Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 147-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 23 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 147-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша белгілі бір күнге мемлекеттік әріптес, концедент қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің, концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;
3) мемлекеттік қазынашылық – бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген ведомствосы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асыру тәртібі
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды мемлекеттік қазынашылық "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) арқылы жүзеге асырады.
4. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік қазынашылыққа электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жасаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін ұсынады.
5. Мемлекеттік қазынашылық тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары ұсынған ақпарат келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерден алынған деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары ұсынған ақпарат республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерден алынған деректермен сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қазынашылық ұсынылған ақпаратты пысықтауға жібереді.
Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ақпаратты пысықтайды және мемлекеттік қазынашылыққа қайтадан енгізеді.
6. Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуы туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) қалыптастырады.
Есеп тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары ұсынатын ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде қалыптастырылады.
7. Мемлекеттік қазынашылық Есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін жібереді.
8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 (оны) күнінен кешіктірмей, Кодекстің 40-бабының 7-тармағына сәйкес Есепті жариялауды қамтамасыз етеді.
Ұсынылады: мемлекеттік қазынашылыққа.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ҚРҮ МЖӘ ЖША.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды өтеусіз ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті саланың уәкілетті орталық мемлекеттік органдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде.
№ | Мемлекеттік әріптестің атауы | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу күні | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу нөмірі | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасы | Төлем түрі | Жиыны, төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелер сомасы | Жиыны, мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы |
Жоспар |
Факт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
теңге
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны ___________________ Электрондық поштаның мекенжайы ______________
Орындаушы ____________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолтаңбасы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам
______________________ _______________ ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолтаңбасы
Мөрдің орны
| "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған мемлекеттік- жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(индекс: 1-ҚРҮ МЖӘ ЖША, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме тиісті саланың уәкілетті орталық мемлекеттік органдары жасаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақпарат жасауына және ұсынуына арналған.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.
3. Есеп мемлекеттік қазынашылыққа ұсынылады.
Бағандарда мыналар көрсетіледі:
1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес көрсетіледі;
3-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жобаның атауы көрсетіледі;
4-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жобаны іске асыру күні көрсетіледі;
5-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына тіркеу нөмірі көрсетіледі;
6-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес көрсетіледі;
7-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасы көрсетіледі;
8-бағанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 9-бабына сәйкес жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу түрлері көрсетіледі;
9-бағанда төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы көрсетіледі;
10-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;
11-бағанда төлемдер кестесі бойынша тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу жоспары көрсетіледі;
12-бағанда төлемдер кестесі бойынша тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу фактісі көрсетіледі.
Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің орындалуы туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ҚРҮ МЖӘ МЕ.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік қазынашылық.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде.
теңге
№ | Мемлекеттік әріптестің атауы | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасы | Төлем түрі | Жиынтығы, төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелер сомасы | Жиынтығы, мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы |
Жоспар |
Факт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны ____________________ Электрондық поштаның мекенжайы ______________
Орындаушы ____________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолтаңбасы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын адам
______________________ _______________ ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолтаңбасы
Мөрдің орны
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(индекс: 2-ҚРҮ МЖӘ МЕ, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есепті жасауына және ұсынуына арналған.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.
3. Есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Бағандарда мыналар көрсетіледі:
1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптестің атауы көрсетіледі;
3-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жобаның атауы көрсетіледі;
4-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жалпы сомасы көрсетіледі;
5-бағанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 9-бабына сәйкес жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу түрлері көрсетіледі;
6-бағанда төлемдер кестесі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы көрсетіледі
7-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;
8-бағанда төлемдер кестесі бойынша тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу жоспары көрсетіледі;
9-бағанда тиісті жылға арналған мемлекеттік міндеттемелерді төлеу фактісі көрсетіледі.