Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 62 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38402 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Ескерту. 01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 4-тармағымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мына:

      Талаптардың 8-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "8. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге мынадай өкілеттіктер беріледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) өз функцияларын толық көлемде және эмитенттің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шектерде эмитенттің барлық үй-жайына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттары мен файлдарына қол жеткізу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.";

      Талаптардың 10-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "10. Эмитент ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс-қимыл мақсатында эмитенттердің ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.";

      белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 62 қаулысымен бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді.

      Талаптар базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттеріне және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттеріне (бұдан әрі – эмитенттер) қолданылады.

      2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің қаржылық мониторингке жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ эмитент дербес әзірлеген, күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) клиент – қаржылық мониторинг субъектісінің қызметтерін алатын және базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының ұстаушылары болып табылатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – эмитенттерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне қасақана немесе байқаусызда тарту тәуекелдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту (қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операциялар) бойынша эмитенттер қабылдайтын шаралардың жиынтығы;

      5) шекті операция – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржылық мониторингке жататын, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциясы;

      6) іскерлік қатынастар – эмитенттердің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды эмитенттер цифрлық қаржы активтерімен байланысты іскерлік қатынастар шеңберінде:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) эмитенттердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін цифрлық қаржы активтері мен қолданылатын технологиялардың ерекшеліктерін ескере отырып КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және байланысты тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) эмитенттерді, олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде эмитенттер ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Ішкі бақылау қағидалары эмитенттер Талаптарға сәйкес дербес әзірлейтін және эмитенттердің ішкі құжаттары не эмитенттер бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылатын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламаларды қамтиды.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Эмитенттің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен эмитентте ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, оның жоғары білімі бар, ұйымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл, не қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес іскерлік беделі мінсіз.

      6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иесінің бар-жоғын тексеру тәртібі;

      3) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі туралы мәліметтерді Тізбеден және ЖҚҚТҚҚ тізбесінен алып тастаған кезде нысаналы қаржылық санкциялардың қолданылуын тоқтату тәртібі;

      4) эмитенттер қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ эмитенттер қызметкерлерінің жол берген ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) эмитенттерді бақылайтын заңды тұлғалар (бар болса) белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптардың сипаты.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) эмитент әзірлеген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға енгізілген өзгерістердің (толықтырулардың) болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың сақталуын мониторингтеу;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарларды ұсынуды ұйымдастыру және ұсынылуын бақылау;

      3) эмитенттердің басшылығына Тізбеде, ЖҚҚТҚ тізбесінде анықталған клиенттер және нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлау;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті операциялар ретінде тану және эмитенттердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабарларды уәкілетті органға жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және эмитенттің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен эмитенттердің басшылығымен клиенттердің операцияларын жүргізуді тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не келісу.

      8. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге мынадай өкілеттіктер беріледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) өз функцияларын толық көлемде және эмитенттің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шектерде эмитенттің барлық үй-жайына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттары мен файлдарына қол жеткізу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

      9. Эмитент тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Мұндай бағалауды ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға қатыспайтын тұлға немесе ұйым жүргізе алады.

      10. Эмитент ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс-қимыл мақсатында эмитенттердің ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында эмитент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде эмитент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 6-тармағына сәйкес кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      13. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасында мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) эмитенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) клиенттің тәуекел деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиент түрі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша), эмитент қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) клиенттердің тәуекел деңгейлерін беру тәртібі, мерзімдері және қайта қарау үшін негіздер;

      4) жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені, оның ішінде жаңа беру тетіктерін әзірлеуге (іске қосуға), сондай-ақ жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалануға дейін туындайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау және бағалау тәртібі;

      5) цифрлық қаржы активтерінің базалық активімен байланысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау тәртібі. Цифрлық қаржы активтерінің базалық активімен байланысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалауды эмитент цифрлық қаржы активтерін шығару моделін (түрін) ескере отырып жүзеге асырады. Мұндай бағалау базалық активтің құқықтық мәртебесін, оның пайда болу заңдылығын және цифрлық қаржы активтерін шығару шарттарының базалық активтің экономикалық мазмұнына сәйкестігін талдауды қамтиды.

      14. Мәртебесінде және (немесе) қызметінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелі бар клиенттердің түрлеріне мыналар жатады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайлары және жақын туыстары;

      2) шетелдік қаржы ұйымдары;

      3) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) операциялардың мақсаты мен сипаты туралы жеткілікті ақпарат болмаған кезде цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері қызмет көрсетпейтін цифрлық активтердің әмияндарын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыратын клиенттер;

      5) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметінен көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      6) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері;

      7) сақтандыру агенттері ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      10) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      11) эмитент анықтаған мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің қосымша типтері (бар болса).

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлеріне мыналар жатады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бақылайтын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары-Қазақстан Республикасының резиденттері, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар-Қазақстан Республикасының резиденттері.

      16. Эмитент осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызметтер көрсетумен, осындай шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтер көрсетумен, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен операцияларды жүзеге асырумен байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Мыналар жүргізілген операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер болып табылады:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатумен күресудің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) оларға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) эмитент басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      17. Эмитенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған көрсетілетін қызметтерінде (өнімдерінде, операцияларында), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдерінде мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) активтерді сенімгерлік басқару;

      2) эмитенттің ішкі бақылау қағидаларында айқындалған жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін ақпаратты беру тетіктерін, жаңа және дамып келе жатқан технологияларды қамтитын жаңа өнімдер мен іскерлік тәжірибелер.

      18. Эмитенттің көрсетілетін қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттарына және факторларына сәйкес бағалау кезінде эмитент тәуекелдің қорытынды дәрежесіне ықпал ететін, мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) эмитенттің уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) эмитенттің уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      19. Эмитент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Талаптардың 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      20. Эмитенттер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Эмитенттердің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру болып табылады.

      21. Клиенттерді сәйкестендіру шеңберінде алынған мәліметтерді эмитенттер клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойы және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл бойы эмитенттер сақтайтын клиенттің досьесіне енгізеді.

      22. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасында мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) эмитенттердің іскерлік қатынастар орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тартуды, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шаралары рәсімдерінің ерекшеліктері;

      3) эмитенттердің клиенттер (олардың өкілдері) мен қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылданатын бенефициарлық меншік иелерін, жария лауазымды адамдарды, олардың жұбайлары мен жақын туыстарын анықтауға бағытталған шараларының сипаттамасы;

      Жария лауазымды адамдарға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына жатқызылған клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты эмитент тиісті тексерудің күшейтілген шараларын, сондай-ақ операциялардың күшейтілген мониторингін және осындай клиенттер туралы мәліметтерді жаңартуды қолданады.

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде бар-жоғын тексеру тәртібі;

      5) цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру кезінде цифрлық активтерді жөнелтуші мен алушы туралы мәліметтерді алу, беру және сақтау тәртібін қоса алғанда, цифрлық активтер аударымдарының ашықтығын қамтамасыз ету рәсімі, сондай-ақ мұндай мәліметтер болмаған, толық болмаған не сәйкес келмеген кезде эмитент қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі.

      Көрсетілген рәсім шеңберінде эмитент цифрлық активтерді жөнелтуші мен алушы туралы мәліметтерді алуды және тіркеуді қамтамасыз етеді, мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді:

      цифрлық активтің түрін, операция жасалған соманы, күні мен уақытты, пайдаланылатын блокчейнді және эмитенттің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтерді қоса алғанда, операция туралы мәліметтер.

      цифрлық активтерді жөнелтуші туралы:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы;

      клиентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер;

      цифрлық активтер әмиянының мекенжайы не операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де бірегей сәйкестендіргіш;

      бар болса – жөнелтушіге қызмет көрсететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдері туралы мәліметтер;

      цифрлық активтерді алушы туралы:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы;

      цифрлық активтер әмиянының мекенжайы немесе алушының өзге де бірегей сәйкестендіргіші;

      бар болса – алушыға қызмет көрсететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдері туралы мәліметтер.

      6) цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері қызмет көрсетпейтін цифрлық активтер әмияндарының мекенжайларына цифрлық активтерді аудару кезінде не цифрлық активтің осындай әмиянының иесі (бенефициарлық меншік иесі) туралы мәліметтерді белгілеу және тексеру жөніндегі тәуекелге бағдарланған шараларды қоса алғанда, осындай мекенжайлардан цифрлық активтерді алу кезінде тиісті тексеру шараларын қолдану, эмитенттің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда күшейтілген сәйкестендіруді және күшейтілген мониторингті жүргізу ерекшеліктері.

      23. Клиенттің бенефициарлық меншік иесін анықтау, оның меншігі мен басқару құрылымын белгілеу жөніндегі іс-шаралар құрылтай құжаттары және осындай клиенттің акцияларын ұстаушылар тізілімі (қатысушылар тізілімі), қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі (бұдан әрі – БМ тізілімі) не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

      24. Анықталған бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер БМ тізіліміне енгізіледі.

5-тарау. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      25. Эмитент клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарларды анықтау және оларды уәкілетті органға жіберу бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      26. Эмитент клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде клиенттер жасайтын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      27. Клиенттің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасында мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ эмитенттер дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) жауапты қызметкердің клиенттің операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;

      3) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібі.

      28. Операцияны шекті операция ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған кезде аталған операцияны анықтаған эмитенттің қызметкері осындай операция туралы жауапты қызметкерге хабарлама жібереді.

6-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша эмитенттің қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      29. Эмитент қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты эмитент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын және эмитенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы өзге де ішкі құжаттарын орындауы үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

      30. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы даярлау және оқыту жөніндегі қаржылық мониторинг субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады