ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы №15/67-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6481-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |
