"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12913 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15122 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |