"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 17 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38198 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "цифрлық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Діни бірлестіктің жеке басын куәландыратын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттар топтамасы бар қалыптастырылған өтініш көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) почта байланысы арқылы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";

      "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттар топтамасы бар қалыптастырылған өтініш/өтінішхат көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) почта байланысы арқылы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";

      "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса тіркеп, қызмет берушінің кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "цифрлық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Діни бірлестіктің жеке басын куәландыратын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттар топтамасы бар қалыптастырылған өтініш көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) почта байланысы арқылы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";

      "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "цифрлық үкімет" веб – порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Діни бірлестіктің жеке басын куәландыратын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "цифрлық үкімет" веб – порталы және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" (бұдан әрі-Портал) арқылы жүгінеді.

      Құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқық белгілейтін құжат, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 15 және 16-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесіншіден бастап отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
  1-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      3) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса тіркеп, қызмет берушінің кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) электрондық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдап алғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы бар, қабылдау күні, уақыты мен кіріс, шығыс құжаттарының нөмірі бар, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту хатын әзірлейді.

      6. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Дінтану сараптамасын жүргізу қажет жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын пошта байланысы арқылы алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде не сараптама объектілерін уәкілетті органға қолма-қол жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатылады.

      Уәкілетті орган дінтану сараптамасын жүргізгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге сараптамалық қорытынды жібереді.

      Жауапты орындаушы уәкілетті органнан дінтану сараптамасының қорытындысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта осы Қағидағаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алды ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес ауызша нысанда тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді, оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________
жеке тұлғаның ТАӘ (ол болған жағдайда),
мекенжайы, телефоны және
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

      Сізден мені миссионер ретінде тіркеуді (қайта тіркеуді) сұраймын.

      Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________

      Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (күні,

      нөмірі, құжатты берген орган): ____________________________________________

      Азаматтығы: ________________________________________________

      Дiни ұстанымы: _____________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни

      бірлестіктердің атауы: _____________________________________________

      Миссионерлік қызмет мерзімі: _________________________________

      Визаның қолданылу мерзімі:___________________________________

      Қызметті жүзеге асыру аумағы:_________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

      Миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан

      Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын. ____________ (қолы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1. __________________________________________________________

      2. __________________________________________________________

      3. __________________________________________________________

      4. __________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып, электрондық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы ____________ Өтініш берілген күн_________

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1)Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма күндері аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ғе дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады; Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
Мемлекеттік корпорацияның www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (жеке басын куәландыратын құжатты не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде) мыналар:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш;
2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған) құжат;
4) дiни бiрлестiк жарғысының (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталған) көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы (болған жағдайда) туралы хаттың көшірмесі ұсынылады;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыртуы.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) паспорттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік тарапынан берілген құжаттың электрондық көшірмесі (қағаз нұсқасының берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған);
4) діни бірлестік жарғысының (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталған) электрондық көшірмесі;
5) діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың электрондық көшірмесі, миссионерлік қызметке арналған діни мақсаттағы заттар;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесі (болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестік шақыртуының электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қойған қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7) дінтану сараптамасының объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмаған;
8) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ________ бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды

      ______________________________________________________ __________

      ТАӘ (ол болған жағдайда) Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері (қолы)

      Алдым: _________________________________________ ________________

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___" _________

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

__________________________________________________________
әкімдігі (облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың)
Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік
______________________________________________ (тіркеу нөмірі)

____________________қаласы 20___ жылғы "____"_______

      Осы куәлік "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ________________________________берілген

      (куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      және миссионер ретінде 20__жылғы "__" _________ тіркелгенін растайды.

      Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:

      _______________________________________________________________

      Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы "___" __________

      (қайта тіркелген кезде көрсетіледі)

      Паспорт немесе жеке куәлігі: ___________________________________

      (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)

      Азаматтығы:_________________________________________________

      Дiни ұстанымы:______________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің атауы ______________________________________________

      Осы куәлік 20___ жылғы "___" ________ дейін жарамды

      Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам

      ____________________________________________________________

      (лауазымы мен тегi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып)

      Қолы ________

      Мөр

      Бланк сериясы

      Бланк №___________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      3) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      4. Келісулер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкіл осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 3-қосымшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді.

      Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатпен және осы Қағидаларға 3-қосымшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінеді.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдағанын растау – құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе өтінішхатының көшірмесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті/өтінішхатты қабылдаудан бас тартады.

      7. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініштің/қолдаухаттың, құжаттар топтамасының толық толтырылуын тексереді және оларды қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Қалыптастырылған өтініш/қолдаухат құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) электрондық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды тіркеген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бұдан әрі – жауапты орындаушы).

      Жауапты орындаушы 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне құжаттарды қарайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу хат дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес ауызша нысанда тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес келісу хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін және күнін бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      9. Келісім-хаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы уәкілетті органға шетелдік діни бірлестікті Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өту үшін не діни бірлестіктерді тіркеуден (қайта тіркеуден) өту, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін жүгінеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
ТАӘ (ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы
және телефоны)

            Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни
            бірлестіктің қызметіне келісім-хат беруге өтініш

      Мен,___________________________________________________________
(шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________,
      (паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (берілген күні,
                  нөмер, құжатты берген орган)

(шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)
      Қазақстан Республикасы аумағындағы _____________________________
__________________________________________қызметіне келісуді сұраймын.
      (шетелдік дiни бiрлестiктін толық атауы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1. ____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
электрондық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.
Қолы______________ Өтініш берген күні ________________
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
ТАӘ (ол болған жағдайда)
заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы,
телефоны мен бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)

Шетелдік діни орталықтың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысын тағайындауын келісу хатын беруге арналған қолдаухаты

      Осы арқылы_____________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ___________________________________тағайындауды келісуді сұраймын

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (үміткердің шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы ақпаратты көрсету)

      (шетелдік діни орталықтың орналасқан жері туралы ақпарат)

      құрылтайшы - шетелдік діни орталықтың шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға екендігін куәландыратын құжаттың деректері (тіркеу нөмірі, күні, берген орган, берілген мерзім, жарамдылық мерзімі) ___________________

      (шетелдік діни бірлестіктің діни бірлестігі және оның орналасқан жері)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын электрондық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы______________

      Қолдаухат берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекттік корпорация).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация − өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-портал арқылы броньдауға болады;
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: қызмет берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
Мемлекеттік корпорацияның www.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
3) шетелдік діни бірлестік – құрылтайшының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтартізімі;
5) шетелдік діни бірлестіктің діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;
6) заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) көшірмесі.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қойылған қолының түпнұсқалығымен ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаты;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қойылған қолының түпнұсқалығымен ұсынылады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың мынадай себептерін көрсете отырып, жауап жібереді:
1) егер діни бірлестіктердің қызметі бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға:
1) егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлері тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар:
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
шетелдiк дiни орталықтардың
Қазақстан Республикасындағы
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  _______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі –ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №____ бөлімі ________________________________________________ (мекенжайды көрсету)

      сіздің "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті/өтінішхатты қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________ ______________________

      ТАӘ (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері) (қолы)

      Алдым: ________________________________________ ___________

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

      Күні: 20___ жылғы "___" ___________

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктер басшыларын
тағайындауын келiсу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Діни бірлестіктерді құратын бастамашы-азаматтардың тізімі
____________________________________________________________________
(діни бірлестіктердің атауы)
____________________________________________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні, айы және жылы

Қазақстан Республика азаматының жеке куәлік құжаты туралы мәлімет, жеке сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты мекенжайы, үйдің және қызметтік телефонының нөмірі

Өз қолтаңбасы

1

2

3

4

5

6

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктер басшыларын
тағайындауын келiсу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
6-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу

      № _ _ _ _ _ күні                                     20___жылғы "___"___________

      ____________________________________________________________________

      (шетелдік діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда))

      берілді және "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының

      аумағында___________________________________________________________

      ______________________________________________ қызметін келіседі.

      (шетелдік діни бірлестіктің толық атауы)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің басшыларын
тағайындауын келiсу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу

      № _ _ _ _ _ күні                               20___жылғы "___" ___________

      Берілді _________________________________________________________

            (шетелдік діни орталықтың толық атауы)

      және тағайындауды келіседі ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған жағдайда)) басшысы______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)

      _________________________________________________________________

      "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
3-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жай (бұдан әрі – тұрақты үй-жай) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса тіркеп, қызмет берушінің кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) электрондық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындайды.

      6. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастын жерін келісу хатының жобасын келіседі, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға сұрау салуларды жібереді.

      Жауапты орындаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы хатты әзірлейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес ауызша нысанда тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы хатты не көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы хаттың электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінгенде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
Көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ
(ол болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен жеке
сәйкестендiру нөмiрi және заңды
тұлғаның атауы, пошталық
мекенжайы, телефоны және
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісуіңізді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып элетрондық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы_____

      Өтініш берген күні________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу хаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ғе дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады; Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған: көрсетілетін қызметті беруші: www.gov.kz; Мемлекеттік корпорация: www.gov.kz; www.elicense.kz порталы.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) жүгінген кезде:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады. Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші/ Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны, үй-жайларды салу мақсаты; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хатының электрондық көшірмесі (үй-жай жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электронды көшірмелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
немесе ұйымның атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ________________________ бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ___________________________________________ _____________

      ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

      (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері)

      Алдым: ________________________________________________ ____

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "__"_________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ
бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
4-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әр –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "электрондық үкіметтің" веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің жобасын келіседі.

      Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді әзірлейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес ауызша нысанда тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Қызмет алушыдан қарсылық түскенде, оны қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді не көрсетілетін қызметті алушыға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ
(ол болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен
жеке сәйкестендіру нөмірі
және (немесе) заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы,
телефоны және бизнес
сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________ мекенжайы

      бойынша ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.

      Ғибадат үйі ____________________________________________________ (конфессияға тиесiлiлiгi)

      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi__________________________

      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ______________________

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып, электрондық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы _____

      Өтініш берген күні ______

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісі кандидатурасының саны көрсетілген);
3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі (ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады;
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
  5-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталына, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай құжаттарды қоса береді.

      Құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқық белгілейтін құжат, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      6. Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің жобасын келіседі.

      Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сай келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес ауызша нысанда тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту береді, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық
мақсатын өзгеру) туралы
шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ
(ол болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен
жеке сәйкестендіру нөмірі
және (немесе) заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Сізден үйді (ғимартты) ғибадат үйіне (ғимаратына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді беруіңізді сұраймын

      "_____________________________________________________________"

      мекенжайы бойынша орналасқан ғибадат үйіне (ғимаратына)

      _______________________________________________________________

      Ғибадат үйі (ғимараты)

      ______________________________________________________________

      (конфессиялық тиесілігін)

      Ғибадат үйінің (ғимаратының) сыйымдылығы (шіркеу қызметкерлерінің саны көрсетіледі)

      _______________________________________________________________.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын электрондық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы _ _ _ _ _ _

      Өтініш берілген күн __________

      Мөр орны (заңды тұлға үшін)

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі;
3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады;
4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе құрылысына қайта бейіндеуге келісімі туралы хатының электрондық көшірмесі ұсынылады (жеке тұлғаның тұрғын үйі, заңды тұлғаның үй-жайы орналасқан ғимараттың аумағымен шекаралас үй-жайлар (оның ішінде, егер шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) болған кезде ұсынылады);
5) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) егер діни бірлестіктердің қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін бекітуге, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дінге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктің қызметіне, діни жораларға және (немесе) дінді оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ
бұйрығына 6-қосымша
"Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________
жеке тұлғаның ТАӘ (ол болған жағдайда),
мекенжайы, телефоны және
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

      Сізден мені миссионер ретінде тіркеуді (қайта тіркеуді) сұраймын.

      Орналасқан (тұратын) мекенжайы:__________________________________

      Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат ________________

      (күні, нөмірі, құжатты берген орган):

      Азаматтығы: ____________________________________________________

      Дiни ұстанымы: _________________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің атауы: _________________________________________________

      Миссионерлік қызмет мерзімі: _____________________________________

      Визаның қолданылу мерзімі:_______________________________________

      Қызметті жүзеге асыру аумағы:_____________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

      Миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын____________(қолы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1. __________________________________________________________

      2. __________________________________________________________

      3. __________________________________________________________

      4. __________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып, цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы ____________

      Өтініш берілген күн_________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ
бұйрығына 7-қосымша
"Миссионерлік қызметті
жүзеге асыратын адамдарды
тіркеуді және қайта тіркеуді
жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма күндері аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ғе дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады; Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; Мемлекеттік корпорацияның www.gov.kz интернет-ресурсында; www.elicense.kz порталында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (жеке басын куәландыратын құжатты не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде) мыналар:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш;
2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған) құжат;
4) дiни бiрлестiк жарғысының (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталған) көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы (болған жағдайда) туралы хаттың көшірмесі ұсынылады;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыртуы.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) паспорттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік тарапынан берілген құжаттың электрондық көшірмесі (қағаз нұсқасының берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған);
4) діни бірлестік жарғысының (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталған) электрондық көшірмесі;
5) діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың электрондық көшірмесі, миссионерлік қызметке арналған діни мақсаттағы заттар;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесі (болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестік шақыртуының электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қойған қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7) дінтану сараптамасының объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмаған;
8) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
8-қосымша
"Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
ТАӘ (ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы
және телефоны)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім-хат беруге өтініш

      Мен,___________________________________________________________

      (шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________________________________________________________,

      (паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (берілген күні,

      нөмер, құжатты берген орган)

      _______________________________________________________________,

      (шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)

      Қазақстан Республикасы аумағындағы _____________________________

      __________________________________________қызметіне келісуді сұраймын.

      (шетелдік дiни бiрлестiктін толық атауы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1. ____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын цифрлық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Қолы______________ Өтініш берген күні _________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
9-қосымша
"Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
  басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
ТАӘ (ол болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы
және телефоны)

Шетелдік діни орталықтың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысын тағайындауын келісу хатын беруге арналған қолдаухаты

      Осы арқылы_____________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ___________________________________тағайындауды келісуді сұраймын

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (үміткердің шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы ақпаратты көрсету)

      _______________________________________________________________

      (шетелдік діни орталықтың орналасқан жері туралы ақпарат)

      _______________________________________________________________

      құрылтайшы - шетелдік діни орталықтың шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға екендігін куәландыратын құжаттың деректері (тіркеу нөмірі, күні, берген орган, берілген мерзім, жарамдылық мерзімі) ___________________

      (шетелдік діни бірлестіктің діни бірлестігі және оның орналасқан жері)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын цифрлық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы______________

      Қолдаухат берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
10-қосымша
"Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекттік корпорация).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация − өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті "цифрлық үкімет" веб-портал арқылы броньдауға болады;
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
қызмет берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
Мемлекеттік корпорацияның www.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкіл көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
3) шетелдік діни бірлестік – құрылтайшының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтар тізімі;
5) шетелдік діни бірлестіктің діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;
6) заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) көшірмесі.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қойылған қолының түпнұсқалығымен ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкіл көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаты;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қойылған қолының түпнұсқалығымен ұсынылады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың мынадай себептерін көрсете отырып, жауап жібереді:
1) егер діни бірлестіктердің қызметі бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға:
1) егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлері тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар:
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
11-қосымша
"Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
Көрсетiлетiн қызметті
алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ
(ол болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен жеке
сәйкестендiру нөмiрi және заңды
тұлғаның атауы, пошталық
мекенжайы, телефоны және
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісуіңізді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы_____

      Өтініш берген күні________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
12-қосымша
"Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу хаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ғе дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады; Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған: көрсетілетін қызметті беруші: www.gov.kz; Мемлекеттік корпорация: www.gov.kz;
www.elicense.kz порталы.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) жүгінген кезде:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады. Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші/ Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны, үй-жайларды салу мақсаты; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хатының электрондық көшірмесі (үй-жай жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электронды көшірмелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ
бұйрығына 13-қосымша
"Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ
(ол болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен
жеке сәйкестендіру нөмірі
және (немесе) заңды тұлғаның
атауы,
пошталық мекенжайы,
телефоны және бизнес
сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________ мекенжайы бойынша ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.

      Ғибадат үйі ____________________________________________________

      (конфессияға тиесiлiлiгi)

      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi__________________________

      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ______________________

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып, цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы _____

      Өтініш берген күні ______

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ
бұйрығына 14-қосымша
"Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісі кандидатурасының саны көрсетілген);
3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі (ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады;
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
15-қосымша
"Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық
мақсатын өзгеру) туралы
шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ)
(ол болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ
(ол болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен
жеке сәйкестендіру нөмірі
және (немесе) заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Сізден үйді (ғимартты) ғибадат үйіне (ғимаратына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді беруіңізді сұраймын

      "_____________________________________________________________"

      мекенжайы бойынша орналасқан ғибадат үйіне (ғимаратына)

      _______________________________________________________________

      Ғибадат үйі (ғимараты)

      ______________________________________________________________

      (конфессиялық тиесілігін)

      Ғибадат үйінің (ғимаратының) сыйымдылығы (шіркеу қызметкерлерінің саны көрсетіледі)

      _______________________________________________________________.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы _ _ _ _ _ _

      Өтініш берілген күн __________

      Мөр орны (заңды тұлға үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 116-НҚ бұйрығына
16-қосымша
"Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал).

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі;
3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады;
4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе құрылысына қайта бейіндеуге келісімі туралы хатының электрондық көшірмесі ұсынылады (жеке тұлғаның тұрғын үйі, заңды тұлғаның үй-жайы орналасқан ғимараттың аумағымен шекаралас үй-жайлар (оның ішінде, егер шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) болған кезде ұсынылады);
5) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) егер діни бірлестіктердің қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін бекітуге, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дінге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктің қызметіне, діни жораларға және (немесе) дінді оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады