"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7815 болып тіркелген) қаулысы;
2) "Әкімдіктің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 "Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22989 болып тіркелген) қаулысы.
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауданының әкімі | К. Кеделбаев |
