Қостанай облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 314 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37282 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және атқарушы органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7700 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады