ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тізілімінде № 17131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда:
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 121-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан көмірсутек кен орындарын барлау мен игеруге қойылатын талаптарды белгілейді және Қазақстан Республикасының құзыретті органының, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның және олардың аумақтық органдарының, жер қойнауын пайдаланушылардың (операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың) және ұйымдардың пайдалануына арналған.
Осы Қағидалардың талаптары пайдалы қазбалардың басқа түрлеріне қолданылмайды.";
4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін бекітілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және осы жобалар бойынша барлау мен игеруді жүргізу тәртібі 4, 6, 10-тарауларды қоспағанда, осы Қағидалардың ережелерімен реттеледі.
5. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геологиялық қорлар – кенжатындағы көмірсутектер қорлары;
2) жұмсақ режим – осы Қағидалардың 263-1-тармағында көрсетілген барлау кезеңінде ұңғымаларды уақытша пайдалану кезіндегі жұмсақ жұмыс режимін қамтамасыз ететін технологиялық өлшемшарттарға сәйкес келетін уақытша пайдалану кезеңіндегі ұңғыманың жұмыс режимі;
3) көмірсутектер – мұнай, шикі газ және табиғи битум;
4) күрделі жобаларға мыналар жатады:
Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) кез келген көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін теңіз жобалары;
газ немесе газ конденсатының кенжатыны немесе мұнайға қаныққан бөлігі көлемінің үлесі кенжатынның немесе кен орнының жалпы көмірсутектер көлемінің жиырма бес және одан аз пайызы болатын кен орны бар жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін құрлықтағы газ жобалары;
мынадай: құрамында дәстүрлі емес көмірсутектер қоры болатын; анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын; табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын; табылған кенжатын (кен орны) ұңғыманың оқпанындағы сұйықтықтың тығыздығы 1000 кг/м3 болатын гидростатикалық қысымға қабаттық қысымның қатынасы ретінде айқындалатын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан жоғары аномальдық жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын; табылған кенжатын (кен орны) қалыңдығы 100 метрден асатын тұзды шөгінділердің астында орналасатын; табылған кенжатын құрылымдық емес тұтқыштарға жататын параметрлердің кем дегенде біреуі болатын жер қойнауының кез келген учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді көздейтін құрлықтағы жобалар;
5) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттары – барлау жұмыстарының жобасы; сынамалап пайдалану жобасы; көмірсутектер кен орнын игеру жобасы;
6) көмірсутектер кенжатыны – коллектор-жыныста және өткізбейтін жыныстар жапқыштарында түзілген тұтқыштағы көмірсутектердің табиғи оқшау жинақталуын қамтитын жер қойнауының бір бөлігі;
7) көмірсутектер кен орны – есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған бірыңғай құрылымдық элементпен бақыланатын және жергілікті бір алаңда орналасқан, бір немесе бірнеше тұтқыштарға жататын кенжаты немесе кенжатындар жиынтығы;
8) көмірсутектер кен орнын игеру (өнеркәсіптік игеру) – өндіру кезеңінде жүргізілетін көмірсутектерді өндіру;
9) көмірсутектер қорлары – қалыпты (0,1 МПа және 20°С) жағдайларға келтірілген, кенжаттағы мұнайдың, конденсаттың массасы, сондай-ақ газ көлемі;
10) көмірсутектер қорларын есептеу – көмірсутектердің кенжатындарын іздестіру, бағалау, сынамалап пайдалану және өнеркәсіптік игеру процесінде алынған барлық мәліметтерді біріктіретін жер қойнауын егжей-тегжейлі зерттеу, оның нәтижелері бойынша көмірсутектер қорларының саны есептеледі және сапасына баға беріледі;
11) көмірсутектердің қорларын жедел есептеу – көмірсутектердің кенжатындарын іздестіру және бағалау жүргізу процесінде алынған бастапқы мәліметтердің негізінде жаңадан табылған көмірсутектердің кенжатындары бойынша көмірсутектердің қорларын бағалау;
12) қабатты сынамалау – қабаттан ағынды шақырту, қабат сұйықтығының сынамаларын іріктеу, қабаттың қанықтығының сипатын бағалау, қабаттың негізгі гидродинамикалық параметрлерін және ұңғымалардың дебитін айқындау мақсатындағы жұмыстар кешені. Қабаттарды сынамалау ашық оқпанда ұңғымаларды бұрғылау процесінде, әрі пайдалану бағанасында жүргізіледі;
13) мұнай – шикі мұнай, газ конденсаты, тақтатасты мұнай, сондай-ақ шикі мұнайды тазартқаннан кейін және жанғыш тақтатастарды, мұнай битумды жыныстарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
14) сынамалап пайдалану – қабаттар мен кенжатынның, кен орнын әзірлеу жобасын жасау үшін ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеудің геологиялық-кәсіпшілік сипаты туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар. Сынамалап пайдалану ұңғымалар мен көмірсутектерді өндіруді зерттеу мақсаттарында уақытша пайдалануды көздейді;
15) тәуелді ұңғымалар – кенжатынның геологиялық құрылысын нақтылау мақсатында барлау жұмыстарының жобасында көзделген тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылаудың немесе басқа де геологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша бұрғылау орындылығы және орналасу нүктелері анықталатын іздестіру немесе бағалау ұңғымалары;
16) тәуелсіз ұңғымалар – кенжатын (кенжатындар жиынтығы) құрылысының негізгі сипаттарын айқындау үшін бұрғыланатын және геофизикалық зерттеулердің деректеріне, іздестіру мақсатындағы бұрғылау нәтижелеріне қарай орналастыру көзделетін алғашқы кезектегі іздестіру немесе бағалау ұңғымалары;
17) техникалық жобалау құжаттары – базалық жобалау құжаттарының негізінде әзірленетін, мына жобалау құжаттарын қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін құжаттар: сейсмикалық жұмыстар жобасы, ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі техникалық жоба; ұңғымаларды консервациялау немесе жою жобасы; жайластыру жобасы, жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы; технологиялық объектілерді жою немесе консервациялау жобасы; көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы;
18) ұңғыманы сынау – зерттеу мақсатында өндіру кезеңінде өндіру учаскесін барлау және жете барлау кезінде ұңғыманы уақытша пайдалану;
19) ұңғымаларды уақытша пайдалану – ұңғымалардың жұмсақ жұмыс режимі сақталған кезде, сондай-ақ егер ұңғыманы сынау нәтижелері бойынша мұнай құрамында шикі газдың бар екені анықталса, газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бар болған кезде барлау кезеңінде объектілерді сынау және өндіру кезеңінде өндіру учаскесін жете барлау үшін 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге ұңғыманы пайдалану.";
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Іздестіру немесе барлау ұңғымалары бөлінісінде өнімді қабаттар (ұңғымадағы сынау объектілері) бөлінген кезде барлау жұмыстарының жобасында белгіленген мерзімде ұңғымалардың объектілерін сынау жүргізіледі. Әрбір өнімді қабатты (ұңғымадағы сынау объектісін) сынауды әрбір сынау объектісі үшін кәсіптік-геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенін жүргізе отырып, 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде сынауға жол беріледі.
Шикі газды қайта өңдеуді дамытудың бекітілген бағдарламасы болған жағдайда ұңғымадағы объектілерді 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге сынауға жол беріледі.
Ілеспе газды кәдеге жаратпай не өндірілетін газды қайта өңдеусіз (кәдеге жаратпай) өндіру кезеңінде өндіру учаскесін барлау және жете барлау кезеңінде бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануға жол берілмейді.
Іздестіру және бағалау ұңғымаларын уақытша пайдаланудың басталу сәтi ұңғымадағы объектілерді сынаудың белгiленген кезеңi (90 (тоқсан) күннен астам) аяқталғаннан кейiн ұңғыманың уақытша пайдалану режимiне iс жүзiнде ауысуы болып табылады.
Іздестіру және бағалау ұңғымаларын уақытша пайдалану кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидалардың 326-тармағына сәйкес мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде кәсіпшілік зерттеулер кешенін жүргізеді.";
23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"23. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір айдың ішінде құзыретті органды жазбаша түрде хабардар етеді және бағалау жұмыстарының жүргізілуін көздейтін барлау жұмыстарының жобасына, сондай-ақ бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалану шеңберінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына толықтыруды әзірлей бастайды.";
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"6) көмірсутектерді кен орнын игеру жобасында көзделген тәртіппен шығаруды;";
7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) аралық бағандар қысымын мониторингтеуді қамтамасыз етеді";
10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"10) шикі газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) бойынша бөлімді;";
11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) аралық бағандар қысымын мониторингтеу бойынша бөлімді";
231 және 232-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"231. Қандай да бір себептерге байланысты экономикалық тұрғыдан пайдалануы тиімсіз болып табылатын ұңғымалар Кодекстің 126-бабының 1-тармағына сәйкес көмірсутектер өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен пайдалану қорынан консервациялауға уақытша шығарылады.
232. Өз міндетін орындаған, одан әрі басқа жолмен пайдалану тиімсіз немесе мүмкін емес болып табылатын барлық ұңғымаларды Кодекстің 126-бабының 1-тармағына сәйкес көмірсутектер өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жою қажет.";
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-тарау. Ұңғымалардың міндеті";
14- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-тарау. Қабатқа әсер ету жүйесін игеру тәртібі";
мынадай мазмұндағы 245-1 және 245-2-тармақтармен толықтырылсын:
"245-1. Кодекстің 148-1-бабына сәйкес көмірсутек кен орындарында мұнай алуды ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар күрделілігіне қарай дәстүрлі және арнайы деп бөлінетін мұнай алуды ұлғайту әдістерін қолдана алады.
Мұнай алуды ұлғайтудың дәстүрлі әдістеріне кен орындарын игерудің бастапқы және қайталама тәсілдері жатады.
Бастапқы игеру тәсілі қабаттың ішкі энергиясының әлеуетін пайдалануға негізделген мұнай алу тәсілдерін білдіреді, мұнда мұнай ағыны шынайы табиғи факторлардың есебінен қамтамасыз етіледі. Бастапқы игеру тәсілдеріне мынадай режимдер жатады:
су айдау (табиғи);
серпінді (серпінді-су айдау);
газағындық (газ бүркемесі режимі);
еріген газ режимі;
гравитациялық режим;
аралас режим.
Қайталама игеру тәсілдері қабат энергиясын жасанды түрде ұстап тұруды пайдалана отырып, мұнай алуды көздейді және қабат қысымын жасанды түрде ұстап тұруға негізделеді. Қайталама игеру тәсілдеріне мыналар жатады:
суды айдау;
газды айдау.
Арнайы (үшіншілік) игеру әдістері – қабаттағы қалдық мұнайды қабат мұнайының және/немесе айдалатын агенттердің қасиеттеріне әсер ету арқылы мобилизациялауға бағытталған. Арнайы әдістер:
жылулық (буды айдау, бу-гравитациялық дренаж, еріткішті газ фазасында айдау, қабат ішіндегі жану, ыстық су айдау);
газдық (су-газдық әсер ету, көмірсутекті газды, көмірқышқыл газын, азотты, ауаны, түтін газдарын айдау);
химиялық (беттік-активті заттардың ерітінділерін, полимерлерді, сілтілерді, қышқылдарды, химиялық композицияларды, гель-полимерлі суландыру, мицеллярлық ерітінділерін айдау);
микробиологиялық;
аралас болып бөлінеді.
245-2. Мұнай алуды ұлғайтудың арнайы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін есептеу тәртібі мынадай түрде айқындалады:
мұнай алуды ұлғайтудың арнайы әдістерін қолданбай базалық мұнай өндірудің болжамды деңгейін айқындау аналитикалық немесе сандық әдістерді (геологиялық-гидродинамикалық модель) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Базалық өндіруді есептеудің аналитикалық әдістерін пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орындалады:
әрекеттесетін өндіруші ұңғымалардың тізбесін айқындау;
базалық кезеңді айқындау;
көрсеткіштерді болжау үшін қолданылатын әдісті айқындау (ығыстыру сипаттамалары – сулану қисықтары немесе өндірудің төмендеу қисықтары);
базалық мұнай өндірудің болжамды деңгейін есептеу.
Сандық әдістерді пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орындалады:
геологиялық-гидродинамикалық модель құру;
геологиялық-гидродинамикалық модельді игерудің нақты көрсеткіштеріне бейімдеу;
базалық мұнай өндірудің болжамды деңгейін есептеу.
Мұнай алуды ұлғайтудың арнайы әдістерін қолдана отырып өндірілген мұнай көлемі нақты өндіру деңгейі мен мұнай алуды ұлғайтудың арнайы әдістерін қолданбай базалық өндірудің болжамды деңгейі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Мұнай алуды ұлғайтудың арнайы әдістерін қолданбай базалық мұнай өндіруді есептеуді орындау көмірсутектер саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"16-тарау. Іздестіру, бағалау, өндіруші және қысыммен айдау ұңғымаларын пайдалану";
мынадай мазмұндағы 263-1-тармақпен толықтырылсын:
"263-1. Барлау кезеңінде іздестіру және бағалау ұңғымаларын пайдалануға жұмсақ жұмыс режимін қамтамасыз ететін мынадай технологиялық өлшемшарттар сақталған кезде жол беріледі:
Мұнай кенжатындары:
Іздестіру және бағалау ұңғымаларын уақытша пайдалануға фонтандық тәсілмен жол беріледі.
Газ бүркемесі бар кен орындары (қабаттық қысым қанығу қысымына тең) үшін уақытша пайдалануға жол берілмейді.
Қабаттық қысымы қанығу қысымынан жоғары жатындар үшін кенжарлық қысым қанығу қысымынан жоғары болған кезде ұңғымаларды пайдалануға жол беріледі.
Кенжарлық қысым қабаттық қысымның 0,85 бірлігінен төмен емес болған кезде ұңғымаларды пайдалануға жол беріледі.
Газ факторының газ құрамынан 10 %-дан аспайтын мөлшерде асуына жол беріледі.
Көмірсутектерді барлаудың күрделі жобаларына жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша қабаттық қысымның жыл сайын 5 %-ға дейін, жиынтығында бастапқы қабаттық қысымның 30 %-ына дейін, бірақ қанығу қысымынан төмен емес деңгейге дейін бірқалыпты төмендеуіне жол беріледі.
Көмірсутектерді барлаудың күрделі жобасы бойынша қабаттық қысымның жыл сайын 3 %-ға дейін, жиынтығында бастапқы қабаттық қысымның 50 %-ына дейін, бірақ қанығу қысымынан төмен емес деңгейге дейін бірқалыпты төмендеуіне жол беріледі.
Уақытша пайдалану процесінде сулануы 70 %-ға дейінгі ұңғымалардың жұмыс істеуіне жол беріледі.
Ұңғымалардың сулануы 70 %-дан жоғары болған кезде уақытша пайдалануға тыйым салынады.
Газ және газ-конденсат жатындары:
Кенжарлық қысым қабаттық қысымның 0,95 бірлігінен төмен емес болған кезде ұңғымаларды пайдалануға жол беріледі.
Қабаттық қысымның жыл сайын 2 %-ға дейін, жиынтығында бастапқы қабаттық қысымның 30 %-ына дейін, бірақ конденсацияланудың басталу қысымынан төмен емес деңгейге дейін бірқалыпты төмендеуіне жол беріледі.
Уақытша пайдалану процесінде сулануы 25 %-ға дейінгі ұңғымалардың жұмыс істеуіне жол беріледі.
Қабаттың сулануы 25 %-дан жоғары болған кезде уақытша пайдалануға тыйым салынады.";
274-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"274. Ұңғымаларды кез келген тәсілмен пайдалану оларда сорғылық-компрессорлық құбырлар бар болғанда жүзеге асырылады. Осы құбырлардың материалдары, өлшемдері және түсірілетін тереңдігі тартып шығарылатын сұйықтықтың ерекшелігіне, ұңғымалардағы термобарлық жағдайларға, пайдалану тәсіліне тәуелді және бекітілген әдістемелер мен ұсынымдар бойынша айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар тақтатас мұнайынан тұратынжер қойнауы учаскелеріне қолданылмайды.";
296-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"296. Ұңғымалардың жұмысын бақылау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтайтын зерттеу кешендері жүргізіледі: қабаттық флюидтің компоненттік құрамы, тұтқырлығы, тығыздығы, қанықтыру қысымы, газ мөлшері, көлемдік коэффициенті, шығарылған газ және газсыздандырылған мұнай құрамы, сондай-ақ газ мөлшері, коэффициенттің көлемі және қабаттық флюидтің тығыздылығының қысымнан тәуелділігі. Ұңғымалардан терең мұнай/газ конденсаты үлгілерін іріктеу графигін жаңа ұңғымаларды пайдалануға енгізу және оларды кен орнының бірқалыпты бөлуін есепке ала отырып, геологиялық-кәсіпшілік қызмет көрсетуі тиіс. Әрбір пайдалану объектісі үшін қабаттық флюидтің терең үлгілерін іріктеу және зерттеу жүргізіледі.";
334-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"334. Кен орындарын (мұнай және газ-мұнай) игеруді бақылау үшін ұңғымаларды зерттеу кешенінің ең төменгі кезеңділігі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ұңғымалар қоры ауқымды объектілерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қолданыстағы қорды зерттеулермен ұтымды қамту қамтамасыз етіледі.
Ұңғымалар саны аз объектілерде (жалпы қордың 50 ұңғымасынан аз) зерттеулер үлесі қамтылу мен алынатын нәтижелердің дәйектілігін арттыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша ұлғаяды. Зерттеулерді жоспарлау кезіңде нақты игеру объектісі үшін зерттеулердің оңтайлы көлемін айқындауға мүмкіндік беретін қамту картасы ескеріледі.";
346-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"346. Мұнай және газ-мұнай кен орындарын игеру кезіндегі геофизикалық, гидродинамикалық және физика-химиялық зерттеулердің кешенділігі мен кезеңділігі нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Зерттеулердің көлемі, кезеңділігі және құрамы алынатын қорлардың игерілу дәрежесін және игеруді басқарудың ағымдағы міндеттерін ескере отырып, игеру сатылары бойынша сараланады.
Игеру сатылары алынатын қорларды іріктеу үлесіне қарай айқындалады:
I – пайдалануға енгізу кезеңі – алынатын қорлардың 15 %-ына дейін іріктеу;
II – мұнай өндіруді тұрақтандыру (ең жоғары өндіру) кезеңі – 15 %-дан 40 %-ға дейін;
III – өндірудің табиғи төмендеу кезеңі – 40 %-дан 65 %-ға дейін;
IV – өндіру қарқыны төмен болатын және өнімнің сулануының жоғары дәрежесі сипатталатын соңғы (қорытынды) кезеңі – алынатын қорлардың 65 %-дан астамын іріктеу.
Сатылылық тұтастай кен орнына ғана емес, сондай-ақ игерудің жекелеген объектілеріне (қабаттар, кенжатындар, пайдалану объектілері) де қолданылады, өйткені олар бойынша қорларды игеру қарқыны, өндіру динамикасы және технологиялық көрсеткіштер айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Кен орнының геологиялық-физикалық ерекшеліктерін, қабылданған игеру жүйесін және жобалық шешімдерді ескере отырып, игеру сатысын белгілеу өлшемшарттарын нақтылуға және түзетуге жол беріледі.
Негізгі өлшемшарттарға өндірудің нақты динамикасы, алынатын қорларды іріктеу үлесі, өнімнің сулану деңгейі, газ факторының өзгеруі, қабаттың энергетикалық жай-күйі, сондай-ақ басқа да технологиялық және экономикалық көрсеткіштер жатады.
Игеру сатысы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасында белгіленеді.";
448-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"448. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою, көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау және (немесе) технологиялық объектілерді консервациялау және (немесе) жою тәртібі Кодекстің 126-бабының 1-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.";
III бөлім алып тасталсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірніші, жүз жиырма екінші, жүз жиырма үшінші, жүз жиырма төртінші, жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы, жүз жиырма жетінші, жүз жиырма сегізінші, жүз жиырма тоғызыншы, жүз отызыншы, жүз отыз бірінші, жүз отыз екінші, жүз отыз үшінші және жүз отыз төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 157-н/қ бұйрығына қосымша Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға |
|
| 3-қосымша |
Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеруді бақылау кезінде ұңғымаларды зерттеудің кешеніне ең төменгі қойылатын талаптар
№ | Зерттеу түрлері | Кезеңділігі |
Қолданыстағы | Ұңғыма санаттары |
Әзірлеудің І кезеңі | ||||
1 | Ағымдағы кәсіпшілік ақпарат | |||
1.1 |
Сұйықтық дебиті/ | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын, су жинағыш, сіңіргіш |
1.2 | Өнімнің сулануы | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған |
1.3 | Газ факторы | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, механикаландырылған | |
100 % | Фонтандық, газлифтілік, механикаландырылған | |||
1.4 | Буферлік (Рбуферлік) және құбыр сыртындағы (Рқұбыр) сағалық қысымдар | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су жинағыш, сіңіргіш, байқаушы |
айына 2 рет | 100 % | Су айдайтын, газ айдайтын | ||
1.5 | Кенжарлық қысым (Ркенжарлық) | айына1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын |
1.6 | Қабат қысымы (Рқабат) | тоқсанда 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын, су жинағыш, сіңіргіш |
Қабат қысымы (Рқабат) | жылына 6 рет | 100 % | Байқаушы және пьезометрлік | |
2 | Гидродинамикалық зерттеу | |||
2.1 | Сүзудің қалыптасқан және қалыптаспаған режимдеріндегі зерттеулер* | жылына 1 рет | 100 % | Фонтандық, механикаландырылған, газлифтілік, газ, газконденсатты, су айдайтын, газ айдайтын |
Қажеттілігіне қарай |
Су жинағыш, сіңіргіш, | |||
3 | Кәсіпшілік-геофизикалық әдістер** | |||
3.1 | Ағынның бейінін, көздерін және сулану аралықтарын зерттеу | жылына 1 рет | 50 % | Фонтандық, газлифтілік, газконденсатты, механикаландырылған электрлі центрифугалық сорғы және штангілі тереңдік сорғы, су жинағыш***, **** |
Қажеттілігіне қарай | Газ | |||
3.2 | Сіңіру бейіні (кешен техникалық жай-күйді анықтау жөніндегі кешенмен бірдей) | жылына 1 рет | 50 % | Айдайтын***** |
3.3 | Ұңғыманың техникалық жай-күйін анықтау | Қажеттілігіне қарай | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған электрлі центрифугалық сорғы, штангілі тереңдік сорғы, айдайтын және су жинағыш*** | |
3.4 | Су-мұнай, газ-мұнай газ-су контактілері орналасуын бақылау және мұнайға қанығудың өзгеруін бағалау | жылына 1 рет | 10 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған электрлі центрифугалық және штангілі тереңдік сорғы***** |
жылына 1 рет | 100 % | Пьезометрлік | ||
жылына 1 рет | 100 % | Байқаушы | ||
4 | Физика-химиялық зерттеу | |||
4.1 | Тереңдік сынамаларын алу****** | Әр кенжатынға кемінде 1 ұңғыма | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған | |
4.2 | Сағадан сынама алу | Абаттандыру мақсатында қажеттілігіне қарай | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған | |
жылына 1 рет |
бұтаға/ | Су жинағыш, сіңіргіш | ||
4.3 | Айдалатын суды талдау | жылына 1 рет | 100 % | Су айдайтын |
Әзірлеудің II кезеңі | ||||
1 | Ағымдағы кәсіпшілік ақпарат | |||
1.1 |
Сұйықтық дебиті/ | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су жинағыш, сіңіргіш, су айдайтын, газ айдайтын |
1.2 | Өнімнің сулануы | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газоконденсатты, механикаландырылған |
1.3 | Газ факторы | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, механикаландырылған | |
100 % | Фонтандық, газлифтілік, механикаландырылған | |||
1.4 | Буферлік (Рбуферлік) және құбыр сыртындағы (Рқұбыр) сағалық қысымдар | айына 2 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған |
айына 1 рет | 100 % | Су айдайтын, газ айдайтын, су жинағыш, сіңіргіш, байқаушы | ||
1.5 | Кенжарлық қысым (Ркенжарлық) | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын |
1.6 |
Қабат қысымы | жылына 2 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын, су жинағыш, сіңіргіш |
Қабат қысымы | жылына 4 рет | 100 % | Байқаушы және пьезометрлік | |
2 | Гидродинамикалық зерттеу | |||
2.1 | Сүзудің қалыптасқан және қалыптаспаған режимдеріндегі зерттеулер* | жылына 1 рет | 20 % | Фонтандық, механикаландырылған, газлифтілік, газ, газконденсатты, су айдайтын, газ айдайтын |
Қажеттілігіне қарай | Су жинағыш, сіңіргіш, сулы деңгейжиекті байқаушы | |||
3 | Кәсіпшілік-геофизикалық әдістер* | |||
3.1 | Ағынның бейінін, көздерін және сулану аралықтарын зерттеу | жылына 1 рет | 50 % | Фонтандық, газлифтілік, газконденсатты, механикаландырылған электрлі центрифугалық сорғы және штангілі тереңдік сорғы, су жинағыш***, **** |
Қажеттілігіне қарай | Газ | |||
3.2 | Сіңіру бейіні (кешен техникалық жай-күйді анықтау жөніндегі кешенмен бірдей) | жылына 1 рет | 50 % | Айдайтын***** |
3.3 | Ұңғыманың техникалық жай-күйін анықтау | Қажеттілігіне қарай |
Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған электрифугалық сорғы, штангілі тереңдік сорғы, айдайтын және | |
3.4 | Су-мұнай, газ-мұнай газ-су контактілері орналасуын бақылау және мұнайға қанығудың өзгеруін бағалау | жылына 1 рет | 10 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған электрифугалық және штангілі тереңдік сорғы***** |
жылына 1 рет | 50 % | Пьезометрлік | ||
жылына 1 рет | 100 % | Байқаушы | ||
4 | Физика-химиялық әдістер | |||
4.1 | Тереңдік сынамаларын алу****** | жылына 1 рет | 3% | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған |
4.2 | Сағадан сынама алу | Абаттандыру мақсатында қажеттілігіне қарай | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған | |
жылына 1 рет |
бұтаға/ | Су жинағыш, сіңіргіш | ||
4.3 | Айдалатын суды талдау | жылына 1 рет | 100 % | Су айдайтын |
Әзірлеудің ІII-VI кезеңі | ||||
1 | Ағымдағы кәсіпшілік ақпарат | |||
1.1 | Сұйықтық дебиті/ қабылдағыштық | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су жинағыш, сіңіргіш, су айдайтын, газ айдайтын |
1.2 | Өнімнің сулануы | айына 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған |
1.3 | Газ факторы | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, механикаландырылған | |
100 % | Фонтандық, газлифтілік, механикаландырылған | |||
1.4 | Буферлік (Рбуферлік) және құбыр сыртындағы (Рқұбыр) сағалық қысымдар | айына 2 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік |
айына 1 рет | 100 % | Механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын, су жинағыш, сіңіргіш, байқаушы | ||
1.5 | Кенжарлық қысым (Ркенжарлық) | тоқсанда 1 рет | 100 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын |
1.6 |
Қабат қысымы | жылына 1 рет | 50 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған, су айдайтын, газ айдайтын, су жинағыш, сіңіргіш |
Қабат қысымы | жылына 4 рет | 100 % | Байқаушы және пьезометрлік | |
2 | Гидродинамикалық зерттеу | |||
2.1 | Сүзудің қалыптасқан және қалыптаспаған режимдеріндегі зерттеулер* | жылына 1 рет | 15 % | Фонтандық, механикаландырылған, газлифтілік, газ, газконденсатты, су айдайтын, газ айдайтын |
Қажеттілігіне қарай | Су жинағыш, сініргіш, сулы деңгейжиекті байқаушы | |||
3 | Кәсіпшілік-геофизикалық әдістер** | |||
3.1 | Ағынның бейінін, көздерін және сулану аралықтарын зерттеу | жылына 1 рет | 3-10 % | Фонтандық, газлифтілік, газконденсатты, механикаландырылған электрифугалық сорғы және штангілі тереңдік сорғы, су жинағыш***, **** |
Қажеттілігіне қарай | Газ | |||
3.2 | Сіңіру бейіні (кешен техникалық жай-күйді анықтау жөніндегі кешенмен бірдей) | жылына 1 рет | 20-50 % | Айдайтын***** |
3.3 | Ұңғыманың техникалық жай-күйін анықтау | Қажеттілігіне қарай | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған электрлі центрифугалық сорғы, штангілі тереңдік сорғы, айдайтын және су жинағыш*** | |
3.4 | Су-мұнай, газ-мұнай газ-су контактілері орналасуын бақылау және мұнайға қанығудың өзгеруін бағалау | жылына 1 рет | 5 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған электрлі центрифугалық сорғы және штангілі тереңдік сорғы******* |
жылына 1 рет | Қажеттілігіне қарай | Пьезометрлік | ||
жылына 1 рет | Байқаушы | |||
4 | Физика-химиялық әдістер | |||
4.1 | Тереңдік сынамаларын алу***** | жылына 1 рет | 1- 2 % | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған |
4.2 | Сағадан сынама алу | Абаттандыру мақсатында қажеттілігіне қарай | Фонтандық, газлифтілік, газ, газконденсатты, механикаландырылған | |
жылына 1 рет |
бұтаға/ | Су жинағыш, сіңіргіш | ||
4.3 | Айдалатын суды талдау (өлшенген бөліктердің саны) | айына 1 рет | 100 % | Су айдайтын |
Ескертпе:
* Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулер жүргізу кезінде зерттеулердің кемінде 50 %-ы параметрлердің толық кешенін (қабат қысымы, ұңғыманың өнімділік коэффициенті, скин-фактор) анықтап жүргізіледі. Қабат қысымын бақылау мақсатында пайдалану қорының барлық санаттағы ұңғымаларын пайдаланылады. Егер ұңғымада кемінде үш түрлі жұмыс режиміне қол жеткізу мүмкін болмаса, индикаторлық диаграмма тұрғыза отырып, тұрақталған іріктеу әдісімен (сүзудің тұрақты немесе квазитұрақты режимдеріндегі зерттеулер) зерттеулер жүргізілмейді. Бұл ретте талап етілетін қамту деңгейімен гидродинамикалық зерттеулер жүргізілетін ұңғымалардың жалпы саны сақталады.
** Жөндеу немесе геологиялық-технологиялық іс-шаралар жүргізген кезде – бір рет жөндеуге дейін және бір рет жөндеуден кейін.
*** Су алу ұңғымаларында ұңғымаларды геофизикалық зерттеулердің кешені қажеттілік болған жағдайда жүргізіледі.
**** Қалпына келу деңгейі қисығымен ағын бейінін зерттеулермен қамту үлесі қажеттілік болған жағдайда 5 %-ға дейін өзгертіледі.
***** Тұтқырлығы жоғары көмірсутектері бар кен орындары үшін сіңіру бейінін зерттеумен қамтылатын айдау ұңғымаларын қамту қолданыстағы су айдау қорының жалпы санының 20 %-ын және бу айдау қорының 30 %-ын құрайды.
****** Алынған деректерді растау үшін кемінде үш параллель сынама алынуы тиіс.
******* Штангілі тереңдік және электрлі центрифугалық сорғылармен жабдықталған ұңғымаларда қолданыстағы қор ұңғымаларындағы ағын бейінін және ағымдағы қанығуды анықтау жөніндегі зерттеулер ағымдағы күрделі жөндеу мен геологиялық-технологиялық іс-шаралар кезінде орындалады. Қажеттілігіне қарай жоғары немесе төмен жатқан қабаттарға қайтару кезінде ағымдағы қанығуды зерттеу жүргізіледі.