Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 наурызда № 38067 тіркелді.

      "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 10) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
1- қосымша

Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды
тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерін айқындайды.

      2. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Құқық бұзушылық профилактикасына азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары мен түрлері

      3. Азаматтар құқық бұзушылық профилактикасына өзінің қатысу құқығын Заңының 6-бабына сәйкес мынадай нысандарда іске асырады:

      1) жеке;

      2) ұжымдық.

      4. Құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың жеке қатысуы мынадай нысандарда:

      1) дайындалып жатқаны, жасалып жатқаны немесе жасалған құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған фактілері туралы, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы хабарлау;

      2) профилактикалық есепке алынуы тиіс адамдарды анықтауға, олармен ішкі істер органы қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке профилактикалық жұмысты жүргізу;

      3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын ескерту;

      4) құрамында есірткі бар өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді заңсыз өсіру мен жинау фактілерін анықтау;

      5) есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға, жезөкшелікпен айналысуға арналған орындарын, сондай-ақ осындай мақсаттарға арналған жарамды ықтимал үй-жайларды анықтауға жәрдемдесу жолымен жүзеге асырылады.

      5. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және аумақтық ішкі істер органын хабардар ете отырып, тұрақты мекенжайы, жұмыс және оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін.

      6. Қағиданың 4-тармағында көрсетілген көмек көрсету түрлерімен қатар, құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысатын азаматтар:

      1) көшелерде, алаңдарда, вокзалдарда, көлік магистральдарында және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізген кезде тікелей ішкі істер органдары қызметкерлерінің басшылығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге;

      2) қайғылы оқиғалардан, жол-көлік оқиғаларынан және құқық бұзушылықтардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан адамдарға шұғыл көмек көрсетуге;

      3) дүлей зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде адамдарды, мүлікті құтқаруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға;

      4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға;

      5) мал жайылымдары мен басқа да мал жаятын және тұратын орындарды күзетуге;

      6) астық өнімдерін және басқа ауылшаруашылық дақылдарын ұрлаудың алдын алуға және жолын кесуге;

      7) жатақханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларды қоса алғанда оқу орындарының аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауға;

      8) көп қабатты үйлердің кіреберістерін және оған іргелес аумақтар - консьерждер институтын күзетуге қатысады.

      7. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтінішпен жүгінеді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және (бар болған жағдайда) өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.

      Өтініште азамат құқық бұзушылық профилактикасына қатысу нысанын (жеке немесе ұжымдық) көрсетеді.

      8. Ішкі істер органының бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматты наркологиялық, психикалық-неврологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, содан кейін ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхатпен жүгінеді, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса береді не өтініш берушіге шешім қабылдау себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.

      9. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды, бұл туралы тиісті ішкі істер органын жазбаша хабардар етеді.

      10. Мынадай азаматтарға құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға жол берілмейді:

      1) кәмелет жасына толмаған;

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;

      3) Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;

      4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

      5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтарға.

      11. Өтiнiштi қабылдамау бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда өтiнiш берушiнiң қайтадан жүгінуіне кедергi болмайды.

      12. Қоғамдық көмекшінің тіркелгені туралы ақпаратты алынғаннан кейін ішкі істер органының бөлімшесі есепке алу ісін ашады.

      Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар ұжымына бір қадағалау ісі ашылады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.

      13. Жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін аумақтық ішкі істер органының басшысы қоғамдық көмекшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге қоғамдық көмекшінің куәлігі беріледі.

      Қоғамдық көмекшінің куәлігін тіркеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналына қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығымен жүзеге асырылады.

      14. Қоғамдық көмекшілер Заңның 6 және 46-баптарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.

      15. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер өз қызметін:

      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;

      2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;

      3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;

      4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.

      16. Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция пункттерінің базасында құқықтық даярлықты ұйымдастырады:

      1) қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

      2) криминогендік жағдайдың жай-күйі және іздестірудегі адамдар туралы хабарлау;

      3) есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізудің тәртібі мен ережелері туралы нұсқама;

      4) қажетті қорғану құқығын түсіндіру, құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушыны ұстау және оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін қажетті шаралардың тәртібі мен шегі, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнаманың өзге де нормалары;

      5) төтенше оқиғалардың, қайғылы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан азаматтарға көмек көрсетудің тәртібі мен ережесі туралы нұсқама.

      17. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қоғамдық көмекші ішкі істер органдарының бөлімшелеріне атқарылған жұмыс туралы анықтама береді, ол тиісті есепке алу ісіне қоса тігіледі.

      18. Қоғамдық көмекшінің қызметі туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық көмекшінің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелінде қоғамдық көмекшілердің есеп істерін жүргізетін ішкі істер органдарының бөліністері ай сайын қорытындыланады.

      19. Қоғамдық көмекшінің қызметін ұйымдастыруға ол құқық бұзушылық профилактикасына жәрдем көрсетуге ниет білдірген ішкі істер органдарының тиісті бөлімшесі жауапты болады.

      20. Қоғамдық көмекшінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату негіздері Заңның 45-бабының 7-тармағында белгіленген.

      21. Қоғамдық көмекшінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуы тоқтатылған жағдайда, оның куәлігі бес жұмыс күні ішінде аумақтық ішкі істер органының бөлімшесіне тапсырылуға тиіс.

      22. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынысы бойынша аталған азаматты қоғамдық көмекшілердің есебінен шығарады.

      Азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату туралы материалдарды ол есепте тұрған ішкі істер органының бөлімшелері дайындайды.

  Құқық бұзушылық
профилактикасына қатысатын
азаматтарды тартудың
қағидалары, нысандары
мен түрлері 1-қосымша

Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық
бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы
№ _____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)

      20__ ж. "___" __________ басталды

      20__ ж. "___" __________ аяқталды

      Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу журналының ішкі мазмұны

      Бірінші бөлім

р/с №

Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестігінің атауы

Мекенжайы,
телефоны

Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), үй және қызметтік телефондары, мекенжайымен тұрғылықты жері

Әкімдікте тіркелген нөмірі,
күні

1

2

3

4

5






      Екінші бөлім

Мүшелердің саны

Қызмет түрі

Жою негізі және күні

Есепке алу ісін жүргізетін бөлімше және қызметкер

ескертпе

6

7

8

9

10






  Құқық бұзушылық
профилактикасына қатысатын
азаматтарды тартудың
қағидалары, нысандары
мен түрлері 2-қосымша

Қоғамдық көмекші куәлігінің үлгісі

     


      Ескертпе: қоғамдық көмекші куәлігінің (бұда әрі – Куәлік) ашылғандағы жалпы ұзындығы 21 сантиметр (бұдан әрі – см) және ені 7 см болады.

      Куәліктің мұқабасы көк түсті винилтеріден дайындалады.

      Куәліктің ішкі сол жақ бетінде ортасы көлденеңінен бірінің астына бірі жазылған әріптердің биіктігі 6 мм "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" деген сөздер орналасады.

      Куәліктің ішкі бөлігі көлемі жағынан екі бірдей қосымша беттен тұрады, әрқайсысының биіктігі 6,3 сантиметр, ұзындығы 9,5 сантиметр. Қосымша типографиялық тәсілмен дайындалады. Қосымша беттің негізі ашық көгілдір түсті.

      Куәліктің сол бөлігіне жапсырылған қосымша беттің сол жағында: қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасында - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының атауы мемлекеттік тілде, әріптердің биіктігі 3 мм құрайды;

      жазудың астында қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейін шектеу сызығы орналасады;

      сол жақ қосымша беттің сол жағында қосымша беттің сол жақ шетінен тереңдігі 3,5 см типографиялық тәсілмен жасалған полицияның қоғамдық көмекшісінің эмблемасы орналасады;

      эмблеманың жоғарғы оң жағында қосымша беттің ортасына жақын

      "№ __________ КУӘЛІК" деген жазу орналасады;

      төменгі жағында қоғамдық көмекшінің тегі, аты және әкесінің атын жазу (ол болған жағдайда) үшін екі жол орналасады, соңғы жолдың астына "полицияның қоғамдық көмекшісі/общественный помощник полиции" деген жазу орналасады;

      төменде жоғарғы және төменгі жағында "Дейін жарамды" және "Действительно до" деген жазулар бар;

      қосымша беттің төменгі бөлігіне жақын ортасында алшақтықпен "ҚАІІБ бастығы/ Начальник ГОРОП" деген жолдар болады;

      жолдың оң жақ бөлігінің астында арасы 5 мм алшақтықпен "(қолы) (тегі)" деген сөздер орналасады.

      Куәліктің оң бөлігіне жапсырылатын қосымша бетте:

      қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасына - облыстың Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының атауы орыс тілінде, әріптердің биіктігі 3 мм;

      қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейінгі жазудың астында - шектеу сызығы;

      қосымша беттің оң жағында - ортасында "фото 3 х 4" деген жазу орналасқан өлшемі белгіленген рамкалы 3 х 4 фотосуретке орын;

      фотосуретке арналған рамканың оң жағында жоғарғы оң шетінің деңгейінде, қосымша беттің ортасына жақын "КУӘЛІК № ________" деген жазу орналасады;

      полицияның қоғамдық көмекшісінің тегін, атын және әкесінің атын жазу үшін төменде екі жол орналасады, соңғы тармақтың астына "полицияның қоғамдық көмекшісі - общественный помощник полиции" деген жазу жазылады;

      фотосуретке арналған рамканың төменгі оң жағының шеті деңгейінен төмен "М.О." деген жазу орналасады;

      жазу астында "Қоғамдық өзіндік қызмет көрсету бірлестігі /Объединение общественной самодеятельности" деген жазу жазылған жол болады;

      қосымша беттің төменгі бөлігіндегі сол жақ шетінде "бастық – начальник" деген жазу орналасқан жол болады.

      Жолдың астына "ҚАІІБ – ГОРОП", "қолы, тегі" деген жазулар жазылады.

      Куәліктің қосымша беті компьютермен терілген түзу жазылған қара түсті біркелкі шрифтермен лазерлік принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша беттер қолмен, анық және түсінікті жазумен, қара түсті сиямен толтырылады.

      Куәліктің қосымша бетіне облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының бастығы қол қояды.

      Қол қойылған соң фотосуреттік карточканың оң жақ төменгі бұрышына қалалық, аудандық ішкі істер органының елтаңбалы мөр бедері қойылады.

  Құқық бұзушылық
профилактикасына
қатысатын азаматтарды
тартудың
қағидалары, нысандары мен
түрлері 3-қосымша

Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке
алу журналы
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)

      20__ жылғы "___" __________ басталды

      20__ жылғы "___" __________ аяқталды

      Журналдың ішкі мазмұны

      Бірінші бөлім

№ р/с

ТАӘ (ол болған жағдайда),
туған жылы

Мекенжайы, үй телефоны

Жұмыс орны, телефоны

Білімі

Есепке алу ісін бастау негізі (әкімдікте (ауданның,

1

2

3

4

5

6







      Екінші бөлім

Қоғамдық көмекші куәлігінң нөмірі

Қоғамдық көмекші куәлігінің қолданылу мерзімі

Куәлікті алғаны туралы қолы және күн

Шығару негізі және күні

Куәлікті тапсыру туралы белгі

Есепке алу ісін жүргізетін бөлімше және қызметкер

Ескертпе

7

8

9

10

11

12

13








      Ескертпе: Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналын жүргізуді ішкі істер органының әкімшілік практика бөлімшесі жүзеге асырады.

  Құқық бұзушылық
профилактикасына
қатысатын азаматтарды
тартудың
қағидалары, нысандары мен
түрлері 4-қосымша
  Бекітемін
Бастық ___________________________
(қалалық, аудандық ішкі істер органының
атауы, атағы, қолы, тегі, аты-жөні
(ол болған жағдайда) )
____20__ жылғы " " айы

Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі
20 __ жылғы ___ айы ішінде

      1-бөлім

№ р/с

Тегі, аты,
әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Құқық бұзушылық профилактикасына қатысу сағатының саны

Құқық бұзушылық профилактикасына қатысу түрлері

Жұмыс нәтижелері

Құқық бұзушылар ұстау

Қылмысты ашу





Құқық бұзушының ТАӘ (ол болған жағдайда) көрсетіледі

Сотқа дейінгі тергеп –тексерулердің бірыңғай тізілімінің нөмері көрсетіледі

      2-бөлім

Жұмыс нәтижелері

Марапаттау туралы мәліметтер

Ескертпе

Іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Қылмыс пен құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар саны

марапаттау соммасы

Марапаттаудың басқа да түрлері


Ақпаратты есепке алу кітабінің нөмірі көрсетіледі




      Толтырған: қызметкердің ТАӘ (ол болған жағдайда), ішкі істер органдарының, бөліністің атауы.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерiн бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген).

      2. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11392 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 981 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12538 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 517 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17258 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 839 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21743 болып тіркелген).

      6. "Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 қазандағы № 723 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33522 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және "Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 742 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37018 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады