"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 сәуірде № 38483 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу тәртібі

      9. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мониторингілеу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің жай-күйін және даму перспективаларын талдау үшін қажетті, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында тәуекел дәрежесін және заңнама талаптарының сақталуын бағалау мақсатында мәліметтерді жинау және өңдеуді қамтиды.

      10. Мониторингті жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар болып табылатын субъектілерге қатысты жарты жылда бір рет жүргізеді.

      11. Мониторинг Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесіндегі мынадай:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың саны туралы;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін негізгі қызметкерлердің саны туралы;

      3) шығыстардың ерекшеліктері бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін бөлінген және игерілген жергілікті бюджет қаражатының көлемі туралы;

      4) субъектілер көрсеткен арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері туралы деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады.

      12. Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған цифрлық жүйелерінде жартыжылдықта бір рет (бірінші жартыжылдықта – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, екінші жартыжылдықта – есепті жылдан кейінгі 15 қаңтарға дейін) қалыптастырылатын қорытынды талдамалық есептерде көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады