"Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қаңтарда № 37869 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қаржылық шарттар – белгіленген мөлшерлемені, біржолғы кіру жарнасын (егер қолданылса) және/немесе алаңдарды пайдаланудан алынған табысқа негізделген ауыспалы мөлшерлемені қоса алғанда, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы өздігімен айқындайтын алаңды пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыға төленетін сыйақы. Сыйақы төлеу мөлшері, шарттары мен тәртібі конкурстық құжаттамада белгіленеді;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мыналар конкурстың мәні болып табылады:

      қоғамдық тамақтану объектілеріне, азық-түлік өнімдерін сатудың және багажды ораудың автоматтандырылған құрылғыларына арналған әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының 1 (бір) шаршы метрден басталатын алаңдары;

      қоғамдық тамақтану объектілеріне және тамақ өнімдерін сатудың автоматтандырылған құрылғыларына арналмаған әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының 15 (он бес) шаршы метрден басталатын алаңдары;

      Әуежай (әуеайлақ) аумағында әуежай (әуеайлақ) қызметіне жатпайтын қызмет көрсетуді әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы дербес не әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушымен шарт негізінде өзге де жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.

      Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы өтініш беруші жиынтығында төменде көрсетілген барлық талаптарды сақтаған жағдайда конкурстық рәсімдерді өткізбей, әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу туралы шарттар жасаса алады:

      Өтініш берушінің қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы үш қаржы жылының кем дегенде екеуінде шығындары жоқ.

      Өтініш берушінің тиісті қызметтер көрсету үшін жеткілікті техникалық және операциялық ресурстары бар, оның ішінде:

      білікті персоналдың болуы — тиісті салада кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде үш маман; өтініш берушінің жиынтық өңірлік және/немесе жаһандық операциялық мүмкіндіктері аясында (олар болған жағдайда);

      қызметті тәулік бойы және үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жабдықтың, инфрақұрылымның және технологиялардың болуы; өтініш берушінің жиынтық өңірлік және/немесе жаһандық операциялық мүмкіндіктері аясында (олар болған жағдайда);

      қызметтерді көрсетудің уақытылылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін логистикалық қолдау жүйесінің болуы; өтініш берушінің жиынтық өңірлік және/немесе жаһандық операциялық мүмкіндіктері аясында (олар болған жағдайда).

      Өтініш беруші келесі санаттардың біріне жатады:

      өтініш беруші Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы әуежайларының аумағында ұқсас қызметтер көрсетудің расталған тәжірибесі бар;

      өтініш беруші тиісті қызметті жүзеге асыруға әсер ететін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, Республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыратын оператор болып табылады;

      Мұндай шарттардың қолданылу мерзімі 10 (он) жылға дейін белгіленеді.

      Осы Қағидалар мынадай жағдайларда әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы алаңын қоса алғанда, әуежайдың инфрақұрылымына қолжетімділікті ұсынуға қолданылмайды:

      жарнаманы орналастыру және (немесе) тарату үшін қолжетімділік берілген жағдайда, бұл ретте мұндай қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларымен және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;

      әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мен сенімгерлік басқарушы арасында сенімгерлік басқару шарттары жасалған жағдайда, оларға сәйкес сенімгерлік басқарушыға көрсетілген үй-жайларды жалға беру құқығы беріледі, мұндай сенімгерлік басқарушы осы Қағидалардың 3-бөлігінің 3-тармағында белгіленген өтініш берушілерге қойылатын ұқсас біліктілік талаптарын сақтауға жатады.

      10-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) конкурстың мәні болып табылатын үй-жайларда көрсетілуі тиіс қызметтердің қажетті техникалық және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ инвестициялардың болжамды көлемін және көрсетілетін қызметтердің озық халықаралық практикаларын, стандарттары мен ерекшеліктерін (қажет болған жағдайда) ескере отырып, көрсетілген қызметтерді ұйымдастыру үшін қажетті біржолғы кіру жарнасын (егер қолданылса) көрсете отырып, конкурсқа қатысушы ұсынатын техникалық ерекшелікке қойылатын талаптар;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қаржылық шарттар;";

      14 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды және конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап есептеледі.

      Әуежайдың (аэродромның) эксплуатанты конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімін ұлғайту туралы шешімді бір рет қана қабылдай алады, бұл ретте мұндай ұлғайту осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген бастапқы мерзім аяқталғанға дейін және 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ғана жол беріледі.

      Конкурстық өтінімдерді беру мерзімін ұлғайту туралы ақпарат өтінімдерді берудің бастапқы мерзімі аяқталғанға дейін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының ресми интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

      Конкурстық өтінім осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен ұсынылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комиссия конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімін мынадай жағдайларда ғана:

      1) конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталса;

      4) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарын бұза отырып, конкурстық өтінім берілсе қабылдамайды.

      Осы Қағидаларда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өзге де негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберуден бас тартуға жол берілмейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, қол қойылған конкурс қорытындылары туралы хаттаманың мәтінін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының ресми сайтында жариялайды.

      Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы конкурс қорытындылары туралы ақпарат жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурс жеңімпазымен 10 (он) жылға дейінгі мерзімге тиісті шарт жасасады.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, конкурс жеңімпазы шартта көзделген барлық міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда және Тараптардың өзара келісімі болған кезде оның қолданылу мерзімі бес жылдан аспайтын қосымша кезеңге ұзартылады. Шартты екі реттен артық ұзартуға жол берілмейді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Комиссия конкурс өтпеді деп таныған жағдайда, комиссия конкурс өтпеді деп танылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайталама конкурс осы Қағидаларға сәйкес өткізіледі.

      Қайталама конкурс өтпеді деп танылған жағдайларда әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының бірінші басшысының шешімімен мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) бір көзден шарт жасасу туралы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға шақыру жіберілетін тұлғаны тең қол жеткізу және кемсітпеу қағидаттарын сақтай отырып, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы дербес айқындайды;

      Бұл ретте әуежай операторы айқындаған және бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға шақыру жіберілген нарық субъектісі бұрын өткізілген, өтпеді деп танылған тендерлердің конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      2) осы Қағидалардың рәсімдері мен талаптарын сақтай отырып, қосымша конкурс өткізу туралы.";

      Әуежай аумағындағы қызметтер (әуеайлаққа) жатпайтын әуежай қызметіне қол жеткізу қағидаларының қосымшасындағы 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурсқа қатысушы:

      1) шарт талаптарына сәйкес қаржылық шарттар мен техникалық ерекшеліктердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) конкурстық құжаттамада мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге;

      3) ұсынылатын қаржылық шарттар: қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) конкурстық құжаттамада көрсетілген қаржылық шарттарға сәйкес сыйақы беруге кепілдік береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Көлік министрі Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады