БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарына химиялық өңдеу жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:
аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар;
жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 70 гектар;
барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;
аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстану орындарына химиялық өңдеулер жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде техниканың 1 бірлігіне мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:
аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар;
жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 70 гектар;
барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;
аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
