ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 9-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 11-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 14-қосымша осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 15-қосымша осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымша осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 17-қосымша осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 18-қосымша осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 19-қосымша осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 20-қосымша осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 21-қосымша осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 1-қосымшаның 1-тармағын, 2-қосымшаның 1-тармағын, 3-қосымшаның 1-тармағын, 4-қосымшаның 1-тармағын, 5-қосымшаның 1-тармағын, 6-қосымшаның 1-тармағын, 7-қосымшаның 1-тармағын, 8-қосымшаның 1-тармағын, 9-қосымшаның 1-тармағын, 10-қосымшаның 1-тармағын, 11-қосымшаның 1-тармағын, 12-қосымшаның 1-тармағын, 13-қосымшаның 1-тармағын, 14-қосымшаның 1-тармағын, 15-қосымшаның 1-тармағын, 16-қосымшаның 1-тармағын, 17-қосымшаның 1-тармағын, 18-қосымшаның 1-тармағын, 19-қосымшаның 1-тармағын, 20-қосымшаның 1-тармағын және 21-қосымшаның 1-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал және қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар қабылданған күні оларды басшыға тапсырады.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу, қызмет көрсету, орналастыру үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды.
8. Құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.
9. Объектінің құрылысы, қызмет көрсету, орналастыру үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттамамен сәйкестендіреді, сәулет-жоспарлау тапсырмалары талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттiк корпорацияға жер учаскесi шекараларының өзгермейтіндігі туралы мәлiметтерді беру туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің нәтижелерін қарастырады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді;
2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады.
11. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын әзірлейді.
Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қояды.
Уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оны жасаудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану не уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
16. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
17. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
19. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған/қағаз түрінде). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 17.00-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға өтініш
___________________________________________________ мекенжайы
(мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
бойынша орналасқан, алаңы_______ гектар жер учаскесіне жаңа мерзімге
_______ жылға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану
(жалдау) ________________________________________________________ үшін
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
құқығын беруіңізді сұраймын.
Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде/электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
20___жылғы " __" _________
| "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
_____________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы "____" __________________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 2-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заң) айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
5) кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
8) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті:
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Мемлекеттік корпорация;
2) елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Мемлекеттік институт) көрсетеді.
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушыларынан 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт арқылы, не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпия сөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді, қабылдауды және Тізбеде көрсетілген құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде құжаттар қабылдаған күні тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;
3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады және ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Егер елді мекен жерлерінде орналасқан жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ қабаттарында (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмеген, бірақ бұл ретте Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты бар болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекенде орналасқан ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан елді мекеннің белгіленген және өзекті шекаралары, жер учаскесінің бағалау аймақтары және жер учаскесінің өзекті шекаралары жоқ жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін дайындайды (бұдан әрі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі) және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін тексереді және Мемлекеттік корпорация басшысына қол қоюға жолдайды;
6) Мемлекеттік корпорация басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
7) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жібереді;
8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті жеке басын не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік корпорацияға портал арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарын қабылдауды, құжаттардағы деректердің және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) сәйкестігін тексеруді және құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 3 (үш) минут ішінде береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушының өзі жауапты;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
елді мекендер жерлерінде орналасқан жер учаскелері бойынша елді мекеннің, бағалау аймақтарының және жер учаскесінің белгіленген, өзекті шекаралары болған кезде ЖМБМК ЦЖ-да жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттардың болуын тексерудің цифрландырылған процесі жүзеге асырылады, кестелер мен қабаттардан (елді мекен шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) ақпарат жиналады, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік корпорацияның басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік корпорацияның басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
8. Мемлекеттік институтқа жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік институттың жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттарды қабылдаған күні ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға береді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді және жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін ЖМБМК АЖ-мен сәйкестендіреді, түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Елдi мекендер жерлерін қоспағанда, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін берiлетiн жер учаскелері бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық құнын анықтау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін және кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік институттың басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік институттың басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік институттың кеңсе жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік институттың жұмыс графигіне сәйкес жеке басын не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты, не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдаудың өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік институт мемлекеттік қызметті көрсету не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі не Мемлекеттік институттың кеңсесі арқылы беріледі.
10. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне кешіктірілмей енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға/Мемлекеттік институтқа және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
11. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік институттың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік институт басшысының, жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт, ведомство – ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың, ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
14. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
1) Мемлекеттік корпорация: электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде; |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3 және 1.3.4-тармақтарына сәйкес мөлшерде есептеледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті тікелей Мемлекеттік корпорация арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш
Елді мекендер жерлерінде/елді мекендер жерлерін қоспағанда орналасқан (қажеттінің астын сызу), алаңы _____ гектар, шаруашылық орталығы (ауыл, кент)
_____________________________________________________________________ _________________(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау бойынша жұмыстарды жүргізуді сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұдан бұрын берілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде):
____________________________________________________________________
________________________________________________
Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "____" __________.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш
Елді мекендер жерлерінде/елді мекендер жерлерін қоспағанда (қажеттісінің асты сызылсын), алаңы _____ гектар, шаруашылық орталығы (ауыл, кент)
______________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 119-2-бабының 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу күніне бекітілген жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне сәйкес, оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып жүргізуді сұраймын. Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "____" __________.
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі №
1. Өтініш беруші: _______________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса):____________________
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:______________________________
4. Жер учаскесінің орналасқан жері:________________________________
5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу
Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлері үшін), алқап түрлері, топырақ типі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін) | Алаңы, гектар/шаршы метр* | Жер үшін төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге | Түзету коэффициенті | Кадастрлық (бағалау) құны, теңге |
Жиыны |
*Елді мекендер жерлерінің санаттары бойынша кадастрлық (бағалау) құнын айқындау шаршы метрмен жүзеге асырылады
** Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушыларының өтініші бойынша кадастрлық (бағалау) құнын есептеу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 119-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады
6. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны: ______________ құрайды.
(сомасы жазумен)
7. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны _______________________
(ұйымның атауы)
_____________________________________________________айқындалды.
Басшы _________________________________________________________
(басшысының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мөрі/ немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20 жылғы " " _________
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті ____________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, себебі: __________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
__________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Мемлекеттік институт ___________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 3-қосымша |
"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісімімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен кезде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді өтінішті қабылдаған күні жүзеге асырады;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды өтініш қабылданған күні жұмыс істеу үшін жауапты орындаушыға береді;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына не оны алмастыратын адамға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекітеді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкері жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркеуді жүзеге асырады және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға, мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші деректердің мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
9. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 4 (төрт) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш
Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші-заңды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе толық атауы | Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш білдірген жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы | Жерге орналастыру жобасының атауы | Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) | Жер учаскесінің сұратылған нысаналы мақсаты және алаңы, гектар | Жерге орналастыру жобасы даналарының саны, жер комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні | Төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жерге орналастыру жобасы мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда жер пайдалану құқығын берген кезде дайындалды.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), электрондық цифрлық қолтаңбасы
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 4-қосымша |
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендер жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
6) пайдаланушының "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
елді мекеннің шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
3) 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ), ал аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі – жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ) жібереді.
4) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді.
5) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;
6) келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ҚБ ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытындыны дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындау үшін жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытынды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданады;
8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін курьер арқылы беруге жібереді;
10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады;
елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
4) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді.
5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;
6) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;
7) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;
8) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер комиссиясының тиісті қорытындысы негізінде қабылданады;
10) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартымен қоса курьер арқылы беруге жібереді;
2) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Порталға жүгінген кезде:
елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті тиісті ҚБ-ға жібереді;
3) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;
4) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол ҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тарту жолданады;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын дайындау үшін жіберіледі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданады;
7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім негізінде жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді;
елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:
1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
3) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;
4) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;
6) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;
7) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін дайындайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның негізінде қабылданады;
9) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;
10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауөткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдауды хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚБ/жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
12. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган –тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын (жер учаскесі сатып алынған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет" халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш
Сізден __________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан (жер учаскесінің орналасқан жері) маған жеке меншік (жер пайдалану)
құқығында тиесілі кадастрлық нөмірі _________________________
алаңы __________гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын ________
__________________________________________________________ байланысты
(жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету)
___________________________________________________________ нысаналы мақсатынан ___________________________________________________ нысаналы мақсатына _________________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын.
Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____
сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______ немесе
жер-кадастрлық жоспар_______ жылғы ____ _________ № ______
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20 жылғы " " _________
| "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Көрсетілетін қызметті |
|
Наименование | |
|
| ||
№ ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы
Қаласы, ауылы, кенті город, село, поселок
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабына сәйкес ШЕШТІ:
1. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
20 ___ жылғы "___" _____ № _____ _______________________________ негізінде
(жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланудың мүмкін
екендігі туралы қорытынды не жер комиссиясының қорытындысы)
___________________________________________________________ орналасқан,
(жер учаскесінің орналасқан жері)
кадастрлық нөмірі ______________, құқығымен тиесілі ______________________
(жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар)
алаңы ______________ гектар, ________________________________жерлерінен
(алаңы, гектар) (жер санаты)
жер учаскесінің нысаналы мақсаты _______________________________________
___________________________________________________________ өзгертілсін.
(бұрынғы нысаналы мақсаты) (жаңа нысаналы мақсаты)
Жер учаскесі телімінің түрі _____________________________________________.
(нысаналы мақсатын жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін өзгерткен жағдайда)
Жер учаскесінің сатып алу бағасы және өзгертілген нысаналы мақсаты үшін жер учаскесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең бюджетке төленуге тиісті сома: ___________ теңгені құрайды, не өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең бюджетке төленуге тиісті сома: _____________ теңгені құрайды.
Бөліп төлеуді ұсынған жағдайда, төлемді жүргізу мерзімдері __________.
2. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға 2 (екі) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату) шартын жасассын ___________________________________________________________________,
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Лауазымы Аты-жөні
| "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
_____________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы "____" __________________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 5-қосымша |
"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) пайдаланушының "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және өтінішті қабылдаған күні оларды басшыға не оны алмастыратын адамға береді.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар қабылданған күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды;
8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінішті қарайды, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулының жобасын дайындайды және материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдар негізінде іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулыға қол қояды.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
13. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.
Мұндай жағдайда цифрлық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш
____________________________________________________ негізінде
(іздестіру жұмыстарын жүргізудің негізін көрсету)
жүргізілетін _________________________________________________________
(іздестіру жұмыстарының түрі мен мақсатын көрсету)
жұмыстарын жүргізу үшін ____________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
бойынша орналасқан ауданы _______________________________
жер учаскесін алқап түрін көрсету)
_______________________ мерзімге пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Жұмыстарды жүргізу графигі ____________________________________
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттарды қабылдаймын ______________________________________________ (келісу)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
| "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
_____________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы "____" __________________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 6-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 6-қосымша |
"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңды құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама;
4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
5) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
6) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен нысанға сәйкес бастапқы немесе кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын сәйкестендіру құжаты;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
8) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесін қоспағанда, мынадай құжаттар:
жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде – жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
тұрақты жер пайдалану кезiнде – тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде – уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.
Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болып табылады.
2-тарау. "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскелеріне актiлердi дайындау және беру" мемлекеттiк қызметін көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
5. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру туралы өтінішті не 2-нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау және беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мәліметтері мемлекеттік құпияларды қамтитын жер учаскелерін ресімдеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге қағаз тасығышта ғана жүгінеді.
Бұл ретте өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
6. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 3 (үш) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) тексеруді, құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттар қабылдаған күні береді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде е құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар тіркелген сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қоса берілген құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардағы деректердің сәйкестігін тексереді және ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді:
қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын (мұрағатын) жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшеден мұрағаттық жер-кадастрлық істерді сұратады, оларға материалдарды қоса тіркейді, тапсырыс бланкілерін толтырады, кадастрлық нөмірді анықтайды және береді, жер учаскесінің шекараларын және мәліметтерді ЖМБМК ЦЖ енгізеді;
атрибутивтік және графикалық деректерді ЖМБМК ЦЖ енгізеді, тексереді, жер-кадастрлық істерді қалыптастырады және тігеді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде жер учаскесі актісін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесі актісін тексереді және оған қол қояды;
6) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері 1,5 (бір жарым) сағат ішінде сәйкестендіру құжатын тіркейді және веб портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында 15 (он бес) минут ішінде жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жер учаскесіне актіні дайындау және беру туралы өтініш
_______________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне ______________________
______________________________________________________
құқығына, (құқық түрін көрсетілсін) кадастрлық нөмірі (бар болса)
_____________________________________,____________________________________
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
үшін берілген актіні беруіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.
Күні ______________
Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортын дайындау және беру туралы өтініш
_______________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне ______________________ ______________________________________________________
құқығына, (құқық түрін көрсетілсін) кадастрлық нөмірі (бар болса) _____________________________________, ____________________________________________________________
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты) үшін берілген, алаңы _______ га, жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортын беруіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.
Күні ______________
Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,
электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Жер учаскесінің сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Жер учаскесіне арналған акт №_______ Акт на земельный участок №_______
Ескертпе:
* Мекенжайдың тіркеу коды бар болса көрсетіледі.
** Аяқталу мерзімі мен күні уақытша жер пайдалану кезінде көрсетіледі.
*** Қосымша жер учаскесінің үлесі бар болса көрсетіледі.
**** Қосымша жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі үлесінің түрі көрсетіледі.
Примечание:
* Регистрационный код адреса указывается при наличии.
** Срок и дата окончания указывается при временном землепользовании.
*** Дополнительно указывается доля площади земельного участка при наличии.
****Дополнительно указывается вид надела земельного участка, предоставляемого для ведения личного подсобного хозяйства.
Жер учаскесінің жоспары План земельного участка

Масштаб 1:
Сызықтардың өлшемдерін шығару Выноска мер линий
Бұрылысты нүктелердің № |
Сызықтардың өлшемдері |
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің жария кадастрлық картасында көрсетілген координаттар жүйесіндегі сызықтардың өлшемдері | |
Бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесіндегі сызықтардың өлшемдері | |
Шектес жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері (жерлердің санаттары)
Кадастровые номера (категории земель) смежных земельных участков
Бастап |
Дейін |
Сипаттамасы |
А-дан |
Б-ға дейін |
Жоспар шегіндегі бөтен жер учаскелері Посторонние земельные участки в границах плана
Жоспардағы № |
Жоспар шегіндегі бөтен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері |
Алаңы, гектар |
Ескертпе: *Шектесулердің сипаттамасы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау сәтіне жарамды.
Примечание: *Описание смежеств действительно на момент изготовления идентификационного документа на земельный участок.
Осы актіні _____________________________________________________
(жер кадастрын жүргізетін ұйымның атауы)
______________________________________________жасады.
Настоящий акт изготовлен ________________________________________
(наименование организации, ведущей земельный кадастр)
Мөрдің орны _____________ _____________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Место печати _________ _______________________________________
(подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Электрондық құжат нысанында берген кезде: басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы
При выдаче форме электронного документа: электронная цифровая подпись руководителя.
Актінің дайындалған күні 20____ жылғы " " ________________
Дата изготовления акта " " _______________ 20 ___ года.
| "Жер учаскесінің сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы " " № бұйрығымен бекітілген Нысан |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесінің атауы
Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты жер учаскесіне
1. Облысы _______________________________________________________
2. Ауданы _______________________________________________________
3. Қала (кент, елді мекен) ________________________________________
4. Қаладағы аудан ___________________________________________
5. Мекенжай ___________________________________________________
6. Мекенжайдың тіркеу коды _____________________________________
7. Кадастрлық нөмірі ____________________________________________
8. Кадастрлық іс нөмірі ________________________________________
Паспорт жасалды тапсырыс №
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей

* штрих-код жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінен алынған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" тиісті коммерциялық емес акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
Жер учаскесі туралы жалпы мәліметтер
Кадастрлық нөмірі _____________________________________________________
Меншік нысаны * _____________________________________________________
Жер учаскесіне құқық түрі ______________________________________________
Жалдау мерзімі және аяқталу күні ** __________________________________
Жер учаскесінің алаңы, гектар/шаршы метр *** _____________________________
Жерлердің санаты ____________________________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты **** ________________________________
Елді мекендегі функционалдық аймағы (бар болса) *****
_____________________________________________________________________
Жер учаскесінін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар ______
________________________________________________________________
Бөлінгіштігі (бөлінеді, бөлінбейді) ________________________________________
Ескертпе:
* меншік нысаны: мемлекеттік меншік, жеке меншік, кондоминиум.
** аяқталу мерзімі мен күні уақытша жер пайдалану кезінде көрсетіледі.
*** шаршы метр елді мекендердің жер санаты үшін. Жер учаскесінің үлес алаңы бар болса қосымша көрсетіледі.
**** жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ұсынылған жағдайда жер учаскесі телімінің түрі көрсетіледі.
***** жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес елді мекендер жерлеріндегі функционалдық аймақ
Жер учаскесінің жоспары

Ескертпе: * жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрының цифрлық жүйесiнiң жария кадастрлық картасында көрсетiлген координаттар жүйесiндегi сызықтардың өлшемдерi.
Масштаб 1: ____________
Шартты белгілер:
Тіркелген жер учаскесі
Жобаланып отырған жер учаскесі
Шектес жер учаскесі
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

* штрих-код жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінен алынған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" тиісті коммерциялық емес акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 7-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 7-қосымша |
"Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – осы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.
2-тарау. "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті орындауға жауапты өндірістік құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) құжаттарды қабылдаған күні береді.
7. ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды.
8. ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді дайындайды және тексеру және қол қою үшін ҚБ басшысына жібереді.
9. ҚБ басшысы жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді және қол қояды және оны ҚБ жұмыскеріне береді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ жұмыскері 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынады;
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы мәліметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
12. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
17. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші , ведомство – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам, шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нұсқада (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып хабарлайды.
18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік институт көрсететін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) уақытша бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының 2025 жылғы 14 қазандағы № 228-25П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларға 2, 3 және 4 параграфтарға сәйкес мөлшерде есептеледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21336 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру туралы өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. |
Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтініш
________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)) мекенжайы бойынша орналасқан алаңы _____ гектар жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беруіңізді сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) ______________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 231140024109) дербес деректерімді және "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Мемлекеттік қызметті алушы
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "____" __________
| "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті ____________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, себебі:
__________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
__________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Мемлекеттік институт
_______________________________________________________________________
_____________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
| Министр сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 апреля 2026 года № 118 бұйрығына 8-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 8-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) пайдаланушының "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсеткенде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, операциялық залдың жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштамаға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды 15 (он бес) минут ішінде айқындайды;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстырған кезде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауыстыру жөнінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде қорытынды жасайды және ауданның уәкілетті органына жібереді;
3) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстырған кезде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
4) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырған кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органын айқындайды;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 25 (жиырма) бес) күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады;
9) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстырған кезде:
10) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыстыру жөнінде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
11) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауданның уәкілетті органына жібереді;
12) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
13) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
14) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;
15) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түрлеріне ауыстырған кезде:
16) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
17) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
18) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
19) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
20) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
21) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;
22) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
9. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Күнтізбелік 30 (отыз) күн. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру туралы өтініш |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге өтініш
____________________________________________________ негізінде
(негізді көрсету)
___________________________________________________________ арналған
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
_____________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
___________________________________________________орналасқан алаңы
____________ гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (қажеттісінің асты сызылсын) құқығын беруіңізді сұраймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы/электрондық
цифрлық қолтаңбасы)
| "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы "____" __________________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 9-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 9-қосымша |
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасы Жер кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК) – жүргізу тәртібі осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісуімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асыратын, жер учаскесі орналасқан жердегі құрылымдық бөлімшесіне жібереді;
4) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
5) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.
Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері сауалнама парағын алған күннен бастап техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.
Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді;
6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – құрылымдық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді;
7) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;
8) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) сметаны жібереді. Жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызмет алушымен келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама қол қою үшін береді.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация құрылымдық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің күшін жою үшін қайтарады.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны облыстың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган) жібереді;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.
Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алынған электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жер учаскесі орналасқан жердегі құрылымдық бөлімшеге жібереді;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
4) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.
Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.
Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді;
5) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – құрылымдық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді;
6) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;
7) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) арналған сметаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама береді.
Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.
Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі;
6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
10. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
бірінші кезең: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш
__________________________________________________________ орналасқан
(жер учаскесінің орналасқан жері)
алаңы _________________ гектар ___________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) жер учаскесіне ____________ жыл мерзімге уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығын беруіңізді сұраймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Көрсетілеті қызметті |
|
Наименование | |
|
| ||
№ ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы
Кент, ауыл поселок, село
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес ШЕШТІ:
1. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________ орналасқан жер учаскесіне, (жер учаскесінің орналасқан жері) _______________________________________________________________ үшін, (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) алаңы ___________ гектар, __________________________________ жерлерінен (алаңы, гектар) (жер санаты) жер учаскесіне __________________________________ құқық ұсынылсын. (жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар) Жер учаскесі ______________________________ (бөлінеді/бөлінбейді) _______________________________________________________________ (жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер, бар болса)
2. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы 1 (бір) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау)) шартын _____________________________________________________________ жасассын (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі не жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Лауазымы | Аты-жөні |
| "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ______________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _______________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____ жылғы "____" ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 10-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 10-қосымша |
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жария кадастрлық карта – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;
3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекен жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, жер учаскесі орналасқан жердегі ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) құжаттар толық болған жағдайда операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін орындауға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;
4) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;
5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;
6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:
жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды;
жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды;
кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді;
5) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес жеке басын куәландыратын не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрса, онда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды;
3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;
4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:
жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;
кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1(бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдайды және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
12. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес, мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануына кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескере отырып айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
бірінші кезең: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушымемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда не бір реттік құпиясөз жолымен, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға өтініш
_____________________________________________________
негізінде (негізді көрсету) ________________________________________________________________
үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) алаңы ____________ гектар_________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
_______________________________________________________ орналасқан жер
учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (керегінің астын сызу) құқығын беруіңізді сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Көрсетілетін қызметті |
|
Наименование | |
|
| ||
№ ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы
Қала, кент, ауыл город, поселок, село
Жер учаскесіне құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес ШЕШТІ:
1. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________
орналасқан жер учаскесіне, (жер учаскесінің орналасқан жері)
_______________________________________________________________ үшін, (жер учаскесінің нысаналы
мақсаты) алаңы ___________ гектар, __________________________________ жерлерінен (алаңы, гектар)
(жер санаты) жер учаскесіне __________________________________ құқық ұсынылсын. (жерге құқық түрі,
ауыртпалықтар, сервитуттар)
Жер учаскесі ______________________________
(бөлінеді/бөлінбейді) _______________________________________________________________
(жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер, бар болса)
2. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы 1 (бір) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау)) шартын _____________________________________________________________ жасассын (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі не жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Лауазымы | Аты-жөні |
| "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ____________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _____________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші ____________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____ жылғы "____" ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 11-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 11-қосымша |
"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізілуі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
4) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік құпияны қамтитын мәліметтері бар жер учаскелері ресімделген кезде көрсетілетін қызметті алушылар жер учаскесінің орналасқан орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілген кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Дербес деректерді және цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар келіп түскен күні 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді, қабылдауды және Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдап алған құжаттарды қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) курьер арқылы жібереді;
3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде:
қабылданған құжаттарды тіркейді, ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жобаланатын жер учаскесінің бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын ЖМБМК ЦЖ-ға енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, жобаланатын шекараларға алаңның, желілер өлшемінің, орналасқан жерінің сәйкестігіне, басқа жер учаскелеріне, оның ішінде ЖМБМК ЦЖ сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасудың бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде:
жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ-ның графикалық деректерімен келісілген кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісін (бұдан әрі – жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісі) әзірлейді, жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жобаланатын жер учаскесінің жоспарын және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;
желілік объектілер, оның ішінде теміржолдар, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары орналасқан жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен келісілген жағдайда, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосін салыстырып-тексеру актісін әзірлейді, жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша желілік объект полигонының алаңын көрсете отырып, желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындығының жиынтық ведомосін қоса береді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде:
жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жері ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (қабаттасу, орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, ауданының дұрыс емес мәліметтері, ұзындықтарының өлшемі, ұсынылған мәліметтер бойынша жер учаскесінің пішіні мен координаттары), Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін сәйкессіздігі туралы актіні (бұдан әрі – Жобаланатын жер учаскесінің сәйкессіздігі туралы акті) әзірлейді, жобаланатын жер учаскесі шекараларының ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын және Жобаланатын жер учаскесінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін қоса береді;
желілік объектілер, оның ішінде теміржол, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары орналасқан жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкескессіздігі туралы актіні әзірлейді, желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкессіздігі схемасын және Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкескессіздігі туралы актіге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша желілік объекті полигонының алаңын көрсете отырып, желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін қоса береді;
5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 3 (үш) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тексереді, қол қояды және тіркеуге жібереді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты 2 (екі) сағат ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы беруге жібереді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) көрсетілген кезде (не өкілеттікті растайтын құжат бойынша оның өкіліне) 20 (жиырма) минут ішінде жүзеге асырылады.
7. Порталға жүгінген жағдайда:
1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар қабылданған күні 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) қабылдауды, тексеруді және Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде:
қабылданған құжаттарды тіркейді, ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жобаланатын жер учаскесінің бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын ЖМБМК ЦЖ енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, жобаланатын шекараларға алаңның, желілер өлшемінің, орналасқан жерінің сәйкестігіне, басқа жер учаскелеріне, оның ішінде ЖМБМК АЦ сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасудың бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде:
жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ-ның графикалық деректерімен келісілген жағдайда, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін әзірлейді, Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жобаланатын жер учаскесінің жоспарын және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары жақтарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;
желілік объектілер, оның ішінде теміржол, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары орналасқан жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен келісілген кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін әзірлейді, Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша желілік объекті полигонының алаңын көрсете отырып, желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесінің жоспары және желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосін қоса береді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде:
жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде (қабаттасу, орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, ауданының дұрыс емес мәліметтері, ұзындықтарының өлшемі, ұсынылған мәліметтер бойынша жер учаскесінің пішіні мен координаттары), осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актісін (бұдан әрі – Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті) әзірлейді, Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жобаланатын жер учаскесі шекараларының ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосін қоса береді;
желілік объектілер, оның ішінде теміржол, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары орналасқан жобаланатын жер учаскесі ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген кезде, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті әзірлейді, Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша желілік объектілер полигоны алаңын көрсете отырып, желілі объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкессіздігі (қабаттасу) схемасын және желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосін қоса береді;
4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 3 (үш) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тексереді және қол қояды және оны тіркеуге жібереді;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қол қойылған құжатты тіркейді және оны ҚБ басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Жобаланатын жер учаскесі координаттарының ведомосін салыстырып тексеру актісін беру туралы не Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген және өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
10. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Өтініш
Сізден __________ мекенжайы бойынша орналасқан жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісуді сұраймын. Қолданыстағы жер учаскесін(лерін) реттеген кезде: жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) _____ және жерге орналастыру жобасын әзірлеу себебі: ____________________________________________________________________ жер учаскесін бөлу (біріктіру), жер учаскесінің сәйкестендіру (шекараларының) ____________________________________________________________________ сипаттамаларының өзгеруі, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алу, желілі объектілер орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі) көрсетілуі керек. Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді және менің дербес деректерімді пайдалануға келісім беремін. _______________________________________________________________ (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің _______________________________________________________________ аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20__жылғы "___" ________ |
Жобаланатын жер учаскесі координаттарының ведомосін салыстырып тексеру актісі №__
Жобаланатын жер учаскесі координаттарының ұсынылған ведомосін келесі деректермен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: ________________________________
(қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)
Жер учаскесінің ауданы, гектар: ____________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _________________________________
Жер учаскесінің орналасқан жері:___________________________________
Жер санаты:_____________________________________________________
Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы
ақпарат:_____________________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/
_____________________________________________________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әзірлеу күні: 20__________ жылғы " " ___________.
Жер учаскесінің ұсынылған координаттары бойынша жобаланатын жер учаскесінің шекараларын "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің" графикалық деректерімен келісеміз (шекаралардың қабаттасуы жоқ, алаңның сәйкестігі, сызықтар шаралары).
Қосымша: Жобаланатын жер учаскесінің жоспары және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі.
Ерекше белгілер _________________________________________________
(бұрын жобаланған жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланған жер учаскесі
________________________________________________________________
екі және одан да көп есептік кварталдардың және басқалардың шекарасында орналасқан)
Салыстырып тексеруді жүргізген:___________________________________
(маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Салыстырып тексерілген күн: 20___ жылғы " " _________.
_______________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне №__ 1-қосымша Нысан |
Жобаланатын жер учаскесінің жоспары
"Оңтүстік – Солтүстік" бағыты" |
Масштаб 1: |
Жер учаскесінің ауданы, гектар: ___________________________________ Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ________________________________ Жер учаскесінің орналасқан жері: __________________________________ Жерлердің санаты (бар болса): ________________________________ Жоспарды жасаған: _____________________________________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ Мөрдің орны* ________ ____________________________________ (қолы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " _______. ________________________________________________________________ басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесінің координаттар ведомосін салыстыру актісіне №__ 2-қосымша Нысан |
Жобаланатын жер учаскесінің шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттар | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
Периметрі, метр: _______ Ауданы, гектар _______ Ведомості жасаған: __________________________________________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Мөрдің орны* ________ ________________________________________ (қолы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы " " _______. ________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесінің координаттар ведомосін салыстыру актісіне №__ 3-қосымша Нысан |
Желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесінің жоспары
Масштаб 1: |
Жер учаскесінің ауданы, гектар: ________________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________
Жер учаскесінің орналасқан жері: _______________________________________
Жер санаты (бар болса): ________________________________________________
Жоспарды жасаған: __________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі,
____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөрдің орны* ________ ________________________________________
(қолы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы " " _______. ________________________________________________________________ басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне №__ 4-қосымша Нысан |
Желілік объект полигонының ауданын көрсете отырып, желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттар | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1-полигон | |||
1 | |||
2 | |||
2-полигон алаңы, гектар | |||
2-полигон | |||
5 | |||
6 | |||
Полигон алаңы, гектар | |||
3-полигон | |||
11 | |||
12 | |||
Полигон алаңы, гектар | |||
Периметрі, метр: _______ Ауданы, гектар _______ Ведомості жасаған: _________________________________________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Мөрдің орны* _______ __________________________________________ (қолы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы " " _______. ________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті №__
Жобаланатын жер учаскесі координаттарының ұсынылған ведомосін келесі деректермен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша: Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: _______________________________ (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі) Жер учаскесінің ауданы, гектар: ___________________________________ Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________ Жер учаскесінің орналасқан жері:________________________________ Жерлердің санаты:________________________________________________ Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы ақпарат:________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ ___________________________________________________________________ жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Әзірленген күні: 20__________ жылғы " " ___________.
Жобаланатын жер учаскесі шекараларының "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің" графикалық деректеріне (шекаралар салу, сызықтар шаралары) жер учаскесінің ұсынылған координаттары бойынша сәйкессіздігі анықталды.
Қосымша: Жобаланатын жер учаскесі шекараларының "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің" графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі.
__________________________________________сәйкессіздігі анықталды Ерекше белгілер _______________________________________________ (бұрын жобаланған жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланған жер учаскесі _______________________________________________________________ екі және одан да көп есептік кварталдардың және басқалардың шекарасында орналасқан)
Салыстырып тексеру жүргізген:________________________________________________________ (маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Салыстырып тексерілген күн: 20___ жылғы " " _________ ________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1-қосымша Нысан |
Жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасы
масштабы1: |
деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасы
Шартты белгілер:
__________ жобаланатын учаске
__________ іргелес учаске
__________ қабаттасу
__________ сәйкессіздік
Қабаттасудың жалпы алаңы, гектар: __________
________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 2-қосымша Нысан |
Жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттар | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
Ескерту: жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған жобаланатын жер учаскесінің координаттары бойынша жасалды.
Периметрі, метр:______________________________________________________
Алаңы, гектар: _______________________________________________________
Ведомості жасаған:
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөрдің орны* ____________ ________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ведомостің жасалған күні: 20 ____ жылғы " " _______.
________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 3-қосымша Нысан |
Желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің" графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасу) схемасы
Масштаб 1: |
Шартты белгілер:
__________ жобаланған учаске;
__________ іргелес учаске;
__________ қабаттасу;
__________ сәйкессіздік.
Қабаттасудың жалпы ауданы, гектар:__________.
________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 4-қосымша Нысан |
Желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттар | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1-полигон | |||
1 | |||
2 | |||
Полигонның ауданы, гектар | |||
2-полигон | |||
5 | |||
6 | |||
Полигонның ауданы, гектар | |||
3-полигон | |||
11 | |||
12 | |||
Полигонның ауданы, гектар | |||
Ескерту: жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған жобаланатын жер учаскесінің координаттары бойынша жасалды.
Периметрі, метр:______________________________________________________
Ауданы, гектар: ______________________________________________________
Ведомості жасаған: __________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөрдің орны ____________ ________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ведомостің жасалған күні: 20 ____ жылғы " " _______.
________________________________________________________________
басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық еректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатынын хабарлаймыз, өйткені: ____________________________________________________________________ (бас тарту себептері) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _______________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): ғимаратта мекенжай бойынша:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші_______________________________________ (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20___ жылғы "____" _______.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 12-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 12-қосымша |
"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізілуі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісуімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады және 30 (отыз) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының мазмұнымен танысады, қарар жазады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде жұмыс істеу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне береді.
8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның және тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушылары келіп түскен өтінішті бірлесіп қарайды, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы жазбаша жауап дайындайды және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына не оны алмастырушы адамға қол қою үшін жібереді.
9. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы жазбаша жауапқа не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды және оны тіркеу үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсесіне береді;
10. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы хатты тіркеуді жүргізеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тыңдау нәтижелері бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігі туралы жауап не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің дереу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
13. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш
Сізден _____________________________________________ орналасқан (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)) ____________________________________________________ негізінде (құқық түрін көрсету) __________________________________________________ үшін берілген (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ауданы _____________________гектар жер учаскесінің бөлінетіндігін және (немесе) бөлінбейтіндігін анықтауыңызды сұраймын. Бөлу мақсаты ___________________________________________________.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), электрондық-цифрлық қолтаңбасы
| "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ______________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _______________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________ (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____ жылғы "____" ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 13-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 13-қосымша |
"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Жеке немесе заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам ұсынылған құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жұмыс істеу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға береді.
8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды.
9. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы хат дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы хатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы хатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
13. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге өтініш
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуші-жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы | Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы өтініш білдірген жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы | Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының атауы | Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты және ауданы, гектар | Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы даналарының саны | Жергілікті атқарушы органның шешімі нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы дайындалды: мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 14-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 14-қосымша |
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;
7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
7. Портал арқылы жүгінген кезде:
1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;
7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
12. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш
_________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
____________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
_______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса),тегі/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___жылғы " "
| "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:
______________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):
_______________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы
бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____ жылғы "____" ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 15-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 15-қосымша |
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жер учаскесін алуға кезекке қоюға арналған өтініштерді арнайы есепке алынуын қалыптастыруға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде:
порталда авторландыру рәсімін өтеді;
жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізеді;
жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне деректерді енгізгеннен кейін интеграциялық өзара әрекеттесулер жолымен автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті барлық қажетті мәліметтерді өңдейді;
көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті, арнайы есепке қою туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
8. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 20 (жиырма) минут ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара) цифрландырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш. |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы не бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар. |
Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш
_________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ауданы __________ гектар ____________________________________ орналасқан (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды сұраймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 16-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 16-қосымша |
"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы;
3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізілуі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесі туралы мәліметтерді жандандыру (түзету) туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.
Мәліметтері мемлекеттік құпияны қамтитын жер учаскелері ресімделген кезде жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тек жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, операциялық залдың жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мелекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда өтінім қалыптастырады;
2) портал өтінімді ЖМБМК ЦЖ-ға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – ҚБ) басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және 1 (бір) сағат ішінде өтінім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері өтінім келіп түскен сәттен бастап:
құжаттар келіп түскен күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады;
3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және оған қоса берілген құжаттардың құжаттардағы мәліметтерге сәйкестігін тексереді, ЖМБМК ЦЖ-да жер учаскесін сәйкестендіреді, құжаттарды жүйелеу және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағат) жер-кадастрлық істерді сұратады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде құрылымдық бөлімшенің жұмыскері жер учаскесі туралы мәліметтерді жандандыруды (түзетуді) жүзеге асырады және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін құрылымдық бөлімше басшысына жібереді;
ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) сағат ішінде ЖМБМК ЦЖ-ға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;
нәтижелерді портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Министрлік пен көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
9. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету) туралы өтінім
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінде_____________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы _______ гектар жер учаскесі туралы мәліметтерді жандандыруды (түзетуді) сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ___________________.
Жандандырудың (түзетудің) себебі ____________________.
Цифрлық жүйелерде қамтылған менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20__ жылғы "____" __________.
| "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтерді жандандыру (түзету) туралы хабарлама
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің филиалы)
20 ____ жылғы "____" _________ № ______ өтінімді қарап және жер учаскесіне жер-кадастрлық істің материалдарын зерделеп, _________________________ (енгізілген түзетулер) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтерге жандандыру (түзету) жүргізілгені туралы хабарлайды.
Мемлекеттік корпорация ________________________________________________________________
(басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
| "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің филиалы)
Мекенжайды тіркеу коды: _______________________,
кадастрлық нөмірі ________________________,
_____________________________________________________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері, мекенжайы)
мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне берілген өтінімді қарап, Сізге "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
Бас тартуға негіз болған:
_____________________________________________________________________
Қосымша түсініктеме (бар болса):
________________________________________________________________
(өтініш берушінің жосықсыз жер пайдаланушылар тізілімінде тұрғаны, соттың шешімі (нөмірі мен күні), құжаттардағы сәйкессіздіктер егжей-тегжейлі көрсетіледі)
Мемлекеттік корпорация
________________________________________________________________
(басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 17-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 17-қосымша |
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" және әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы сұралып отырған жер учаскесінің бөлу схемасын ЖКК-да өздігінен қалыптастыра отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті алушының интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне оның келіп түскені туралы хабарлама жіберіледі, онда жер учаскесін бөлу схемасын келісудің болжамды күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иеленушінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті екі кезеңмен көрсетеді.
Бірінші кезең:
қала құрылысы құжатына сәйкес орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып сұралып отырған жер учаскесін беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган), ал аудандық маңызы бар қаланың әкімі – ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органына жібереді;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшылығы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы:
2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес оны мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындайды;
сұралып отырған жер учаскесін беру мүмкіндігі айқындалған жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастырады, ал қажет болған жағдайда берілетін жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды көшіруді қарастырады;
көрсетілетін қызметті алушы техникалық шарттарды алу үшін ұсынған сауалнама парағын қоса бере отырып, жер учаскесін бөлу схемасы дайындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Кодекстің 16-бабының 2-тармағы 1-3) тармақшасына, 18-бабының 1-2) тармақшасына және 19-бабының екінші бөлігіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі тізбесін бекіткен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға бір мезгілде келісуге жолдайды;
сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі себебін негіздеп, оның жеке кабинетіне уәжді бас тарту жібереді;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жер учаскесін бөлу схемасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жұмыстардың сметасын қоса бере отырып, электрондық түрде қорытынды ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері инженерлік желілерге қосылуға қосымша техникалық шарттарды мына мерзімдерде ұсынады:
техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен техникалық шарттарды беруден уәжді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Жер учаскесін бөлу схемасына келісу қандай да бір ескертпелер мен ескертулерсіз жүзеге асырылады;
6) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымнан оң қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін көрсетілетін қызметті алушының келісуі үшін оның жеке кабинетіне бөлу схемасын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасы келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны келіседі.
Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің аяқталуы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде оның жеке кабинетіне жіберетін жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
Жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұралған жағдайда, бөліп беру схемасына қосымша табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындалатын сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган ол келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуды жібереді.
Екінші кезең:
көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын келіскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу:
1) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесін бөлудің келісілген схемасы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органына және аудандық маңызы бар қаланың әкіміне жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындау үшін жібереді;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы, аудандық маңызы бар қаланың әкімі құжаттар келіп түскен күні құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды;
3) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің және жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу үшін жібереді;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;
7) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
7. Жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзіретіне кіретін жағдайларда, төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындау үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
Жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы түпкілікті шешімі төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.
8. Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын уақтылы жасамау не оларды жасасудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде "Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27790 болып тіркелген) сәйкес жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей тыңдау жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастыру және келісу туралы, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасау, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды жасау, жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-ғы жеке кабинетіне жіберіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
13. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
14. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Өтініш келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күніне дейін. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі; |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
бірінші кезең: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда не бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар. |
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш
Сізден _______________________________________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері)
______________________________________________________ орналасқан
ауданы __________ гектар жер учаскесін _________________________
құқық түрі көрсетіледі
құқығымен ____________жыл/ай мерзімге беруіңізді сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/идентификаторы (бар болса)
_____________________________________________________________
Сұралып отырған нысаналы мақсаты:____________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес сәйкестендіру нөмірі 180541001313) "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Өтінішке жария кадастрлық картада қалыптастырылған жер учаскесінің схемасы қоса беріледі.
Өтініштің берілген күні: ________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________
_____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| Жер учаскесіне құқық алу туралы өтінішке қосымша Нысан |
Жария кадастрлық карта 20__ жылғы "___" _________ Жер учаскесін бөлу схемасы
Жер учаскесінің идентификаторы*/Кадастрлық нөмірі (бар болса) | |
Көрсетілетін қызметті алушы: | |
Ауданы (гектар / шаршы метр) : | |
Сұралып отырған нысаналы мақсаты: | |
Жер учаскесінің орналасқан жері: |

| Тіркелген жер учаскесі |
| Жобаланатын жер учаскесі |
Іргелес жер учаскесі | |||
Ескертпе:
* жер учаскесінің идентификаторы жария кадастрлық картада (жиырма таңбалы сандық код) автоматты түрде қалыптастырылады.
** қосымша жер учаскесінің ауданының үлесі бар болса көрсетіледі.
| "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Көрсетілетін қызметті |
| Наименование услугодателя |
ШЕШІМ | РЕШЕНИЕ |
№ ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы
қаласы город
Жер учаскесіне құқық беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес ШЕШТІ:
1. _____________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________ орналасқан жер учаскесіне, (жер учаскесінің орналасқан жері) _______________________________________________________________ үшін, (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ауданы ___________ гектар, __________________________________ жерлерінен (ауданы, гектар) (жер санаты) ___________________________________________________ құқығы ұсынылсын. (жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар) Жер учаскесі ______________________________ (бөлінеді/бөлінбейді) _______________________________________________________________
(жер учаскесін беруге байланысты басқа мәліметтер, бар болса)
2. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде шарт (сатып алу, сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жер пайдалану (жалдау)) жасассын ________________________________________________________________.
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Лауазымы | Т.А.Ә. |
| "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:
______________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):
_______________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы
бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____ жылғы "____" ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 18-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 18-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді беру "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Жер-кадастрлық істегі мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылады.
2-тарау. Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
"Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
6. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік құпия қамтитын мәліметтері бар жер учаскелерінің жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну үшін көрсетілетін қызметті алушылар тек жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз тасығышта жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар қабылданған күні 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) қабылдауды және дұрыстығын тексеруді және Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;
3) ҚБ басшысы 30 (минут) ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қоса берілген құжаттарды құжаттардағы деректердің сәйкестігіне тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу жане сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) жер-кадастрлық істі сұратады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмағанда, жер-кадастрлық істен көрсетілетін қызметті алушы сұраған құжаттардың көшірмелерін жасайды және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;
5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық істен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде тексереді және жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін беру туралы шешім қабылдайды;
7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн тiркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскерi жер-кадастрлық iстен құжаттардың көшiрмелерiн курьер арқылы жолдайды;
8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде (не оның өкілдігін куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде өкілге) жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) тексеруді және құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттарды тіркеген күннен бастап 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және қоса берілген құжаттарды ондағы деректердің сәйкестігіне тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) жер-кадастрлық істі сұратады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық істен сұратқан құжаттардың көшірмелерін алуды жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;
4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық істен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер-кадастрлық істен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және ұсыну туралы шешім қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері жер-кадастрлық істен алынған құжаттардың электрондық көшірмелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
14. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, Мемлекеттік корпорация шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт, ведомство – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
17. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну туралы өтініш
__________________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінің жер-кадастрлық ісінен құжаттардың (құқық белгілейтін құжаттардың, жерге орналастыру жобасының) көшірмелерін беруді сұраймын. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:__________________________________________________________________ ___________________________________________________ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес сәйкестендіру нөмірі 180541001313) "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20__ жылғы "____" __________.
| "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті ____________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, себебі:
__________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
__________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Мемлекеттік корпорация
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 19-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 19-қосымша |
"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік (бұдан әрі – ӘАБ) – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;
2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
5) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілген кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдауды, дұрыстығын тексеруді және Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) береді;
3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тексереді және көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қоса берген құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29180 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) ескере отырып, қабылданған құжаттарды тіркейді, ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша ӘАБ шекараларын сәйкестендіреді, жобаланатын ӘАБ бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын ЖМБМК ЦЖ енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының басқа сабақтас ӘАБ және жер учаскелеріне, оның ішінде ЖМБМК ЦЖ сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасулардың бар-жоғын, олардың алаңының, сызықтарының өлшемдеріне, орналасқан жерінің сәйкестігіне салыстырып-тексеруді жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде:
ӘАБ жобаланатын шекаралары ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде:
ӘАБ жобаланатын шекараларының орналасқан жері ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде (қабаттасулар, орналасқан жердің сәйкес келмеуі, алаңның деректерінің, ұсынылған деректер бойынша ӘАБ шекара сызықтары, конфигурациялары мен координаттары өлшемдерінің дұрыс болмауы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;
5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тексереді, қол қояды және 3 (үш) сағат ішінде тіркеуге береді;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жіберуге береді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (немесе өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде 20 (жиырма) минут ішінде жүзеге асырылады.
7. Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде береді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты қызметкерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
Қағидаларды ескере отырып, қабылданған құжаттарды тіркейді, ЖМБМК ЦЖ дерекқоры бойынша ӘАБ шекараларын сәйкестендіреді, жобаланатын ӘАБ бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын ЖМБМК ЦЖ енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының басқа сабақтас ӘАБ және жер учаскелеріне, оның ішінде ЖМБМК ЦЖ сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасулардың бар-жоғын, олардың алаңының, сызықтарының өлшемдеріне, орналасқан жерінің сәйкестігіне салыстырып-тексеруді жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде:
ӘАБ жобаланатын шекаралары ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде:
ӘАБ жобаланатын шекараларының орналасқан жері ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (қабаттасулар, орналасқан жердің сәйкес келмеуі, алаңның деректерінің, ұсынылған деректер бойынша ӘАБ шекара сызықтары, конфигурациялары мен координаттары өлшемдерінің дұрыс болмауы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;
4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тексереді және қол қояды және 3 (үш) сағат ішінде тіркеуге береді;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты тіркейді және оны қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы ҚБ басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін беру туралы шешім қабылдайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді не Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні беру туралы шешімді қабылдайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының ЖМБМК ЦЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
12. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, Мемлекеттік корпорация оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік корпорация – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымын қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
15. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісуге арналған өтініш
Сізден жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен
_________________________________________________________
жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларын келісуді сұраймыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес сәйкестендіру нөмірі 180541001313) "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы / электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20 жылғы "____ " ____________
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің жоспары
"Оңтүстік – Солтүстік" бағыты |
Масштаб 1: |
Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы ________________________________
Әкімшілік-аумақтық бірліктің кадастрлық коды (бар болса) _____________
Әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің
(ӘАОЖ) коды (бар болса) ______________________________________________
(қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)
Әкімшілік-аумақтық бірліктің ауданы, гектар: __________________
Әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жері: _________________
Жоспарды жасаған: ______________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
________________________________________________________________
(бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөрдің орны *
_____________________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______.
* Басшының қолы/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| Нысан |
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттары | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
Периметрі, метр: _______ Ауданы, гектар _______ Ведомості жасаған: ______________________________________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты, (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Мөрдің орны * ________ _____________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______.
* Басшының қолы/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің координаттары ведомосін салыстырып-тексеру актісі №
Ұсынылған жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік координаттары ведомосін мынадай деректермен салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша:
Әкімшілік-аумақтық бірліктің кадастрлық коды (бар болса) _____
Әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің
(ӘАОЖ) коды (бар болса) ___________________________
(қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)
Әкімшілік-аумақтық бірліктің ауданы, гектар: ___________
Әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жері: _____________________
Жобаны әзірлеуші туралы ақпарат: ______________________
________________________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты
________________________________________________________________
бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әзірленген күні: 20___ жылғы "___" ___________.
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларын әкімшілік-аумақтық бірліктің ұсынылған координаттары бойынша "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің" графикалық деректерімен (шекаралар салынбауы, алаңның сәйкестігі, сызықтар шаралары) келісеміз.
Қосымша: Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің жоспары және жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосы.
Ерекше белгілер ________________________________________________
(бұрын жобаланған әкімшілік-аумақтық бірлікке қаббатасу бар; жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік екі және одан да көп ______________________________________________________
облыстардың және басқалардың шекараларында болады)
Салыстырып тексеруді жүргізген: __________________________________
(маманның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Салыстырып тексерілген күні: 20___ жылғы "___" ___________.
________________________________________________________________
Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| №_ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің координаттар ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1-қосымша Нысан |
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің жоспары
"Оңтүстік – Солтүстік" бағыты |
Масштаб 1: |
Әкімшілік-аумақтық бірліктің кадастрлық коды (бар болса) _____
Әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің
(ӘАОЖ) коды (бар болса) ___________________________
(қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)
Әкімшілік-аумақтық бірліктің ауданы, гектар: ___________________
Әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жері: _____________________
Жоспарды жасаған: _____________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
________________________________________________________________
(бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөрдің орны * _____________________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______.
* Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| №_ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің координаттар ведомосін салыстырып тексеру актісіне 2-қосымша Нысан |
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттары | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
Периметрі, метр: _______
Ауданы, гектар _______
Ведомості жасаған:
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөрдің орны * ________ _______________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))
Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______.
*Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік координаттарының сәйкес келмеу актісі №___
Ұсынылған жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік координаттары ведомосін мынадай деректермен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:
Әкімшілік-аумақтық бірліктің кадастрлық коды (бар болса) ____
Әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің (ӘАОЖ) коды (бар болса) ______________________
(қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)
Әкімшілік-аумақтық бірліктің ауданы, гектар: ______________
Әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жері: ______________
Жобаны әзірлеуші туралы ақпарат: ______________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әзірленген күні: 20___ жылғы "___" ___________.
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары әкімшілік-аумақтық бірліктің ұсынылған координаттары бойынша "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің" графикалық деректеріне (шекаралар салынбауы, алаңның сәйкестігі, сызықтар шаралары) сәйкес келмеуі анықталды.
Қосымша: Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі" графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы және жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосы.
Сәйкессіздік анықталды: ___________________________________________
Ерекше белгілер __________________________________________________
(бұрын жобаланған әкімшілік-аумақтық бірлікке қаббатасу бар; жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік екі және одан да көп облыстардың және басқалардың шекараларында болады)
Салыстырып тексеруді жүргізген:________________________________
(маманның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Салыстырып тексерілген күні: 20___ жылғы "___" ___________.
________________________________________________________________
Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
| №__ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік координаттарының сәйкес келмеу актісіне 1-қосымша Нысан |
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы
Масштаб 1: |
Шартты белгілер:
__________ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік;
__________ іргелес әкімшілік-аумақтық бірлік;
__________ қабаттасу;
__________ сәйкессіздік
Қабаттасудың жалпы алаңы, гектар:__________.
Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде).
| №__ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік координаттарының сәйкес келмеу актісіне 2-қосымша Форма |
Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі
Нүкте нөмірі | Координаттары | Ұзындығы (метр) | |
X | Y | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
Периметрі, метр: _______ Ауданы, гектар _______ Ведомості жасаған:
______________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны * ________ __________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Ведомость жасалған күні: 20___ жылғы " " _______.
* Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті ____________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, себебі:
__________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
__________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Мемлекеттік корпорация
__________________________________________________________________________
________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 20-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 20-қосымша |
"Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
4) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға қосымшада көрсетілген.
4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде өтінішті қабылдайды және тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жазуға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам өтініштің мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар қабылданған күні жауапты орындаушыны айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) өтініште қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және жер учаскесіне жалдау шартының болуын тексереді;
2) жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен күні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
11. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасы (телнұсқа деген белгісімен) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 17.00-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алуға арналған өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда не бір реттік құпиясөз арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алуға арналған өтініш
_____________________________________________________________
(мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы_______ гектар жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
Дербес деректерімді және "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Электрондық цифрлық қолтаңба ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)
20___жылғы "______" _________
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 21-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 21-қосымша |
"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – осы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама.
2-тарау. "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдап алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті орындауға жауапты өндірістік құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) құжаттарды қабылдаған күні береді.
6. ҚБ басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды.
Жауапты орындаушы құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларды қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес шығындар есебін жүргізеді, материалдарды қоса береді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына қол қоюға жолдайды.
ҚБ басшысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тексереді және оған қол қояды және оны ҚБ жұмыскеріне жолдайды.
ҚБ-ның құжаттарды беру жөніндегі жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тіркейді.
Дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекетті қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
10. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Кағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік институт көрсететін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) уақытша бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының 2025 жылғы 14 қазандағы № 228-25П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларға 1 және 4-параграфтарға сәйкес мөлшерде есептеледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау туралы өтініш
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша _________ гектар алаңда орналасқан жер учаскесі бойынша ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындауды сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) _______________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу ммлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бизнес сәйкестендіру нөмірі 231140024109) дербес деректерімді және "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы
________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі (атауы, қашан және кім берді):
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
4. ___________________________________________________________
Байланыс телефоны_______________________________________________
Ескертпе_________________________________________________________
20__ жылғы "___"__________.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі
_______________________________________________________________
(жер пайдаланушы (меншік иесі)
___________________________________________________________________
(нысаналы мақсаты)
____________________________________________________________________
(орналасқан жері, алаңы (гектар)
№ | Ауыл шаруашылығы алқабының атауы | Топырақ типінің атауы | Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативі (теңге) |
Алаңы | Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу сомасы (теңге) (4-баған х 5-баған=) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: | |||||
"Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры
________________________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Мөрдің орны (бар болса)
Күні: 20___ жылғы "____" _______.
Келісілді: ________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
Орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________
__________________________________________
(қолы) (күні)











