"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2026 жылғы 5 ақпандағы № 11-1-4/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 72 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 ақпанда № 37962 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Көші-қон туралы заң), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – виза алушылар) Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу Қазақстан Республикасының визаларын беру, жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу", "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" және "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;

      2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      3) "Астана Хаб" дербес кластерлік қор (бұдан әрі – Қор) - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару органы болып табылатын, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;

      4) "Астана Хаб" инновациялық кластері (бұдан әрі – Инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою, ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған қатысушылар бірлестігі;

      5) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – ҚР ІІМ АПО) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары;

      6) АХҚО-ның инвестициялық резиденті – АХҚО-ның инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асырған, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында көзделген шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      7) бизнес – көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

      8) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      9) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;

      10) вербалды нота – шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің жазбаша өтініштері;

      11) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған портал (www.vmp.gov.kz);

      12) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      13) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

      14) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР СІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және (немесе) Үкімет Аппаратының тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі – шетелдік мекемелер), шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің жазбаша өтініштерінің негізінде ҚР СІМ және оның шет елдердегі мекемелерінде шақыруларды қабылдау және келісу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорымен, директорының орынбасарларымен және паспорттық-визалық басқармасы басшысымен жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;

      15) қолдаухат – шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар виза алушылардың жазбаша өтініштері;

      16) ҚР ІІМ нұсқауы – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және (немесе) Үкімет Аппаратының тапсырмаларына, ҚР шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы ҚР ІІМ АПО Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы (төрағаның орынбасарлары) жедел шешім қабылдау үшін қабылдаған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;

      17) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелді) бекітілген тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

      18) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      19) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілік сәйкестігі туралы анықтама) – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32887 болып тіркелді) айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;

      20) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      21) уәкілетті қызметкер – қолдаухатты келісетін және визаларға қол қоятын ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ІІМ АПО қызметкерлері;

      22) форс-мажорлық жағдайлар – төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар салдарынан туындайтын еңсерілмейтін күш оқиғалары (дүлей апаттар, әскери әрекеттер, төтенше жағдай);

      23) халықаралық өзара түсіністік қағидаты – екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;

      24) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;

      25) шақырушы тарап – виза алушылардың Қазақстан Республикасына(нан) келуіне (кетуіне) жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аппараттары, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғалар;

      26) шет елдердегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан елшіліктері, дипломатиялық миссиялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері;

      27) шақыру хат – Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге ҚР ІІМ берген шақыру, не болмаса виза алушыларға Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы ҚР ІІМ-мен келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалды нота;

      28) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;

      29) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының визалық жапсырмасын толтыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Визаны түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.

      Визаны электронды форматта толтыру (бұдан әрі – электрондық виза) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ВКП арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.";

      13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе Инновациялық кластері бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін Инновациялық кластерінің қолдаухаты;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ҚР ІІМ АПО-да өтінішхатты қарау кезінде:

      1) ұсынылған құжаттарға сұратылған сапар мақсатының, визаның мәртелігінің, жарамдылық мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны, АХҚО қатысушылары мен органдарын, АХҚО инвестициялық резиденттерінің және олардың отбасы мүшелерінің, Инновациялық кластерінің жұмыскерлерін және оның қатысушыларын қоспағанда, виза алушының азаматтығына тиесілі елге қатысты консулдық округке сәйкес немесе мына шарттардың біреуі:

      болу елінде тұрақты тұруға рұқсаты;

      іскерлік және инвесторлық мақсаттары бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуде ұзақ болуына рұқсаты бар болған кезде тексеріледі.

      ҚР СІМ қызмет көрсететін консулдық округтерін көрсете отырып, шет елдердегі мекемелерінің тізімін ҚР ІІМ-ге береді;

      2) "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Заң) 22-бабының 7) және 10) тармақшаларына және Көші-қон туралы заңның 48-бабына сәйкес шетелдікке Қазақстан Республикасына кіруіне бас тарту негіздерінің болуы;

      3) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болуы.

      Бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушының келіп түскен құжаттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісуге жібереді.

      ҚР ҰҚК өтінішті "Бүркіт" БАЖ арқылы 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде келісуді қамтамасыз етеді. Шақыруларды ресімдеу үшін негіздерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу қажет болған жағдайда, ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады.

      ҚР ҰҚК-нен жауап алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері осы жауапты өңдеуді және Қазақстан Республикасына келуге шақыру беруді жүзеге асырады не "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тартады.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ҚР ІІМ АПО уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген жеке істер бойынша шақыруды беру жолымен;";

      19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ АПО-да көрсетілетін қызметті алушының нақты орналасқан жері немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша визаларды беру үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызметі көрсетуге қажет мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:";

      24-тармақта:

      2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚР ІІМ АПО мынадай санаттардағы визаларды береді: "А5", "В2" (АХҚО қатысушылары және органдары үшін), "В3", "В7", "В8", "В9", "В14", "В15", "В16", "В17", "В18", "В19", "В20", "В21", "В22", "С1", "С3", "С4", "С9" (этникалық қазақтарға), "С11" және "С12";";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне баруды талап етпейтін электрондық форматта берілетін визалардан қоспаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығымен бекітілген "Шетелде Қазақстан Республикасының азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы" қағидаларға сәйкес белгіленген тәртіппен дактилоскопиялық тіркеуден өтеді (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16650 болып тіркелген).";

      25-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""В3" санатындағы бір реттік электрондық іскерлік визалар ресімделетін Пәкістан Ислам Республикасының азаматтарын қоспағанда, бір мәртелі электрондық қызметтік, инвесторлық, туристік, іскерлік, жеке сапарға арналған визалар және емделу үшін визалар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттердің азаматтарына беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. "С3" санатындағы визадан басқа ҚР ІІМ АПО визаларды беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды виза алушының уақытша тұру орны немесе шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша ("А5" санатындағы виза, виза алушының нақты болу орны бойынша), не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы бойынша жүзеге асырады.

      "С3" санатындағы алғашқы визаларды ҚР ІІМ АПО шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша жүзеге асырады. Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ АПО "С3" санатындағы визаны жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің уақытша тұру орны бойынша жүзеге асырады.

      Визасыз келу тәртібі туралы халықаралық шарттар бар елдерден, "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген, Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттерден (14 күнге дейінгі мерзімге визасыз режимі бар елдерді қоспағанда) өтініш берушінің өтініші негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мәселесін қарау үшін қажетті мерзімге, бірақ күнтізбелік тоқсан (90) күннен аспайтын, бастапқы "В8" және "В9" санатындағы виза беріледі. Виза соңғы берілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі айда бір рет беріледі.

      ҚР ІІМ АПО АХҚО қатысушылары мен органдарына, Инновациялық кластер мен Қордың қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе Инновациялық кластер мен Қордың жұмыскерлеріне "С3" визасын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, қолданылу мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды, сондай-ақ отбасы мүшелеріне "С3" визасын еңбек қызметін жүзеге асыру үшін бұрын берілген алғашқы визаларды ескермей "С3" визасына өзгертуді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған визалар, "В14" санатындағы визаны қоспағанда, виза алушының нақты болу орны бойынша беріледі.

      Оқуға арналған визалар виза алушыны қабылдаған оқу мекемесінің орналасқан орны бойынша беріледі.";

      28-тармақта:

      3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына (бір мәртелі виза) – "А3", "В1", "В3", "В10", "В12" және көп мәртелі "В12-1";";

      36-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ҚР ІІМ АПО:

      "А5" санатына – "В3", "В10", "С3", "С4", "С5" және "С10" санаттарынан;

      "А6" санатына – "В3", "В9", "В10", "С3", "С4" және "С5" санаттарынан;

      "В2" санатына (АХҚО қатысушылары мен органдарына) – "В3", "В7" және "С3" санаттарынан;

      "В7" санатына – "С9" санатынан;

      "В8" санатына – "С2", "С3", "С7" және "С11" санаттарынан;

      "С1" санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан;

      "С2" санатына – "В10", "С3" және "С9" санаттарынан;

      "С3" санатына – "В2", "В3", "В7" (Инновациялық кластер бағдарламалары бойынша оқытудан өтіп жатқан виза алушыларға), "В10", "С2", "С3" (жұмыс берушінің атынан шақырушы тарапты ауыстыру, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсаты болған кезде қолдаухат негізінде), "С9" және "С10" санаттарынан;

      "С4" санатына – "В10", "С2", "С9" және "С10" санаттарынан;

      "С9" санатына – "С11" санатынан, этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге;

      "С12" санатына – визаның барлық санаттарынан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Күнтізбелік 30 күн ішінде ресімделетін "А2", "А4" және "С1" санатындағы визалардан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.";

      51-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының немесе Инновациялық кластер қолдаухаттары негізінде. Визаның қолданылуын 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "С3" – бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсатнамасы болған кезде, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде.

      Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда шақырушы тарап еңбекші-көшіп келушіні іссапарға жіберу туралы бұйрықты ұсынады (не шарт немесе келісімшарт).

      "С3" санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсаттың жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан артық емес (АХҚО қатысушылары мен органдарына, Инновациялық кластер мен Қордың қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе Инновациялық кластер мен Қордың жұмыскерлеріне – 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге) мерзімге жүзеге асырылады;";

      мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      59-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

В7

оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін, соның ішінде "Астана Хаб" инновациялық кластер (бұдан әрі – Инновациялық кластер) және АХҚО бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР ІІМ шақыру негізінде береді.
Визаны ҚР ІІМ Инновациялық кластер шақыруы немесе қолдаухаты негізінде береді.

көп мәртелік

180 күнтізбелік күнге дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

  ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

В8

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар;
2) Визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысы) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттерден Қазақстан Республикасына келген және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген адамдар.

бір мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

ҚР-дың шет елдердегі мекемелері алғашқы виза ресімделген сәттен бастап бір жыл ішінде 2 реттен артық берілмейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын (ҚР ІІМ-мен келісусіз), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың этникалық қазақтардан басқа қолдаухаттары негізінде береді.
ҚР ІІМ визаны визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттерден (14 күнге дейінгі мерзімге визасыз режимі бар елдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасына келген, сондай-ақ "С3" санатындағы қолданыстағы визасы бар шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдардың қолдаухаты негізінде береді.

көп мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

  ";

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16.

В9-1 Digital Nomad Visa

талап етілетін кәсіптерге ие Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын тұлғалар

бір мәртелік

1 жылға дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Бір мәртелік электрондық виза шақыру негізінде ВКП арқылы беріледі.

көп мәртелік

1 жылға дейінгі көп мәртелік визаны ҚР ІІМ АПО Қазақстан Республикасының ақпараттандыру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухатының, сондай-ақ бұрын рәсімделген бір мәртелік электрондық визаның негізінде береді.

  ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

В10

1) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келетін адамдар;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары;
3) растайтын құжаттар бар болған кезде Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне немесе ауырған жағдайда бара жатқан адамдар;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен Қазақстан Республикасына бірге кіретін жұбайлары, балалары (оның ішінде асырап алынған балалары) немесе ата-аналары (қорғаншылары, қамқоршылары) (туыстығын растайтын құжаттар болған кезде);
5) этникалық қазақтармен Қазақстан Республикасына бірге кіретін (этникалық қазақ болып саналмайтын) жұбайлары, балалары;

бір мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:
вербалдық нота;
шақыру;
қолдаухат (осы Қағидаларға 1-қосымшаның 17 тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар).
Визаны ҚР CІМ вербалдық нота негізінде береді.
Визаны ҚР ІІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:
шақыру;
қолдаухат (осы Қағидаларға 1-қосымшаның 17-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар).
Бір мәртелік электрондық виза шақыру негізінде ВКП арқылы беріледі.

көп мәртелік

180 күнтізбелік күнге дейін

әрбір кіру кезінде 90 тәуліктен артық емес

6) бұрынғы отандастар.

көп мәртелік

3 жылға дейін

  ";

      реттік нөмірлері 19 және 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

В12

Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін адамдар.

бір мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:
шақыру;
осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты.
Визаны ҚР ІІМ шақыру негізінде береді.
Бір мәртелік электрондық виза шақыру негізінде ВКП арқылы беріледі.

көп мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

әрбір кіру кезінде 30 тәуліктен артық емес

20.

В12-1 NeoNomad
Visa

қашықтықтан жұмыс істейтін және шетелдік көздерден тұрақты табысы бар тұлғалар

көп мәртелік

1 жылға дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақырудың негізінде (осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарыныңқоспағанда) келесі құжаттар бар болғанда береді:
1) 3000 АҚШ долларынан асатын тұрақты айлық кірісті растайтын өткен 6 айдағы банктік үзінді көшірме;
2) азаматтығына тиесілі мемлекетінің құзыретті органы берген салық декларациясы;
3) соттылықтың жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты;
4) сұралған виза мерзімін қамтитын медициналық сақтандыру.

  ";

      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

33.

С3

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан, немесе Қазақстан Республикасындағы адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін (паспортын Қазақстан Республикасы мойындамайтын елдің адамдары үшін – 1 жылға дейін)

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР ІІМ шақыру негізінде береді.
Визаны ҚР ІІМ шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейтінін дәлелдейтін құжаттар бар болған жағдайда, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде береді.

көп мәртелік

3 жылға дейін (АХҚО қатысушылары мен органдарына, Инновациялық кластер мен "Астана Хаб" дербес кластерлік қордың (бұдан әрі – Қор) қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе Инновациялық кластер мен Қордың жұмыскерлеріне – 5 жылға дейін) немесе рұқсаттың мерзіміне

виза қолданылуының барлық кезеңіне

  ";

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35.

С5

бизнес-иммигранттар.

бір мәртелік

90 күнтізбелік күнге дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақырудың негізінде келесі құжаттар бар болғанда береді:
1) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтама;
2) медициналық сақтандыру;
3) соттылықтың болуын не жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты;
4) шет елдің заңнамасында соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растаманы қарастырылған жағдайада ұсынуға міндетті.
Виза алатың тұлға кәмелеттік жаста болуға тиіс.

көп мәртелік

2 жылға дейін (этникалық қазақтарға – 3 жылға дейін)

виза қолданылуының барлық кезеңіне

  ";

      көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      "

"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Қызметтік істер бойынша шақыруды рәсімдеу (А3);
2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін шақыруды ресімдеу (А5, А6, С5);
3. Іскерлік сапарға шақыруды рәсімдеу (В1, В2, В3) (В1, В2, В3);
4. Діни іс-шараларға қатысу үшін шақыруды ресімдеу (В6, С7);
5. Жеке істер бойынша шақыруды ресімдеу (В10, В11, В12, С10);
6. Білім алу үшін шақыруды ресімдеу (В7, С9);
7. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шақыруды ресімдеу (С3, С4, С6);
8. Емдеуге шақыруды рәсімдеу (С12);
9. Гуманитарлық себептер бойынша шақыруды ресімдеу (С8);
10. Тұрақты тұру үшін шақыруды ресімдеу (В8, В9, С1).

  "

      жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Қызметтік істер бойынша шақыруды рәсімдеу ("А3");
2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін шақыруды ресімдеу ("А5", "А6", "С5");
3. Іскерлік сапарға шақыруды рәсімдеу ("В1", "В2", "В3");
4. Діни іс-шараларға қатысу үшін шақыруды ресімдеу ("В6", "С7");
5. Жеке істер бойынша шақыруды ресімдеу ("В10", "В11", "В12", "С10");
6. Білім алу үшін шақыруды ресімдеу ("В7", "С9");
7. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шақыруды ресімдеу ("С3", "С4", "С6");
8. Емдеуге шақыруды рәсімдеу ("С12");
9. Гуманитарлық себептер бойынша шақыруды ресімдеу ("С8");
10. Тұрақты тұру үшін шақыруды ресімдеу ("В8", "В9", "С1").

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) жеке сапар бойынша шақыруды ресімдеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді).
2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
Сұрау салған визаның санатына байланысты қосымша ұсынылады:
1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) Әкімшілігінің қолдаухаты;
2) іскерлік сапар мақсатында көп мәртелік визаны ресімдеу үшін – (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарын қоспағанда) шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі;
3) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының жазбаша келісімі;
4) Қазақстан Республикасының аумағында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазбаша келісімі;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;
6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат, не біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, не болмаса "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32955 болып тіркелген) немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
АХҚО қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді (аккредитациялауды) растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:
басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
7) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе "Астана Хаб" инновациялық кластерінің (бұдан әрі – Инновациялық кластер) Инновациялық кластер бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін қолдаухаты;
8) гуманитарлық уәждер бойынша – қолдаушы халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарты болған кезде осы елдің заңнамасына сәйкес оның болу еліндегі шетелдік үкіметтік емес ұйымда (қорда) ресми тіркелгенін растайтын құжат;
9) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;
10) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстарын не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан виза алушыларды күтіп-бағу үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан денсаулық сақтау ұйымы берген – 026/е нысандағы анықтама және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігін, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар;
11) Пәкістан Ислам Республикасы азаматтарына "B3" санатындағы бір мәртелік электрондық іскерлік визаны ресімдеу үшін – Пәкістан Ислам Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы берген Пәкістан Ислам Республикасы азаматының қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілгенін және іскерлік беделін растайтын құжат.

  ";

      көрсетілген қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "А3", "В1", "В3", "В10", "В12" және "В12-1" санатындағы визаларды ресімдеу кезінде азаматтары шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің тізімі мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Черногория";

      көрсетілген қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      "

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін визаларды ресімдеу (А5, С5);
2. Іскерлік сапарға визаларды ресімдеу (В2, В3);
3. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін визаларды ресімдеу (С3, С4);
4. Діни іс-шаралар бойынша визаларды ресімдеу (С7);
5. ҚР кету үшін визаларды ресімдеу (В14-В22);
6. Білім алу үшін визаларды ресімдеу (В7, С9);
7. Тұрақты тұру үшін визаларды ресімдеу (В8, С1);
8. Отбасын біріктіру үшін визаларды ресімдеу (С2).

  "

      жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін визаларды ресімдеу ("А5", "С5");
2. Іскерлік сапарға визаларды ресімдеу ("В2", "В3");
3. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін визаларды ресімдеу ("С3", "С4");
4. Діни іс-шаралар бойынша визаларды ресімдеу ("С7");
5. ҚР кету үшін визаларды ресімдеу ("В14", "B15", "B16", "B17", "B18", "B19", "B20", "B21", "В22");
6. Білім алу үшін визаларды ресімдеу ("В7", "С9");
7. Тұрақты тұру үшін визаларды ресімдеу ("В8", "С1", "C11");
8. Отбасын біріктіру үшін визаларды ресімдеу ("С2");
9. Қызметтік іс үшін визаларды ресімдеу ("А3");
10. Емдеу үшін визаларды ресімдеу ("С12").

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Визаларды беру және қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР ІІМ) немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР СІМ) тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты;
3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
4) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
6) "С3" санатындағы визаны беру үшін қосымша:
шақырушы тараптың қолдаухаты;
жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берген рұқсат ұсынылады.
"Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32955 болып тіркелген) сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін – шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді (аккредитациялауды) растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін – Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін – ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдар үшін – шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен олардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдар үшін – шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен олардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдар үшін – басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Барлық санатындағы визаларын ұзарту үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
1) виза алу үшін осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті;
2) паспорт;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
4) мынадай санаттағы визалар үшін:
"А5" – шақырушы тараптың қолдаухаты және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы не АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты;
"В2" – Қазақстан Республикасында болу мақсатын көрсете отыра, бұрын алғашқы виза алу үшін шақыру ресімдеген шақырушы тараптың қолдаухаты;
"В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының, АХҚО немесе "Астана Хаб" инновациялық кластерінің (бұдан әрі – Инновациялық кластер) қатысушылары мен органдарының қолдаухаты;
"В8" – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу үшін құжаттарды тапсырғаннан кейін қолдаухат;
"В21" – алдын ала тергеп-тексеру жүзеге асыратын органның не қылмыстық істі қарап жатқан соттың жазбаша өтініші;
"С1" – өтініш берушінің қолдаухаты;
"С2" – шақырушы тараптың жазбаша өтініші келесі құжаттар болған кезде:
шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде қаржылай қаражаттың болуын растауы;
шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы;
шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандыру;
көрсетілетін қызметті алушының шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері.
"С3" – егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, бастапқы визаны алуға шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтінішхаты және шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейтінін дәлелдейтін құжаттар бар болған жағдайда.
Қазақстан Республикасының басқа өңірінде еңбек қызметін жүзеге асырған кезде шақырушы тарап еңбекші көшіп-келушінің іссапарға жіберілуі туралы бұйрықты (не шарт немесе келісімшарт) ұсынады;
"С4" – қолдаухат және заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандығы бойынша еңбек шарты;
"С5" – астананың, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың және олардың аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініші;
"С7" – діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші;
"С9" – Қазақстан Республикасында тіркелген білім беру мәселесі бойынша уәкілетті органның немесе оқу орындарының қолдаухаты;
"С12" – медициналық ұйымдармен берілген, Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінде емделіп жатқан қызмет алушыға – шетелдік пациентке ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар не жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар болған кезде қолдаухат не ҚР ІІМ нұсқауы.
Бір мәртелік электронды туристік, іскерлік және емделуге арналған визаларды портал арқылы алу үшін –көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауы.

  ";

      осы қағидаларға 11-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, төмендегілерді қоспағанда:

      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының алпыс тоғызыншы абзацы 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады;

      2) көрсетілген қағидалардың 25-тармағының алтыншы бөлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:

      "Бір мәртелі электрондық қызметтік, инвесторлық, туристік, іскерлік, жеке сапарға арналған визалар және емделу үшін визалар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттердің азаматтарына беріледі.";

      3) көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаның 8-реттік нөмірінің екінші жолының 11) тармақшасы және 11-қосымшаның 73-тармағы 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады;

      4) осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының үшінші, алтыншы, қырық үшінші, қырық бесінші және жүз бесінші абзацтары 2026 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
__________Е. Саденов
      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
__________А. Исетов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 72 мен
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 ақпандағы
№ 11-1-4/71 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасына
келуіне шақыруларын ресімдеу,
шақыруларын келісу,
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, күшін жою,
қалпына келтіру, сондай-ақ
олардың қолданылу мерзімдерін
ұзарту және қысқарту
қағидаларына
7-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбағаныңыз үшін "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" жөніндегі мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкері қолданылу мерзімі өткен құжаттармен өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) .....

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.

      Орындаушы:____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы)

      Телефоны: _______________________

      Алдым:__________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" __________________

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 72 мен
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 ақпандағы
№ 11-1-4/71 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасына
келуіне шақыруларын ресімдеу,
шақыруларын келісу,
Қазақстан Республикасының
визаларын беру, күшін жою,
қалпына келтіру, сондай-ақ
олардың қолданылу мерзімдерін
ұзарту және қысқарту
қағидаларына
11-қосымша

Азаматтарына бір мәртелік электрондық визалар ресімделетін елдердің тізімі

      1. Алжир Халық Демократиялық Республикасы

      2. Ангола Республикасы

      3. Андорра Князьдігі

      4. Антигуа және Барбуда

      5. Аруба

      6. Багам аралдары достастығы

      7. Барбадос

      8. Белиз Республикасы

      9. Бенин Республикасы

      10. Біріккен Танзания Республикасы

      11. Боливия Көпұлтты Мемлекеті

      12. Босния және Герцеговина

      13. Ботсвана Республикасы

      14. Бруней-Даруссалам мемлекеті

      15. Буркина-Фасо

      16. Бурунди Республикасы

      17. Бутан Корольдігі

      18. Вануату Республикасы

      19. Боливариан Венесуэла Республикасы

      20. Габон Республикасы

      21. Гайана Кооперативтік Республикасы

      22. Гаити Республикасы

      23. Гамбия Республикасы

      24. Гватемала Республикасы

      25. Гвинея Республикасы

      26. Гвинея-Бисау Республикасы

      27. Гондурас Республикасы

      28. Гренада

      29. Джибути Республикасы

      30. Доминика Достастығы

      31. Доминикан Республикасы

      32. Мысыр Араб Республикасы

      33. Замбия Республикасы

      34. Зимбабве Республикасы

      35. Иран Ислам Республикасы

      36. Камбоджа Корольдігі

      37. Камерун Республикасы

      38. Кения Республикасы

      39. Кирибати Республикасы

      40. Корей Халық Демократиялық Республикасы

      41. Қытай Халық Республикасы (Гонконг АӘА, Макао АӘА, Тайвань)

      42. Комор аралдары

      43. Конго Республикасы

      44. Коста-Рика Республикасы

      45. Кот-д’Ивуар Республикасы

      46. Куба Республикасы

      47. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы

      48. Лесото Корольдігі

      49. Либерия Республикасы

      50. Ливан Республикасы

      51. Маврикий Республикасы

      52. Мавритания Ислам Республикасы

      53. Мадагаскар Республикасы

      54. Малави Республикасы

      55. Мали Республикасы

      56. Мальдив Республикасы

      57. Марокко Корольдігі

      58. Маршалл аралдары Республикасы

      59. Микронезия

      60. Мозамбик Республикасы

      61. Мьянма Одағының Республикасы

      62. Намибия Республикасы

      63. Науру Республикасы

      64. Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы

      65. Нигер Республикасы

      66. Никарагуа Республикасы

      67. Оңтүстік Африка Республикасы

      68. Орталық Африка Республикасы

      69. Палау Республикасы

      70. Панама Республикасы

      71. Папуа-Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті

      72. Парагвай Республикасы

      73. Пәкістан Ислам Республикасы

      74. Перу Республикасы

      75. Руанда Республикасы

      76. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті

      77. Сан-Марино Республикасы

      78. Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

      79. Сейшель аралдары Республикасы

      80. Сенегал Республикасы

      81. Сент-Винсент және Гренадины

      82. Сент-Китс және Невис Федерациясы

      83. Сент-Люсия

      84. Солтүстік Македония Республикасы

      85. Суринам Республикасы

      86. Сьерра-Леоне Республикасы

      87. Того Республикасы

      88. Тонга Корольдігі

      89. Тринидад және Тобаго Республикасы

      90. Тувалу

      91. Тунис Республикасы

      92. Түрікменстан

      93. Уганда Республикасы

      94. Үндістан Республикасы

      95. Фарер аралдары

      96. Фидж Республикасы

      97. Чад Республикасы

      98. Черногория

      99. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

      100. Шығыс Уругвай Республикасы

      101. Эль-Сальвадор Республикасы

      102. Эритрея Мемлекеті

      103. Эсватини Корольдігі

      104. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

      105. Ямайка

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады