінім

Интеграциялық өзара іс-қимылдың бастамашысы

1. Ұйым атауы (міндетті түрде толтырылады)


2. ЖСН/БСН (міндетті түрде толтырылады)


3. Пайдалануға жауапты лауазымды тұлға (міндетті түрде толтырылады)


 
Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының ақпараттық жүйесі

1. Цифрлық жүйенің атауы (міндетті түрде толтырылады)


2. Қайта бағыттау URI (Redirect URI), оған пайдаланушы сәтті аутентификациядан кейін қайта бағытталады (міндетті түрде толтырылады)


3. Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының цифрлық жүйесінің пайдаланушылық келісіміне сілтеме (міндетті түрде толтырылады)


4. Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының цифрлық жүйесінің құпиялылық саясатына сілтеме (міндетті түрде толтырылады)


5. Логотип (толтыру міндетті емес)


Күні "___" _______________ 20__ ж. Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының уәкілетті тұлғасы __________________________________________

(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Ұлттық биометриялық
аутентификация жүйесінің
жұмыс істеуі және оған қосылу
қағидаларына 2-қосымша

Тестілеу және пайдалануға беру актісі

1. "Цифрлық үкімет" операторы


2. Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының атауы (міндетті түрде толтырылады)


3. "Цифрлық үкімет" операторының цифрлық жүйесі (міндетті түрде толтырылады)


4. Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының цифрлық жүйесі (міндетті түрде толтырылады)


5. Қорытынды (міндетті түрде толтырылады)


6. Тестілеу сценарийі (міндетті түрде толтырылады)


7. Тестілеу нәтижелері бойынша шешім (міндетті түрде толтырылады)


8. Пайдалануға берілген күні (міндетті түрде толтырылады)


Күні "___" _______________ 20__ ж. Интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашысының уәкілетті тұлғасы __________________________________________

(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады