"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 ақпанда № 37986 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:

      1) 1 (бір) процент жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);

      етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);

      бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап);

      ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);

      сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары;

      көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

      жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

      өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары;

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары;

      өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру шаруашылықтары;

      құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар;

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      қой өсіру фермалары (5000 бастан бастап);

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары өткізу үшін пайдаланған қарыздарды қайта қаржыландыру;

      қуаты жылына 80 миллион дана жұмыртқадан басталатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы;

      мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пунктері;

      3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.

      Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.

      Кредиттік қаражатты пайдалану ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын сатып алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылауға алуға (сатып алуға) қолданылмайды.";

      6-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – жаңа өндірістер құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған АӨК саласындағы жобаларды іске асыру;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттармен кредиттер береді:

      1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

      2) бір жобаға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) процент;

      4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);

      етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);

      бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап);

      ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);

      сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары;

      көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

      жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);

      өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары;

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары;

      өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру жөніндегі шаруашылықтар;

      құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар;

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      қой өсіру фермалары (5000 бастан басталатын);

      жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары өткізу үшін пайдаланған қарыздарды қайта қаржыландыру;

      қуаты жылына 80 миллион дана жұмыртқадан басталатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы;

      мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пунктері;

      5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

      6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.

      Өтінімдерді қабылдау тәсілдері, кредиттерді беру және қамтамасыз ету өлшемшарттары, үміткерлердің санаттары, қоса қаржыландыру мөлшері, сондай-ақ кредит алу үшін құжаттар тізбесі жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартында көрсетіледі.

      Кредиттік қаражатты пайдалану ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын сатып алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылауға алуға (сатып алуға) қолданылмайды.";

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады