Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы Катонқарағай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25081 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 10,9359 (он бүтін тоғыз мың үш жүз елу тоғыздан он мыңдық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Болаев |