БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9696 тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 20004 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 1 қазандағы № 742 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі
1. "Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3326 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерiн бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1) және 2) тармақшасына сәйкес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық тұрғындарды тарту жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерi;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар куәлігінің үлгісі және эмблемасының нышаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерi";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерi (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерiн айқындайды.";
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Қағидалардың 6-және 8-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды өткізудің алдында, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтармен учаскелік полиция пункттерінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлерімен құқықтық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оған:";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға құқық қорғау саласындағы олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру азаматтар осы мәселе бойынша көмек көрсетуге ниет білдірген қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне жүктеледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына еркін нысанда өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін, өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы келісімшарт болған жағдайда оның көшірмесін қоса береді. Азаматтың өтінішінде ол қатысуға ниет білдірген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласы және тиісті қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің атауы көрсетіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тігеді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге көрсетілген мерзімде жазбаша түрде бас тартады.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтың өтінішін өндірісіне қабылдаған ішкі істер органының басшысы және қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі тексеру іс-шараларын уақытылы жүргізуді және жинақталған материалдарды жергілікті атқарушы органға жіберуді қамтамасыз етеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебіне алады, бұл туралы ішкі істер органын жазбаша түрде хабардар етеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алғаннан кейін қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі оған есепке алу ісін ашады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке алу істерін тіркеу журналында есепке алынады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар ұжымына бір бақылау ісі ашылады, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді жалпы есепке алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы олардың қызметін үйлестіруді қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Осы Қағидалардың 20-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтату туралы материалдарды дайындауды ол есепте тұрған қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі қамтамасыз етеді";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алуды, тіркеуді және куәліктер мен омырау белгілерін беруді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері жүзеге асырады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке алу істерін жүргізетін қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ай сайын олардың қызметінің нәтижелерін талдамалық анықтаманы ресімдей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеу шараларын қолданудың орындылығы туралы дәлелді ұсынысты ішкі істер органдарының басшылығына ұсынады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қорытындыланған талдау анықтамалары қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің өкілдері мен көтермелеуге ұсынылған азаматтар шақырыла отырып, қалалық, аудандық ішкі істер органы басшылығының кеңесінде қаралады. Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда, қылмыстарды жасаған адамдарды іздестіру мен ұстауда белсенді түрде көмек көрсеткен азаматтарды көтермелеу жөнінде өтінішхат дайындау туралы шешім қабылданады.
Өтінішхатта азаматты көтермелеуге ұсынудың негіздері көрсетіледі. Оған ішкі істер органының бастығы куәландырған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтардың жұмыс нәтижелерін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу табелі қоса беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3505) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
" Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу барысын бақылауды қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне жетекшілік ететін ішкі істер органы бастығының орынбасары не қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады, олар тоқсан сайын әкімшілік қадағалау істерінің жүргізілуін тексереді.";
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Учаскелік инспектор Заңның 2-бабының в) тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алған сәттен бастап тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін тапсырма жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырады және "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына жолдайды.".
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Заңның 7-бабына сәйкес ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қадағаланушыға шектеу орнату туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну шығарады және оны үш күн ішінде сотқа жібереді.
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы соттың шектеу орнату туралы қаулысын алып, учаскелік инспектордың қатысуымен қадағаланушыға әкімшілік қадағалаудың, оның міндеттерін және орнатылған қадағалаудың қағидалары мен шектеулерін бұзғаны үшін жауапкершілігін түсіндіреді.
Қадағаланушыға қатысты белгіленген шектеулердің тізбесін ішкі істер органының ұсынуы бойынша оның жеке басын, өмір сүру салтын және мінез-құлқын ескере отырып, судья Заңның 7-бабында көрсетілген шектеулер шегінде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.
Шектеулер тізбесін қысқарту немесе оны толықтыру туралы ұсынысты әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік инспектор дайындайды және ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қол қойғаннан кейін сотқа жібереді. Судьяның шектеулерді өзгерту туралы қаулысын алған күннен бастап үш күн мерзімде қадағаланушыға қол қойғызып жарияланады.".
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қадағаланушы басқа ішкі істер органы қызмет көрсету аумағына келгеннен кейін қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің уәкілетті қызметкері немесе осы адам тұратын қызмет көрсету аумағындағы учаскелік инспектор қадағаланушының келгені және кеткені туралы бағыттық парағына белгі енгізеді, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртабанымен) растайды.".
59-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) электрондық бақылау құралдарын бұзу, рұқсатсыз шешу, сот белгілеген шектеулерді бұзу фактілері туралы ақпарат алған кезде қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына не оны алмастыратын адамға баяндатпен баяндайды және осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қадағалауға алынған адамдағы электрондық бақылау құралдары арқылы анықталған бұзушылықтарды есепке алу журналына тиісті белгілер жүргізеді.".
3. "Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9695 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес, "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Аумақтық полиция органының, ішкі істер органы қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады.
Бұл ретте, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген шектеулер оның пікірін ескере отырып, белгіленеді.".
4. "Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9737 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметтері мен пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің, ақпараттық-талдау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.".
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Есепке алынған адамның мекенжайы аудан немесе облыс шегінен тыс кетуіне байланысты ауысқан жағдайда пробация қызметі хабарламаны қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне және ҚАПб(Б) АТБ-ға есептен алу үшін жолдайды.".
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аумақтық пробация қызметтері ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей:
1) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды хабардар ету үшін есепте тұрған және пробация қызметінің есебінен алынған есепте тұрған адамдардың тізімдерін жолдайды;
2) ҚАПб(Б) есепте тұрған адамдарды бақылаудың жай-күйі туралы ақпаратпен алмасады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аумақтық пробация қызметтері тоқсан сайын:
1) ҚАПб(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі, сондай-ақ орын алған проблемалар туралы ақпаратты ҚАЖД-ға ұсынады;
2) есепке алынған адамдарды ішкі істер органдарының қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ақпараттық жүйелері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
3) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және учаскелік полиция инспекторларымен бірыңғай анықтама жасай отырып, бірлескен тексерісті жүзеге асырады;
4) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі және ҚАПб(Б) ААб-мен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепте тұрған және есептен алынған есепте тұрған адамдардың саны бойынша салыстыра тексеру жүргізеді, олардың нәтижелері аумақтық бөліністері бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі және ҚАПб(Б)-мен ААб-нің арасында салыстыра тексеру актісін жасайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. ҚАПб(Б) мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелері тоқсан сайын ПД басшылығын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі, криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармаларының өкілдерін шақыра отырып, ҚАЖД басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Аумақтық ҚАПб(Б) және пробация қызметінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелері ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі, криминалдық полиция, ҚАПб(Б) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері өкілдерінің қатысуымен, басшылығының жанындағы жедел кеңестерде тоқсан сайын қаралады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9839 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған (бұдан әрі - шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар) адамдарды бақылау және оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келген соң ол ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылып және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған бақылау ісі ашылып, тіркеуге жатады.
Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, пробациялық бақылау он жыл мерзімге белгіленеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен профилактикалық жұмыстың жүзеге асырылуын бақылау қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесін жетекшілік ететін ішкі істер органы бастығының орынбасарына не қалалық (аудандық) ішкі істер органының (бұдан әрі - ҚАІІО) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі басшысына жүктеледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ҚАІІО-ның бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты хабарлама алған соң қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды тапсырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ҚАІІО-ның бастығы:
1) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына:
профилактикалық есепке алуды және адамға арналған ақпараттық-іздеу картасын (бұдан әрі – Адам-АІК) ақпараттық-аналитикалық орталықтың (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөліністеріне, сондай-ақ ақпаратты кезекші бөлімге, арнайы мекемеге және полицияның кешенді күштеріне жіберуді;
қылмыстық-атқару жүйесі бөліністеріне хабарлауды;
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қасақана қылмыс жасауының әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеріс жүргізуді;
2) ҚАІІО криминалдық полиция бөлінісіне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жедел есепке алуды;
3) ҚАІІО-ның криминалдық полициясына, кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелеріне және полицияның кешенді күштеріне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылық және сотпен оларға жүктелген міндеттерді орындаудан жалтару фактілері туралы ҚАІІО-ның қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне ақпарат ұсынуды тапсырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін адамдар санатына ауыстырылады және соттылығы өтелген немесе алынғанға дейін есепте тұрады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы бақылау парағына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері немесе УПИ оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.";
42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) электрондық бақылау құралдарын бұзу, рұқсатсыз шешу, сот белгіленген шектеулерді бұзу фактілері туралы ақпарат алған кезде қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына не оны алмастыратын адамға баяндатпен баяндайды және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардағы электрондық бақылау құралдары арқылы анықталған бұзушылықтарды есепке алу журналына тиісті белгілер жүргізеді.";
6. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 13373 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес әзірленген.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚАЖ мекемелері сондай-ақ босатылатын адамға арналған хабарламаның көшірмесін одан әрі оның уақтылы есепке алынуын бақылау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменттерінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қосымша жолдайды.".
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Полиция органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері (бұдан әрі - ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік):
1) босатылған адамның хабарламада көрсетілген мекенжайы бойынша жоспарланған мерзімде келуін тексереді;
2) босатылған адам хабарламада көрсетілген мекенжайға келген кезде Адам-АІК профилактикалық немесе тізімдік есепке алу санаты бойынша Біріктірілген деректер базасындағы (бұдан әрі – БДБ) "Есептегі элементке" енгізу үшін ақпараттандыру және байланыс бөліністеріне (бұдан әрі – АБ) жолдайды;
3) криминалдық полиция бөліністеріне қадағалаудағыларға және ШТМББ қатысты сот қаулыларының көшірмелерін жолдайды. Криминалдық полиция бөліністері қадағалаудағыларға жедел есепке алудың ісін жүргізеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Босатылған сәттен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін босатылған адамның орналасқан орнын анықтамаған жағдайда ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі АБ-ға оны "бас бостандығынан айыру орнынан босатылғаннан кейін таңдап алған тұрғылықты орнына келмеген адам" ретінде тиісті санат бойынша есепке қою үшін баянат жолдайды.
Босатылған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген қадағалаудағылар мен ШТМББ қатысты полиция органдарының қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша іс-шараларды (туыстарынан, көршілерінен сұрақ-жауап алу, медициналық мекемелерге, мәйітханаларға, әлеуметтік ұйымдарға және тағы басқа сұрау салуды жолдау) жүзеге асырады.
Қадағалаудағының орналасқан жері анықталмаған жағдайда полиция органы сотқа дейінгі тергеуді бастайды, бұлтартпау шарасын таңдап, оны іздестіруге жариялайды, ал ШТМББ-ға қатысты сотқа іздестіру жариялау және бұлтартпау шарасын таңдау туралы ұсынысты дереу жолдайды.
ҚАЖ мекемесінен таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адамдарға қатысты ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі жинақтау ісі жүргізіледі, оған келмеген адамның орналасқан жерін анықтау жөніндегі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер қоса тіркеледі. Тоқсан сайын Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статитика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған деректер базасы бойынша, босатылған адамдардың таңдаған тұрғылықты жері бойынша тексеру жүзеге асырылады. Тексеру нәтижелері анықтамада көрсетіледі, ол жинақтау ісіне тігіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген адам" санаты бойынша есепте тұрған адамдарды "Есептегі элемент" БДБ есебіне қою, түзетулер енгізу кезінде "Бастамашыл сұрау салулар" БДБ-ның кіші жүйесімен "Әкімшілік құқық бұзушылықтар", "Паспорт", "Тіркелген автокөлік", "Жүргізуші куәлігі" және "Техникалық байқау", "Криминалдық зат" және "Криминалдық құжаттар" есептерімен сәйкестіктер анықталады.
Web-модуль құралдары бойынша бастамашыл хабарламаларды өңдеу кезінде облыстардың ПД АБ басқармаларының жауапты адамдары тәулік ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) "хабардар ету" - мүдделі қызметтерге хабарлама – қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі – УПИ (ПД қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі);
2) "елемеу" - сәйкестік себебін көрсетеді (01-деректердің бірдей еместігі, 02 – бұрын хабарлама жіберілген қайталанған сәйкестік, 06 - өзекті емес).
Хабарламаны Web-модульдің құралдары бойынша алған кезде ПД қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты адамдары "назарға алу" батырмасын басу арқылы хабарламаны алу фактісін дереу растайды. Алынған ақпаратты екі жұмыс күні ішінде ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің аумақтық бөліністеріне жолдайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің аумақтық бөліністері тиісті шаралар қабылдайды және көліктегі полицияның аумақтық бөліністерінен алынған материалдарды тиісті іске қосады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Таңдап алған тұрғылықты жеріне келмеген адамның орналасқан орнын басқа ҚАПб(Б), ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі қызмет көрсететін аумақта анықтаған кезде осындай адамдарды анықтаған сұрақ-жауап алуды жүргізеді және оның осы өңірде болу себебін анықтайды. Ол тұрақты тұрған кезде тиісті есепке қояды. Тексеру нәтижелері бойынша ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі 3 тәулік ішінде есепке қоюдың бастамашысына тиісті хабарлама жолдайды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның тұрақты тұрғылықты жері болмаған жағдайда учаскелік полиция инспекторы пробация қызметімен бірлесіп, одан әрі ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) есебіне қоя отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыру бойынша шаралар қабылдайды.
Таңдаған тұрғылықты орнына келмеген адамның басқа өңірде тұруы туралы растау алған кезде ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бір тәулік ішінде "Қазақстан Республикасында тұрғылықты жерін ауыстыру" есептен алу себебін және жаңа тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып, "Есептегі элемент" БДБ-ның есебінен алады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. ПД КҚБ:
1) "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамдарды елімізде болу тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдайды;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның босатылуына дейін 1 ай бұрын үкімінде Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару түрінде қосымша жаза түрі болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының тыс жеріне шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығару туралы мәселені шешу үшін сотқа өтініш береді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 70-бабына сәйкес шығарып жіберілетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ішкі істер органдарының арнаулы мекемесіне орналастырылады.
Сот шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығарудан бас тартқан жағдайда ПД КҚБ көрсетілген адамдарды тиісті есепке қою үшін қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне хабарлайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күні ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері оны КҚБ қызметкерлеріне ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу үшін тапсырады, одан кейін әкімшілік полиция (патрульдік полиция) қызметкерлері Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару туралы соттың шешімін орындайды.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. ҚАЖД және қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі шартты түрде, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ өтелмеген жазаның бір бөлігін едәуір жеңіл түріне ауыстыра отырып, мекемелерден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қалған пробациялық бақылау мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шығаруға материалдарды дайындау үшін ПД КҚБ-ға хабарлайды.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. ПД КҚБ және әкімшілік полиция басқармасы (патрульдік полиция), бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ өтелмеген жазаның бір бөлігін едәуір жеңіл түріне ауыстыра отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын мекемелерден босатылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы ақпаратты алғаннан кейін осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген шараларды қабылдайды және пробациялық бақылау мерзімі өткен күні Қазақстан Республикасының тыс жеріне шығару туралы соттың шешімін орындайды.".
7. "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 13004 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жаңадан тағайындалған учаскелік инспектор әкімшілік учаскені қабылдауды қалалық, аудандық орган бастығы орынбасарының немесе қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының қатысуымен, учаскелік инспекторды әкімшілік учаскенің шекараларымен және ерекшеліктерімен, ондағы қалыптасқан жедел жағдаймен таныстыру, оны жергілікті мемлекеттік басқару органдарының лауазымды адамдарына және қажет болған жағдайда учаскеде орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына таныстыру үшін жүргізіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Профилактикалық жұмыс жүргізілетіндер санатындағы адамдардың материалдары учаскелік полиция пунктінің сейфтерінде, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда ІІО үй-жайында сақталады. Материалдарды ІІО үй-жайында сақтау кезінде олардың жүргізілуін бақылау учаскелік инспекторларды басқару жөніндегі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі инспекторларының біріне жүктеледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Профилактикалық жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына, оның орынбасарына, учаскелік инспекторларды басқару жөніндегі аға инспекторға (инспекторға) жүктеледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісі өз жұмысын қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (не оны алмастыратын адам) бекіткен УПП-нің ай сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторы өз құзыреті шегінде осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарымен қатар:
1) учаскелік полиция пункті аумағындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйін, құрылымын және қарқынын, сондай-ақ олардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін талдайды.
Криминогендік және аумақтық ерекшеліктерді талдауды ескере отырып, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы бекітетін УПП жұмыс жоспарын жасайды;
2) учаскелік инспекторларға олардың қызметтік тапсырмаларды орындау тәсілдері мен мерзімдері туралы қажетті нұсқаулар береді;
3) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілеріне олардың кәсіби шеберлігін арттыруда, жұртшылықпен өзара іс-қимылды нығайтуда, сондай-ақ басқа да қызметтік міндеттерін орындауда практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына полицияның учаскелік пунктінің аумағында полицияның кешенді күштерін орналастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
Полицияның кешенді күштері жасақшаларының патрульдеу маршрутынан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына дереу хабарлайды;
5) ІІО мүдделі бөлімшелеріне және мемлекеттік органдарға учаскелік инспекторлар мен оның көмекшілері беретін ақпараттардың есебін жүргізеді, олар бойынша тексеру нәтижелерін жинақтау ісіне тігеді;
6) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің жұмыс нәтижелерін қорытындылайды. Қажет болған жағдайда учаскелік инспекторларды және олардың көмекшілерін көтермелеу не жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.";
8. "Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 12953 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әкімшілік учаскеге қалалық, аудандық орган (Көліктегі ІІО) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен реттік нөмір беріледі. Жаңадан тағайындалған КТІ УПИ-дің әкімшілік учаскені қабылдауы аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі (қалалық, қаладағы аудандық) (қалалық, аудандық, көліктегі ІІО қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі (бөлімі)) бастығының немесе оның орынбасарының қатысуымен жүргізіледі. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру фактісі туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскенің паспортында тиісті жазба жүргізіледі.";
10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ҚАПб(Б) бастығының орынбасары бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. КТІБ жұмысының қортындылары ай сайын қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің (бөлімінің) бастығымен, тоқсан сайын ҚАПб(Б) бастығының орынбасарымен, көліктегі полиция органының бастығы немесе олардың орынбасарларымен қаралады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ҚАПб(Б) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі (бөлімінің), көліктегі ІІО әкімшілік полиция органының бастығы немесе олардың орынбасарлары тоқсанына кемінде бір рет КТІБ, сондай-ақ көліктегі құқық бұзушылықтардың алдын алу инспекторларының жұмысын ұйымдастыруды тексереді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. КТІ УПИ-дің білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы жұмысы білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
Оқу жылына әкімшілік учаскеде орналасқан білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесі жасалады, оны қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары бекітеді және білім беру ұйымының басшыларымен келісіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Аумақтық ІІО КТІБ-ға:
1) кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар бойынша жиынтық ақпараттарды күн сайын талдау жүргізу, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының жай-күйіне, құрылымы мен динамикасына ай сайын талдау жүргізу;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы жедел ахуалды талдауды ескере отырып, КТІБ жұмыс жоспарын тоқсан сайын жасау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын, КТІБ қызметінің нәтижелері туралы есептің дайындалуын бақылау жүктеледі.
КТІБ жұмыс жоспарында орындалу мерзімін және аяқталу нысанын көрсете отырып:
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларда, Полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД), Көліктегі полиция департаментінің (бұдан әрі – КПД) жоспарларында, нұсқауларында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алқасы шешімдерінде (бұдан әрі – ІІМ) жоспарланған;
кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыздықты және панасыз қалушылықты анықтау және жолын кесу бойынша;
девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау бойынша;
кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;
білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;
КТІ УПИ кәсіби даярлығын арттыру бойынша;
кәмелетке толмағандардар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған өзге де іс-шаралар көрсетіледі.
4) балаларды тәрбиелеу, оқыту, құқықтарын, мүдделерін қорғаумен, олардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысатын мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
5) жарты жылдың қорытындысы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, білім беру басқармасына (бөліміне) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалар қадағалаусыздығының және панасыз қалушылығының жай-күйі, қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша проблемалық мәселелер туралы ақпараттандыру;
6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалған оқиғаларды есепке алудың электрондық журналын Еxcel форматында жүргізу;
7) ай сайын білім басқармасына (бөліміне) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған білім беру ұйымдары білім алушыларының тізімін жолдау;
8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық және өзге де іс-шаралар жүргізу;
9) ай сайын білім басқармасымен (бөлімімен) бірге білім беру ұйымдарына себепсіз бармайтын кәмелетке толмағандар бойынша салыстыра тексеру жүргізу;
10) ІІО-да ай сайын, ПД-де тоқсан сайын криминалдық полиция, тергеу және анықтау, сондай-ақ тоқсан сайын ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты пробация, ақпараттандыру және байланыс бөліністерімен салыстыра тексеру жүргізу;
11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша ІІО, ПД, КПД және басқа да мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен кеңестерде қарау үшін қажетті материалдар дайындау;
12) кәмелетке толмағандар жасаған не оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынымдар енгізу;
13) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыздығының және панасыздығының алдын алу бойынша жұмыстың оң тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және практикаға енгізу;
14) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
15) инспекторлық тексерістер жүргізуге, КТІ УПИ жұмысын зерделеу үшін ІІО бөліністеріне бақылау, кешенді тексерістер және өзге де шығулар жүргізуге, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын нақты орындауын қамтамасыз етуге қатысу;
16) кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.
Қызметтік тексерулерді ПД қоғамдық қаупсіздік басқармасы қызметкерлері және ПД, КПД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі – ӘПБ) кәмелетке толмағандар бандитизм, кісі өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау жасағанда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандар жасаған кезде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған аса ауыр қылмыстар, көлік объектілерінде олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар және өзге де оқиғалар бойынша жүргізеді.
Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде, сондай-ақ суицид, жазатайым жағдай және олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар кезінде еркін түрде анықтама жасалады.
Қызметтік тексеру қорытындыларының көшірмелері қоғамдық қауіпсіздік бөлінісіне, көліктегі ІІО, ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасына, КПД ӘПБ қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бір ай ішінде ұсынылады;";
17) проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қадағалаусыздық профилактикасы бойынша жұмыс туралы баяндау жазбаларды жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасына, КПД ӘПБ 5 күніне, ал ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы және КПД ӘПБ Комитетке 7 күніне жолдайды.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Растайтын материалдар ұсынылғаннан кейін ІІО-ға есепке қою немесе есептен шығару (кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасын, заңды өкілдерін) туралы КТІ УПИ баянатына қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары бұрыштама қояды. Көрсетілген басшылар тоқсанына кемінде бір рет ІІО есептерін жүргізу тәртібін тексеруге, тексерушілер парағына жазба жазуға міндетті.".
Бұйрыққа 1-қосымша Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерiне 3-қосымша |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға куәліктер мен омырау белгілерін беру және есепке алу журналы
№ _____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ ж. "___" __________ басталды
20__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға
куәліктер мен омырау белгілерін беру және есепке алу
журналының ішкі мазмұны.
Бірінші бөлім
№ р/с |
мекенжайы, | Жұмыс орны, телефоны | Омырау белгісінің нөмірі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Екінші бөлім
Омырау белгісінің берілген күні | Омырау белгісін алғаны туралы қолы | Омырау белгісін тапсырған күні | Омырау белгісін тапсырғаны туралы қолы |
6 | 7 | 8 | 9 |
Үшінші бөлім
№ р/с | Қоғамдық көмекші куәлігінің нөмірі | Куәліктің берілген күні | Куәлікті алғаны туралы қолы | Куәлікті тапсырған күні | Куәлікті тапсырғаны туралы қолы |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Бұйрыққа 2-қосымша Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 2-қосымша нысан |
20___ жылғы ______ тоқсан ішіндегі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны бойынша пробация, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі және ҚАПб(Б)ААО арасындағы салыстыра тексеру
АКТІСІ
Жыл басынан бастап пробация қызметіне есепке қойылған адамдардың саны | Жыл басынан бастап есептен шығарылған адамдардың саны | Есеп беру кезеңінің соңында пробация қызметіне есепке алынған адамдар саны | |
Пробация қызметі | |||
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі | |||
ААО |
Салыстыра тексеруді жүргізгендер:
Пробация қызметінің бастығы
__________________________________
(органның атауы)
_________________________ __________________
(атағы, тегі, аты-жөні) (қолы)
20__ жылғы "___" __________
__________________ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
(ҚАПб(Б) атауы)
______________________ ____________
(атағы, Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы "___"___________
__________________ААО бастығы (инспекторы)
(ҚАПб(Б) атауы)
_______________________ _________________
(атағы, Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы "___" __________