БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 28) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112) және 169) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 335 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интелект және цифрлық
даму министрлігі
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 28) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112) және 169) тармақшаларына сәйкес әзірленді және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуін ғылым саласындағы уәкілетті органның ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеу туралы куәлік – жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті ғылым саласындағы уәкілетті органның ресми тануын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын, соның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттейтін мемлекеттік орган;
4) Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі" (бұдан әрі – ҰИЖ БТ) – бірыңғай портал арқылы инновациялық қызмет пен инновацияларды дамытуды қолдау шараларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін цифрлық объектісі;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
5. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін ҰИЖ БТ арқылы көрсетілетін қызметті беруші:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы (жеке тұлғалар) – осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы (заңды тұлғалар) – осы Қағидаларға 2-8-қосымшаларға сәйкес мәліметтерді, оларды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (заңды тұлғалар) мәліметтеріндегі деректердің ең аз санын айқындау өлшемшарттары:
1) осы Қағидаларға 3-қосымша бойынша барлығы 7 (жеті) ғылыми қызметкерлер, оның ішінде ғылыми дәрежелері бар 3 (үш) ғылыми қызметкер, "магистр" академиялық дәрежесі бар 2 (екі) ғылыми қызметкер;
2) осы Қағидаларға 4-қосымша бойынша жеке зертхана болған жағдайда сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхана куәлігі, зертхананың паспорты. Зертхананы жалға алған кезде – зертхананы жалға алу шарты, сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың куәлігі, зертхананың паспорты. Егер зертхана талап етілместен болса жүзеге асырылатын ғылыми қызмет түріне зертхана талап етілмейтіндігі туралы түсіндірме (еркін нысанда).
3) осы Қағидаларға 5-қосымша бойынша 1 (бір) жұмыс конструкторлық, технологиялық және техникалық құжаттама (бар болса, технологиялық дайындық деңгейіне байланысты);
4) осы Қағидаларға 6-қосымша бойынша барлығы 2 (екі) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба (бағдарлама), орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба (бағдарлама) бойынша 2 (екі) шарт, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы 2 (екі) жоба (бағдарлама) бойынша есеп және (немесе) атқарылған жұмыстардың 2 (екі) актісі;
5) осы Қағидаларға 7-қосымша бойынша 1 (бір) зияткерлік меншік объекті;
6) осы Қағидаларға 8-қосымша бойынша барлығы 10 (он) жарияланған ғылыми жұмыс, оның ішінде құпия деген белгісі немесе қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар мақалаларды қоспағанда, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда 1 (бір) мақала, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі индекстелетін ғылыми журналдарда және нөлдік емес импакт-фактормен басқа да халықаралық базаларда 2 (екі) мақала, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 4 (төрт) мақала, конференциялардың, форумдардың, съездердің, симпозиум, конгресстер материалдарында 2 (екі) мақала, монографиялар, оқулықтар, бірлік құралдар, әдістемелік құжаттар 1 (бір) дана.
7. ҰИЖ БТ арқылы көрсетілетін қызметті алушының тиісті құжаттары қабылданған кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан (жеке тұлғадан) өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушыдан (заңды тұлғадан) өтінішті алған күннен бастап 12 (он екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, деректердің (мәліметтердің) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес келуін тексереді.
Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Негізгі талаптар тізбесіне сәйкестігіне немесе сәйкес еместігіне Сараптама актісін (бұдан әрі - Сараптама актісі) жасайды және оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ішкі келісу және қол қою рәсімінен өткізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Негізгі талаптар тізбесіне сай болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Сараптама актісіне сәйкес ұсынылған құжаттар Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес деп танылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 5 (бес) жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беру жөніндегі бұйрықты ресімдейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ішкі келісу және қол қою рәсімінен өткізеді.
ҰИЖ БТ-де қалыптастырылған аккредиттеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының немесе оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысандағы құжаты көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Бұл ретте 5 (бес) жыл бұрын берілген аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Негізгі талаптар тізбесіне сай келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын ҰИЖ БТ арқылы жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Жауапты орындаушы тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Сараптама актісінің негізінде ұсынылған құжаттардағы нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оларды жою және мемлекеттік қызмет көрсетушіге қайта ұсыну үшін ресімделеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
8. Ғылыми-техникалық қызметі негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, құрылымында ғылыми бөлімшелері бар және өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында қызметті жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар) аккредиттеу туралы куәлікті алу мақсатында уәкілетті органда аккредиттеуден өте алады.
Аккредиттеуге құжаттарды тапсыру кезінде ғалымдардың ғылыми өлшем деректерін 2 (екі) рет қана беруге болады (жеке тұлға ретінде немесе ғалымның негізгі жұмыс орнынан).
Филиалдарды аккредиттеу негізгі ұйымның құрамында жүргізіледі.
9. Аккредиттеу туралы куәліктер алған аккредиттелген субъектілердің, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылуы тоқтатылған субъектілердің тізілімі ҰИЖБТ порталында қалыптастырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) атауы өзгерген жағдайда, аккредиттелген субъектілер уәкілетті органға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш пен осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды ұсынады, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушыға алдында берілген мерзімге сәйкес жаңа куәлік береді.
11. Аккредиттеу туралы куәліктің бұрын қағаз түрінде берілген нұсқасы жоғалған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰИЖБТ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетушіге өтініш жолдайды.
Аккредиттелген субъектілер тізілімінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші бұрын белгіленген қолданылу мерзімін сақтай отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
12. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) немесе таратылған;
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (қайтыс болуы туралы куәлік негізінде) жағдайларда тоқтатылады.
13. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
14. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына ақпарат жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
16. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Шағым ҚР ӘРПК-нің 98-бабына сәйкес қаралады.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
19. ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына 1-қосымша |
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 2-қосымша |
Ұйым туралы мәліметтер
№ | Алғаш мемлекеттік тіркелген күні (құрылған жылы) | Ұйымның қызмет түрі | Меншік нысаны: мемлекеттік/жеке | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері аккредиттеуінің болуы | Заңды мекенжайы, телефоны,электрондық поштасы, интернет-ресурсы (ол болған жағдайда) | |
Бірінші рет | Қайта (күні, куәліктің сериялық нөмірі) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және оларды растайтын ұсынылған
құжаттардың көшірмелерін растаймын.
Ұйымның басшысы ___________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 3-қосымша |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері бар, қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атақтарына, сондай-ақ магистр академиялық дәрежесіне ие қызметкерлер туралы мәліметтер.
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | "Магистр" академиялық дәрежесі (мамандығы, берілген жылы) туралы мәлімет | "Философия докторының (PhD)" немесе "Бейіні бойынша доктор", (мамандығы, берілген жылы) ғылыми дәрежелері бойынша мәлімет | "Ғылым кандидаты" немесе "Ғылым докторы" (мамандығы, берілген жылы) ғылыми дәрежелері бойынша мәлімет | "Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "Профессор", (мамандығы, берілген жылы) ғылыми дәрежелері бойынша мәлімет ) ғылыми атағы туралы мәлімет |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: | |||||
*Ескертпе:
аккредиттеуге штатында кемінде 7 (жеті) ғылыми қызметкері бар, осы ұйымда 6 (алты) айдан астам жұмыс істейтін қызметкерлері бар ұйымдар береді;
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысқан қызметкерлер бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші (заңды тұлға) айқындайды, сондай-ақ, ғылыми қызметпен айналысқан бұрын жұмыс жасаған қызметкерлер туралы ақпарат кесте түрінде Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы және ғылыми дәрежесі/атағы көрсете отырылып беріледі.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және оларды растайтын ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растаймын.
Ұйымның басшысы___________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 4-қосымша |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жабдықталған халықаралық және (немесе) республикалық деңгейдегі зертханалардың болуы туралы мәліметтер (зертханалардың болуын қажет етпейтін гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардан басқа)
№ | Жалпы және пайдалы аумағы көрсетілген ғимараттың нақты мекенжайы (м2) | Атауы мен ауданы көрсетілген зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы | Атауы мен ауданы көрсетілген сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы: | |
- халықаралық деңгейде | - республикалық деңгейде | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы: | ||||
*Ескертпе: зертханалардың болуы туралы мәліметтер толтырылғанға дейін аккредиттелетін ұйым "E-lab" модуліндегі зертханалар мен жабдықтар туралы деректерді ҰИЖ БТ цифрлық жүйесінде енгізеді ("Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35417 болып тіркелген)).
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және оларды растайтын ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растаймын.
Ұйымның басшысы ___________ _____________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 5-қосымша |
Технологиялық дайындық деңгейі туралы мәліметтер
Технологиялық дайындық деңгейі (ТДД/TRL) | Индикаторлар | Нәтиже көрсеткіштері |
жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг, ауыл шаруашылығы ғылымдары және өндіріс үшін | ||
TRL-1 | ||
TRL-2 | ||
TRL-3 | ||
TRL-4 | ||
TRL-5 | ||
TRL-6 | ||
TRL-7 | ||
TRL-8 | ||
TRL-9 | ||
әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар, білім беру мақсаттары және өнер үшін | ||
TRL-1 | ||
TRL-2 | ||
TRL-3 | ||
TRL-4 | ||
TRL-5 | ||
TRL-6 | ||
TRL-7 | ||
TRL-8 | ||
TRL-9 | ||
*Ескертпе: технологиялық дайындық деңгейі "Технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35634 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.
Ұйымның басшысы ___________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 6-қосымша |
Соңғы 5 (бес) жылдағы ҒЗЖ қаржыландыру және орындалған ғылыми, ғылыми- техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы мәліметтер
№ | Гранттық қаржыландыру (ГҚ) | Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант | Өзге де көздердегі гранттар (коммерцияландыру жобалары халықаралық ұйымдар мен қорлардың және т.б. қаржыландыруы) | Өзге де көздер (бизнес, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және оларды растайтын ұсынылған
құжаттардың көшірмелерін растаймын.
Ұйымның басшысы ___________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 7-қосымша |
Соңғы 5 (бес) жылдағы зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер
№ | Қорғау құжаттары (өнертабысқа патенттер, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер) | Авторлық құқық | Халықаралық патент (еуразиялық патент, РСТ патент - Patent Cooperation Treaty (халықаралық патенттік жүйе), лицензиялық келісімдер |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және оларды растайтын ұсынылған
құжаттардың көшірмелерін растаймын.
Ұйымның басшысы _______ _______________________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 8-қосымша |
Соңғы 5 (бес) жылдағы жарияланған ғылыми жұмыстар туралы мәліметтер
№ | Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша 1,2 және 3 квартильге кіретін, құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар мақалаларды қоспағанда, халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ең болмағанда бірі ғылыми салалардағы CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index(Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) бөлімінде) мақала, құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар мақалаларды қоспағанда | РҒДИ индекстелетін ғылыми журналдарда және басқа да халықаралық базаларда | ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда | Конференциялар, форумдар, съездердер, симпозиумдар, конгресстер бойынша материалдар | Баспа қызметі (монографиялар, оқулықтар, бірлік. құралдар, әдістемелік құжаттар.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
РҒДИ - Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі
ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және оларды растайтын ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растаймын.
Ұйымның басшысы ___________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда)
| "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 9-қосымша |
Аккредиттеу туралы КУӘЛІК
Астана қаласы 20__ жылғы "___" "__________"
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабына сәйкес
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, кәсіпкерлерден, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалар конкурстарына қатысу үшін беріледі.
Уәкілетті орган
Мөр орны
Сериясы _______ № _____
Өтініш (қайта ресімдеу кезінде)
______________________________ атауының/аты-жөнінің өзгеруіне байланысты
ұйымның атауы/аты-жөні (ол болған жағдайда)
20___ жылғы "__" _______, № _____, ___ сериясы куәлігін ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде қайта ресімдеуді сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер және жалған құжаттарды ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
20____ жыл "___" _________
Заңды тұлғаның басшысы/ ___________ ___________________________________
жеке тұлғаның аты-жөні (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(ол болған жағдайда)
Өтініш (телнұсқа беруге)
Сізден бұрын қағаз түрінде ресімделген аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын
беруіңізді сұраймын.
Себебі__________________________________________________________
(куәліктің жоғалуына/бүлінуіне және т.б. байланысты)
Аккредиттеу туралы куәліктің сериясы және нөмірі __________________________
Кім берді ______________________________________________________________
(қызметті берушінің толық атауы)
Аккредиттеу туралы куәліктің жарамдық мерзімі ____________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім
беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер және жалған
құжаттарды ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
20____ жыл "___" _________
Заңды тұлғаның басшысы/ ___________ ___________________________________
жеке тұлғаның аты-жөні (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (ол
болған жағдайда)