"Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 ақпанда № 38025 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш электрондық пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі).

      5. Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білім мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом көшірмесін ("сарапшы" біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) үміткердің бағдарламаға сәйкес және бағалаушылар палатасы бекіткен сағаттардың көлемінде оқу немесе қайта даярлаудан өтуін растайтын құжаттар;

      4) бағалаушыда кемінде бір жыл мерзімге тағылымдамадан өткенің куәландыратын құжаттар ("сарапшы" біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді).";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидаларда 5-тармақта көзделген құжаттарды тиісінше ұсынбаған жағдайда біліктілік емтиханына рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді электрондық пошта, не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі) бағалаушылар палатасы үміткерге өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Біліктілік комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, онда мыналар: отырыстың күні, уақыты және орны, біліктілік комиссиясының құрамы, үміткердің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда), біліктілік комиссиясының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталатын емтихан қорытындысы көрсетіледі. Хаттамада үміткерге жасалған ескерту тіркеледі.

      Хаттамаға біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

      26. Мамандығы көрсетілген куәліктің нөмірін, шығарылған күнін, атын, тегін және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, біліктілік емтиханын тапсырған үміткерлер "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігі туралы куәлікті алады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 19 ақпандағы
№ 109 бұйрығына
1- қосымша
Бағалаушыларға, сарапшыларға
үміткерлердің біліктілігін
растау үшін біліктілік
емтиханын өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  Кімге___________________
  (бағалаушылар палатасының
  толық атауы)
  ________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты
  (ол болған жағдайда))

ӨТІНІШ

      ________________________ бойынша "бағалаушы" біліктілігін беру

      (мамандандыруды көрсетіңіз)

      туралы куәлігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1)

      2)

      3)

      4)

      ...

      __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "___" ____________

      Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "___"_______________

      ______________________________________________________________

      (жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 19 ақпандағы
№ 109 бұйрығына
2- қосымша
Бағалаушыларға, сарапшыларға
үміткерлердің біліктілігін растау
үшін біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге___________________
(бағалаушылар палатасының
толық атауы)
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))

ӨТІНІШ

      __________ бойынша "сарапшы" біліктілігін беру (мамандандыруды көрсетіңіз)

      туралы куәлігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1)

      2)

      3)

      4)

      ...

      ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ________________ (қолы)

      20 __ жылғы "___" ____________

      Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "___"_______________

      ______________________________________________________________

      (жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады