"Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" 2015 жылғы 7 тамыздағы № 916/8 және "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 916/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 тамыздағы № 846/8 Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 967/12 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 желтоқсанда № 37600 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 916/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4707 болып тіркелген);

      2) "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 916/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 846/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5235 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады