Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 362/50 "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 қазандағы № 235/41 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37240 болып тіркелді

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 362/50 "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жана редакцияда жазылсын:

      "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";

      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      шешімнің қосымшасы осы шешімге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланған күнінен кейін "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 235/41 шешіміне
қосымша
  Ақсу қалалық мәслихатының
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 362/50 шешімімен
бекітілген

Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен
көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша
әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 - бабы 5 - тармағына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.

      3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.

2-тарау. Бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      4. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен ақшалай нысанда көрсетіледі.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      7. Мамандарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73- бабына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынатын тізімдер сәйкес келмеген жағдайда ММ мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын алдын ала қабылданған шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ маманға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тізімдерді қарау нәтежелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдап, мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады