"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 358 қаулысына (Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 маусымда № 6308-13 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал ауданының әкімі | Б. Асанов |