Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 166 "Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 90 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 мамырда № 10463-10 болып тіркелді

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 2 тамыздағы № 166 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24243 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген, Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қаматамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады