"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38555 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында:

      28-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) өтінімді беру үшін сараптама орталығының цифрлық жүйесінің атауы мен сілтемесі;";

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын шарттар бойынша грант алушылар ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей сараптама орталығының цифрлық жүйесі арқылы күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді сараптама орталығына ұсынады.";

      55-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) өтінімді беру үшін сараптама орталығының цифрлық жүйесінің атауы мен сілтемесі;";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар ғылыми ұйымдар жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде салалық уәкілетті органдармен келісілген тізбеге енгізуге арналған өтінімдерді және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді сараптама орталығының цифрлық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

      "ақпараттық жүйеде" деген сөздер "цифрлық жүйеде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:

      "ақпараттық жүйеде" деген сөздер "цифрлық жүйеде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8 және 9-қосымшаларда "Т.А.Ә. (бар болса)" деген сөздер "Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады