Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38584 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
Е. Тұяқбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 156 Бұйрықпен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8600 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бейнеконференц-байланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін цифрлық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Қандас" АЦЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесі құрамындағы жүйе;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік цифрлық порталы – Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында цифрлық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі;";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттарды қабылдайтын мансап орталықтың қызметкері "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерге (бұдан әрі – ЦЖ) сұрау салулар қалыптастырады:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы ЦЖ-да – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "АХАЖ" ЦЖ-да (азаматтық хал актілерінің жазбалары) – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);

      "Е-қамқоршылық" ЦЖ-да – қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

      "Жоғарғы Сот" ЦЖ-да – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі бойынша.

      Өтініш берушілерден цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шығу өңірінің мансап орталығының қызметкері қандас пен оның отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізе отырып және барлық міндетті жолдарды толтыра отырып қандастың өтінішін "migration.enbek.kz" цифрлық порталында (бұдан әрі – Портал) тіркейді.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңбек мобильділігі орталығының басшысы бір жұмыс күні ішінде "Отбасының цифрлық картасы" цифрлық жүйесі арқылы толтырылған сауалнама деректерін, оның ішінде өтініш берушінің басқа жақын отбасы мүшелерінің (ата-аналарының, балаларының) болуын және/немесе болмауын тексереді және ескертулер болмаған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны шығу өңірінің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға қарауға жібереді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Егер мансап орталығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 23-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін жұмыс қандастарға лайықты жұмыс таба алмаса немесе қандас ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда мансап орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығына мансап орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойған қандасты жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын "Еңбек нарығы" АЦЖ арқылы электрондық түрде жібереді.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қандаспен келісілгеннен кейін бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі жоспар "Қандас" АЦЖ цифрлық жүйесіне және мобильді қосымшаға оны келіскеннен және қабылдау аймағының еңбек мобильділігі орталығы бекіткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүктеледі.

      35. Оларды іске асыру және орындау фактісі бойынша бейімдеу және ықпалдастыру жоспары жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде "Қандас" АЦЖ цифрлық жүйесіндегі мансап орталығының қызметкері "Бейімдеу және ықпалдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп" бөлімінде толтырады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Бейімдеу және ықпалдастыру бойынша орындалған қызметтерді мансап орталығының қызметкері фото және бейнетіркеу арқылы растайды, олар мобильді қосымшаның "Бейімдеу және ықпалдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп" бөліміне жүктеледі және "Қандас" АЦЖ цифрлық жүйелерінде және отбасының цифрлық картасында көрсетіледі.";

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Мониторинг "Қандас" АЦЖ, отбасының цифрлық картасы және мобильді қосымша арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен "Қандас" АЦЖ-ға расталған фактілер бойынша жүзеге асырылады.

      45. Қоныстандыру өңіріне келген қандастардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің тұрақты тұруын есепке алу жөніндегі мониторинг Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес "Көші-қон полициясы" цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      50. ЕРДО бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бағалау нәтижелері туралы қорытындыны цифрлық форматта, тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады, онда мыналар:";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16.

"Еңбек нарығы" цифрлық жүйесінде тіркеу

      ";

      3-қосымшада:

      18-бағана мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Еңбек нарығы" цифрлық жүйесінде тіркеу

18

      ".

      2. "Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13047 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жәрдемақыларды берудің мониторингі мен есебін "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын қолдану арқылы ЖАО жүргізеді.".

      3. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтініш беруші жүгінген күні "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;".

      4. "Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну қағидаларында:

      2-тармақта:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Жеке тұлғалар "Мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;";

      7) Көші-қон полициясының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – КҚП ЦЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ "цифрлық үкімет" шеңберінде құрылып жатқан басқа цифрлық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын цифрлық жүйесі;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Қандас" АЦЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесі құрамындағы жүйе;";

      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Құтты мекен" цифрлық жүйесі (migration.enbek.kz) (бұдан әрі – "Құтты мекен" ЦЖ) - Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі болып табылады, көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз етеді;

      12) "Құтты мекен" ЦЖ жанындағы мобильді қосымша – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен функцияларға қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" ЦЖ жанындағы мобильдік қосымша арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға береді.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Құтты мекен" ЦЖ жанындағы мобильді қосымша арқылы этникалық қазақты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның өтінішін кіріс хат-хабар ретінде тіркеу туралы хабардар етеді.

      7. Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметкері "Құтты мекен" ЦЖ жанындағы мобильді қосымша арқылы құжаттарды қабылдаған күні өтініш берушіні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.";

      9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Құтты мекен" ЦЖ арқылы өтініш берушінің өтініші келіп түскен күннен бастап бір күн ішінде өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін ЖТ МДҚ мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді. ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН пайдаланады.

      9-1. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және өзге де ақпараттың, оның ішінде оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататыны туралы ақпараттың болуына тексеру үшін өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде "Қандас" АЦЖ арқылы:

      1) ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне;

      2) тиісті өңірлердің ұлттық қауіпсіздік органдарына сұрау салулар жібереді.

      Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық жүйесі арқылы әшкерелейтін мәліметтердің болуын өз бетінше тексереді.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖТ МДҚ-да ЖСН болмаған кезде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бір жұмыс күн ішінде "Қандас" АЦЖ арқылы ЖСН генерациялау үшін КҚП ЦЖ-ға электрондық сұрау салу жібереді.

      11. ЖСН генерацияланғаннан кейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Қандас" АЦЖ-ға "Ата жолы" картасын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және "Құтты мекен" ЦЖ арқылы өтініш берушіні өзінің шешімі туралы хабардар етеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінен ақпарат келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес қабылданған шешім негізінде "Ата жолы" картасын "Құтты мекен" ЦЖ арқылы не өтініш беруші келгеннен кейін қолма-қол осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.";

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33163 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;".

      6. "Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Қандас" АЦЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесі құрамындағы жүйе;";

      4 және 5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Құтты мекен" мобильдік қосымша немесе "migration.enbek.kz" порталы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" АЦЖ-ға түседі.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" АЦЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" АЦЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде оны қоса берілген құжаттармен бірге "Қандас" АЦЖ арқылы Комиссияның қарауына жібереді.".

  Тізбеге қосымша
Шетелде тұратын этникалық
қазақтар үшін "Ата жолы"
картасын ұсыну қағидалдарына
1-қосымша
Нысан
  _________________________
  _________________________
  (өңірдің атауы)
  _________________________
  _________________________
  (өтініш берушінің тегі, аты,
  әкесінің аты (ол болған жағдайда))
  _________________________
  _________________________
  (мекенжайы бойынша тұратын)

"Ата жолы" картасын ұсыну өтініш

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)


      Келесі отбасы құрамы бар:

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5

      Тарихи Отанда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келуді жоспарлауыма байланысты маған "Ата жолы" картасын ұсынауды сұраймын.

      "Дербес деректер туралы" Заңның 8-бабына сәйкес "Ата жолы" картасын ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)___________________________________;

      2)___________________________________;

      3)___________________________________;

      4)__________________________________ ;

      ..)___________________________________

      Мен келтірген мәліметтердің дұрыс екенін куәландырамын. дұрыс емес мәліметтер "Ата жолы" картасын ұсынудан бас тартуға негіз бола алатыны туралы хабардар етілді.

      Мен осы міндеттемелерді орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы хабардармын.

      Шешімді алу тәсілі (электрондық пошта, "Құтты мекен" ЦЖ жанындағы мобильді қосымшасы).

      20__жылғы "__" ________________

      _____________________

      (өтініш берушінің қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады