"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мән баламасында Америка Құрама Штаттарының елу мың долларынан асатын мөлшерде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар және оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
