Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38557 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11-5) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:

      Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

      "6) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі – дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрландыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;";

      Қағидалардың 11 және 12-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады:

      "11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарына және өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
К. Кажкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интелект және

      цифлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 190 Бұйрыққа 1-қосымша

Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 11-5) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі – дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – кепілді тіркеу туралы өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге беретін кепіл ұстаушы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және олар бойынша талап ету құқықтарын беру туралы мәліметтерді жүйелеуге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе;

      5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) үлес – салынған көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрамына кіретін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес реновациялау шеңберіндегі үлескерге берілетін көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер немесе тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі жер учаскесі бар жеке тұрғын үй.

2-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу тәртібі

      3. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

      4. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу Жүйе арқылы берілген Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеуге арналған өтінімі кепіл берушінің дербес деректерін, кепіл ұстаушының деректерін және кепіл туралы мәліметтерді қамтиды. Дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      Кепіл берушінің дербес деректерін жүйеде алу "Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27963 болып тіркелген) дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисінің жұмыс істеу қағидаларының 6 тармағына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтінім Жүйеде тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Жүйе өтінімді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Өтінім және қоса берілген құжаттар тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      7. Өтінімдегі мәліметтер дұрыс болған және мемлекеттік қызметті көрсетуге ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Кепіл шартын жүйеде тіркеуді жүзеге асырады. Кепіл шартын тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде қалыптастырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес кепілін тіркеу туралы үзінді көшірмені Жүйедегі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және кепіл берушінің электрондық поштасына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көзделген тиісті құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      8. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, кепілді тоқтату, үлестерді кепілді тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету тізбенің 10-тармағында көзделген тиісті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      9. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, кепілді тоқтату, үлестерді кепілді тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтінім Жүйеде тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      10. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, кепілді тоқтату, үлестерді кепілді тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету үшін көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді қарау рәсімі осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Өтінімдегі мәліметтердің дұрыстығы және тіркеуге ұсынылған құжаттардың толықтығы жағдайында көрсетілетін қызметті беруші жүйе арқылы кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуді, кепілді тоқтатуды, кепілді тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзетуді жүзеге асырады.

      Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде, үлестерді кепілді тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету кезінде көрсетілетін қызметті беруші қол қояды, ал жүйе автоматты түрде қалыптастырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде үлестің кепілін тіркеу туралы үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушының жүйедегі жеке кабинетіне және кепіл берушінің электрондық поштасына жібереді.

      Кепіл тоқтатылған кезде көрсетілетін қызметті беруші қол қояды, ал жүйе автоматты түрде қалыптастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің кепілін тіркеуден шығару туралы үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушының жүйедегі жеке кабинетіне және кепіл берушінің электрондық поштасына жібереді.

      Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге, кепілді тоқтатуға, кепілді тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзетуге өтінім мәліметтерінде сәйкессіздіктер және (немесе) ұсынылған құжаттардың толық выявстігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды шығарады. өтінім жүйеге келіп түскен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешірек.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын тұлғалар.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

      Шағымданатын әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      14. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде оң шешім қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарға толық сәйкес келетін әрекет жасаған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      15. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  "Көппәтерлі тұрғын үйдегі
немесе жеке тұрғын үйлер
кешеніндегі үлестердің кепілін
тіркеу" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы

Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

1. Үлестерді кепілге қоюды тіркеу;
2. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу;
3. Үлестік кепілдің тоқтатылуы;
4. Кепіл үлестерін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Ақпараттандыру объектісі - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-Жүйе) www.qazreestr.kz

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет жүйеге өтінім келіп түскен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1)көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде үлестің кепілін (кепіл шартының талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар, техникалық қателерді түзету) тіркеу туралы үзінді көшірме;
2)көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті кепілден шығару туралы үзінді көшірме;
3)көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірілген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Кепілді тіркеу:
1) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу туралы өтінім;
2) электрондық кепіл шарты.
2. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу:
1) кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы өтінім;
2) кепіл шартына электрондық Қосымша келісім.
3. Кепілдің тоқтатылуы:
1) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тоқтату туралы өтінім;
2) кепілдің тоқтатылғанын растайтын электрондық құжат.
4. Үлестер кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету:
1) үлестердің кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету туралы өтінім.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

  "Көппәтерлі тұрғын үйдегі
немесе жеке тұрғын үйлер
кешеніндегі үлестердің кепілін
тіркеу" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

___________________________________________________________________

органның атауы

Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу туралы үзінді көшірме

      Тіркеу нөмірі:

      Тіркелген күні:

      Кепіл беруші туралы мәліметтер (кепіл берушінің уәкілетті тұлғасы туралы):

      ___________________________________________________________

      (кепіл берушінің немесе кепіл берушінің уәкілетті тұлғасының деректемелері)

      Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      (кепіл ұстаушының деректемелері)

      Кепіл шартын жасасу орны: ______________

      Кепіл шартының нөмірі мен жасалған күні: ______________

      Кепіл нысанасы туралы сипаттама (мүліктің тізбесі мен сипаттамасы): ___

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы: ________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі: ________

      Кепілге қойылған мүлік иелігінде және пайдалануында қалады: _________

      Кепіл берушінің кепілге қойылған мүлікті пайдалануға жол беруі: ________

      Кепіл шартына қосымша келісімнің нөмірі және жасалған күні (бар болса):

      _____________________

      Электрондық цифрлық қолтаңба туралы мәліметтер

  "Көппәтерлі тұрғын үйдегі
немесе жеке тұрғын үйлер
кешеніндегі үлестердің кепілін
тіркеу" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

___________________________________________________________________

органның атауы

Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестің кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама

      Бірегей өтінім нөмірі: ______________________

      Күні: __________________

      Бас тартуға негіз: _________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (заңның баптарына сілтемелері бар дәлелді бас тарту мәтіні)

      Электрондық цифрлық қолтаңба туралы мәліметтер

  "Көппәтерлі тұрғын үйдегі
немесе жеке тұрғын үйлер
кешеніндегі үлестердің кепілін
тіркеу" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

____________________________________________________________________
органның атауы
Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің кепілін тіркеуден шығару туралы үзінді көшірме

      Тіркеу нөмірі:

      Тіркелген күні:

      Кепіл шартын тоқтату үшін негіз______________ (шарт бойынша деректер):

      _________________________________________________________________

      (кепілді тіркеуден шығару туралы мәтін)

      Электрондық цифрлық қолтаңба туралы мәліметтер

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 190 Бұйрыққа 2-қосымша
"Көппәтерлі тұрғын үйдегі
немесе жеке тұрғын үйлер
кешеніндегі үлестердің кепілін
тіркеу" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы

Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

1. Үлестерді кепілге қоюды тіркеу;
2. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу;
3. Үлестік кепілдің тоқтатылуы;
4. Кепіл үлестерін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Цифрлық объектісі – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет жүйеге өтінім келіп түскен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1)көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде үлестің кепілін (кепіл шартының талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар, техникалық қателерді түзету) тіркеу туралы үзінді көшірме;
2)көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті кепілден шығару туралы үзінді көшірме;
3)көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірілген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Кепілді тіркеу:
1) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу туралы өтінім;
2) электрондық кепіл шарты.
2. Кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу:
1) кепіл шартының талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы өтінім;
2) кепіл шартына электрондық Қосымша келісім.
3. Кепілдің тоқтатылуы:
1) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тоқтату туралы өтінім;
2) кепілдің тоқтатылғанын растайтын электрондық құжат.
4. Үлестер кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету:
1) үлестердің кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету туралы өтінім.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде цифрлық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, жүйе арқылы цифрлық нысанда алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады