"Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 386 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 қарашада № 38594 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

4

Бақылау субъектісінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат бермеуі

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7

Нотариаттық іс жүргізуді тиісінше жүргізбеу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту;
істер номенклатурасын жасау;
істерді қалыптастыру;
істер тізімдемесін ресімдеу және жасау;
құжаттарды сақтау;
істерді мемлекеттік немесе жекеше нотариаттық архивке беру;
архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
істерді жою;
нотариустың мөрлерін, мөртабандары мен бланкілерін пайдалану және сақтау;
мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу;
өсиеттерді есепке алу;
шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінің болуы және жүргізілуі, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу

болмашы

      ";

      реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

Жеке нотариаттық архивтің, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырудың болмауы

өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парағына 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

3

Бақылау субъектісінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат бермеуі



      ";

      реттік нөмірі 5-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

5

Нотариаттық іс жүргізуді тиісінше жүргізбеу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту; істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру;
істер тізімдемесін ресімдеу және жасау; құжаттарды сақтау;
істерді мемлекеттік немесе жекеше нотариаттық архивке беру;
архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою;
нотариустың мөрлерін, мөртабандары мен бланкілерін пайдалану және сақтау;
мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу;
өсиеттерді есепке алу;
шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінің болуы және жүргізілуі, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу



      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парағына 6-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Жеке нотариаттық архивтің, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырудың болмауы



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет және Ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
__________С.Жумангарин
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
__________Е.Сарсембаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады