Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 - және 2 - қосымшаларына сәйкес Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Қ. Мыңбаев |
Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 30-10 шешіміне 1 қосымша |
Жылыой ауданындағы елді мекендердің бағалау аймақтарының шекаралары
№№ | Бағалау аймақтарының номері | Бағалау аймақтарының шекаралары |
1 |
Құлсары қаласы, | 04-059-005, 04-059-007, 04-059-024, 04-059-025 кадастрлық кварталдары. Құлсары қаласына кіреберістегі Жем өзенінен бастап Атырау-Бейнеу (А-33) тас жолы бойымен оңтүстік-шығыс бағытта жүріп, 46-көшесінің бойынан өтіп, Аңырақай көшесіне жалғасып, батысқа қарай Атырау-Бейнеу (А-33) тас жолын кесіп өтеді, әрі қарай Сариев көшесімен жалғасып өндірістік аймақтың оңтүстігіне қарай Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп, солтүстік бағытта Атырау- Жаңа Қаратон тас жолына жетпей батыс бағытта бас жоспар шекарасына дейін келіп, солтүстік бағытқа бұрылып, Құлсары-Теңіз тас жолын кесіп өтеді. Әрі қарай, Бас жоспар шекарасымен шығыс бағытта келіп, Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, бас жоспар шекарасы бойымен Жем өзені сағаларын кесіп өтіп, бастапқы нүктеге келеді. |
2 |
Құлсары қаласы, | 04-059-011, 04-059-019, 04-059-026 кадастрлық кварталдары. Атырау-Бейнеу тас жолы бойынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Бас жоспар шекарасы бойымен жалғасып, оңтүстікке қарай бұрылып, Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолын кесіп өтеді де, батыс бағытта жалғасып 04-059-009 кадастрлық квартал шекарасының бойымен солтүстік бағытта жүріп, Аңырақай көшесімен жалғасып, 46-көше бойымен жүреді, Жем өзенін кесіп өтіп, Атырау –Бейнеу (А-33) тас жолы бойымен солтүстік бағытқа қарай Бас жоспар шекарасы бойымен бастапқы нүктеге келеді. |
3 |
Құлсары қаласы, | 04-059-009 кадастрлық кварталы. Сариев көшесінің бойынан бастап, шығыс бағытта Атырау-Бейнеу тас жолын кесіп, Аңырақай көшесіне дейін 04-059-009 кадастрлық квартал шекарасы бойымен оңтүстік-шығыс бағытта, Бас жоспар шекарасымен келіп батыс бағытына бұрылып, Атырау (А-33) тас жолын кесіп өтіп, батыс бағытта жалғасып Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтеді. Бас жоспар шекарасымен солтүстік бағытта Құлсары-Теңіз темір жолын кесіп, шығыс бағытқа темір жол бойымен жүреді. Құлсары-Теңіз тас жолына жетпей шығыс бағытқа бұрылып, 04-059-024 кадастрлық квартал шекарасы бойымен оңтүстік бағытқа қарай жүреді, содан шығыс бағытқа бұрылып, Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, Сариев көшесіне бастапқы нүктеге келеді. |
4 | Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы | 04-059-002 кадастрлық кварталы. Құлсары-Тұрғызба тас жолынан бастап, Бас жоспар шекарасының бойымен Тұрғызба ауылын айнала Құлсары-Тұрғызба тас жолына бастапқы нүктеге келеді. |
5 | Жем ауылдық округі, Қараша ауылы | 04-059-017 кадастрлық кварталы. Доссор-Қараша жолынан бастап, Бас жоспар шекарасы бойымен, Қараша ауылын айналып, Доссор-Қараша жолына бастапқы нүктеге келеді. |
6 | Жаңа Қаратон кенті | 04-059-024 кадастрлық кварталы. Құлсары-Теңіз тас жолы бойымен оңтүстік бағытпен жүріп, Бас жоспар шекарасымен Жаңа Қаратон ауылын айнала Құлсары-Теңіз тас жолына бастапқы нүктеге келіп жалғанады. |
7 | Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы | 04-059-011 кадастрлық кварталы. Құлсары-Қаратон тас жолынан Қосшағыл ауылына кіретін жолдан бастап солтүстік бағытта бекітілген Бас жоспар шекарасының бойымен жүріп, солтүстік-шығысқа қарай Бас жоспардың шекарасы бойымен, Құлсары қаласына баратын жолды кесіп, әрі қарай Бас жоспар шекарасымен жүріп оңтүстік бағытқа жүреді. Қосшағыл ауылын айнала Бас жоспар шекарасы бойымен, бастапқы Құлсары-Қаратон тас жолынан Қосшағыл ауылына кіретін жолдан аяқталады. |
8 | Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы | 04-059-001, 04-059-016 кадастрлық кварталдары. Атырау-Маңғышлақ темір жолынан бастап, шығыс бағытта Бас жоспар шекарасы бойымен Шоқпартоғай ауылын айнала, осы ауылдың оңтүстік бағытында Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, солтүстік бағытта айналып, темір жолмен бастапқы нүктеге келіп жалғасады. |
9 | Ақкиізтоғай ауылдық округі, Ақкиізтоғай ауылы | 04-059-010 кадастрлық кварталы. Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолынан бастап, Бас жоспар шекарасы бойымен Ақкиізтоғай ауылын айналып, Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолымен бастапқы нүктеге келіп қосылады. |
10 | Майкөмген ауылдық округі, Майкөмген ауылы | 04-059-010 кадастрлық кварталы. Атырау-Маңғышлақ темір жолынан бастап шығыс бағытта, Бас жоспар шекарасы бойымен Майкөмген ауылын айнала, осы ауылдың оңтүстік бағытында Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, солтүстік бағытта айналып темір жолға жалғасады. |
Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 30-10 шешіміне 2 қосымша |
Жылыой ауданының елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№№ | Елді мекендердің атаулары | Түзету коэффициенттері |
1 | Құлсары қаласы – І аймақ | 1,4 |
2 | Құлсары қаласы – ІІ аймақ | 1,2 |
3 | Құлсары қаласы – ІІІ аймақ | 1,1 |
4 | Қосшағыл ауылы | 1,3 |
5 | Тұрғызба ауылы | 1,1 |
6 | Қараша ауылы | 0,8 |
7 | Шоқпартоғай ауылы | 1,1 |
8 | Майкөмген ауылы | 1,1 |
9 | Ақкиізтоғай ауылы | 0,9 |
10 | Жаңа Қаратон кенті | 1,1 |