Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 916/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4707 болып тіркелген);
2) "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 916/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 846/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5235 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |